Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі»

04 шілде 2013, Бейсенбі
Сыныбы - 11«Б»Жаратылыстану - математика бағыты.
Қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: Б. Майлин «Шұғаның белгісі»

Сабақтың мақсаты:
1/Шығарманы меңгерте отырып, Б. Майлин туралы білімдерін тереңдету, жазушы шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.
2/Шығармадағы кейіпкерлерді талдай білуге төселдіре отырып, түйінді ой айтуға, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелей, жазушының жанр шеберлігіне жеткен биіктігін таныту.
3/хиқаяттың тәрбиелік жақтарын таба отырып, шығармашылық ізденіске, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімді жүйелеу, қорытындылау.
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СКТ, сұрақ - жауап, баяндау, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, сабаққа дайындығын бақылау

2. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырма слайдтармен көрсетіледі.
Үй жұмысы(1 - слайд)
- Проза дегеніміз не?
- хикаят дегеніміз не?
- хикаят кімнің атынан баяндалады? Берілген сұрақтар бойынша оқушы жауабы тыңдалады.
3. Түсіну. Сатылай кешенді талдау жасай отырып, оқушы өз дүниетанымын байытады. (2 - слайд)

Б. Майлин «Шұғаның белгісі»
1. Авторы – Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған.
2. Тақырыбы -
3. Эпикалық жанр түрі -
4. Идеясы -
5. Кейіпкерлер бейнесі:
Жағымды кейіпкерлер -
Жағымсыз кейіпкерлер -

4. Зерделеу. Бейімбет - ұлы суреткер (3 - слайд)
Шығарманың композициялық құрылымына әр оқушы талдау жасайды.
Оқиғаның басталуы: Әсем пейзаж. Обашық. «Тарғыл өгіз сойған»- «Шұғаның белгісі»қалай атанады?
Дамуы: «Сықырлауықтан сығалаған сұлу сезім». Әбдірахманды Шұғаның тұңғыш көруі.
Өрбуі: Адамдар тағдырына негізделген. «Махаббаттың маздаған отына су шашу»
Шиеленісуі: Екеуінің махаббаты
Шарықтау шегі: Ауру Шұға
Шешімі: Шұға десе Шұға еді - ау!. Үзілген үміт.

5. Мағынаны тану. Жазушының тіл шеберлігі.
Төменде кестеде берілген сөздердің мағынасын ашу. Семантикалық картаны толтыру (4 - слайд)
Берілген сөздер ----- тұрақты тіркестер ------ салт - дәстүр ------ көнерген сөздер ------ Туыстық атау
ақсүйек
белес
жесір
инедей қиянаты жоқ
қызойнақ
шаңымды аспанға шығарды
Обашық
болыс
Жүрегім тас төбеме шықты
бәйбіше
көпке топырақ шашу
алтыбақан
олжамнан қақты

6. Ой толғау. «Кім кінәлі?» (5 - слайд) Оқушыларға сұрақтар арқылы өз ойларымен бөлісу
1. Шұғаның өліміне кім кінәлі?
2. Жазушының пікірімен келісесің бе?
3. «Бұл күнде ондай қыз қайда? Ажарлы тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма, білмейсің ешкіге ұқсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой... иә...». Шығармадан алған пікірге қосыласыз ба?

7. Кітаппен жұмыс. Әбдірахман монологы
Бекіту сұрақтары:
-«Шұғаның белгісі» хикаятында жазушы шынайы түрде нені бейнеледі?
- Бүгінгі жастарымыз үшін қоғамда әлеуметтік әділетсіздіктер орын алған ба?
- Шұға Әбдірахман және тағы басқа жастар арман еткен азаттық, теңдікке не арқылы жеттік?
Қорытынды:
Тәуелсіздік

Теңдік
азаттық
еркіндік
бостандық

Қортынды: Олай болса тәуелсіздік таңы бізге бостандық, еркіндік, азаттық, теңдік сыйлады.
Үйге тапсырма: Шұғаның қазіргі замандас қыздарға хаты
Бағалау. Парта бойынша топ басшысы өз парталастарының сабаққа қатысын талдап, оқушыларды бағалайды.
54 334
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шұғаның белгісі
Шұғаның белгісі
Шығарманы меңгерте отырып, Б. Майлин туралы білімдерін тереңдету, жазушы шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.
Бейімбет Майлин «Айт күндері»
Бейімбет Майлин «Айт күндері»
Оқушыларды қазақ халқының салт – дәстүрлерімен таныстырып, құрметтей білуге тәрбиелеу. Әңгімеге сүйене отырып, айт мерекесі жайында түсініктерін молайту.
Күлпаш
Күлпаш
Бейімбет Майлин туралы түсінік беру. Күлпаш әңгімесін талдап мазмұнынашу. Оқыған әңгіме туралы өз пікірін айту, оны дәлелдей білу
Бейімбет Майлин «Күлпаш»
Бейімбет Майлин «Күлпаш»
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» повесі
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» повесі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №20 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байғалиева Нурия Аманжолқызы
"Күлпаш" Бейімбет Майлин
"Күлпаш" Бейімбет Майлин
Жалмуханова Балауса Хоныспаевна Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Атырау қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×