Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» повесі

31 қазан 2013, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» повесі.

Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіре отырып, шығарма мазмұнын, идеясын толық білуіне жағдай туғызу. Жазушының жеткен биігін, шеберлігін тану.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Топтық, жекелеген жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың ой - өрісін, таным, шығармашылық қабілеттерін дамыту; өз ой - пікірлерін көркем жеткізе білуге үйрету; шығарманың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы жазушы шеберлігіне көз жеткізу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Повестің тәрбиелік жақтарын табу, адалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, пікіралмасу, іздендіру, кейіпкерге талдау жасау.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері, шешендік өнер.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, жазушы кітаптары, суреттер, жазушы жайлы пікірлер.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудару.

Сабақ жоспары:
1. «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді...» (үй тапсырмасы)
2. «Білген сайын келеді, біле бергім...» (жаңа сабақ)
3. «Даналық сөзден дән ізде» (мәтінмен жұмыс)
4. Нені үйрендім, нені білдім? (сабақты бекіту)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Шолу сұрақтары арқылы тексеру, еске түсіру.
- Б. Майлин поэзиясының қадір - қасиеті неде?
- Майлин жырлаған қазақ ауылы қандай?
- Бейімбеттің әйел теңдігін жырлаған шығармаларын ата.
- Замандастары мен қаламдастары Майлин туралы не айтқан?

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
1. Тақырыпты хабарлау, мақсат қою.
2. Б. Майлин «Шұғаның белгісі» повесі
2. Сабақтың эпиграфы «Кім білмейді»
«Майдан», «Жалбыр», «Шұғаны?»
Бейімбетті айтқызбай жұрт ұғады.
Қаламынан өріп жатқан шығарма
Біреуінен бірі артық боп шығады.

3. Кіріспе әңгіме (шығарманың жазылу тарихына тоқталу)
«Шұғаның белгісі» хикаятының жазылуы жайлы мәлімет беруші Бейімбеттің бірге оқыған досы, башқұрт халқының көрнекті ақыны Сәйфи Құдаш 1916 жылдың ақпан айының аяқ кезінде Уфадағы медресе Ғалиядағы тіл мен әдебиет мұғалімі Ғалымжан Ибрагимов шәкірттеріне қалаған тақырыптарына шығарма жазып келуді тапсырғанын, сонда Бейімбет «Шұғаның белгісін» ұсынғанын» айтады. «Бимағамбет Майлиннің хикаясы, менің пікірімше, дейді ол,- сол уақытта жазылған шығармалар арасындағы ең көлемді және жақсысы еді. Ол қазақ тілінде Бимағамбеттің өз редакторлығымен шығып тұрған қолжазба «Садақ» журналында жарияланды.»

5. Оқушыларға хикаятпен танысып келу тапсырылған, оқушылар хикаяттың әр бөліміне ат қойып, шығарма сюжеті негізінде қысқаша мазмұнын айтады.
1. Қос жолаушы
2. Бай қызы Шұға
3. Алғашқы кездесу
4. Учитель Әбдірахман
5. Ұйғарым
6. Қызықты күндер
7. Айнабайдың бүлігі
8. Ғашық жүрек (хат)
9. Тосқауыл
10. Жабылған жала
11. Қоштасу
12. Шұғаның айықпас дерті
13. Үзілген үміт. Соңғы хат. «Шұғаның белгісі»

6. Топтық жұмыстар (кесте)

ІҮ Жаңа сабақты бекіту
1) Жұптық жымыстар орындату;
* шығармадағы тұрақты тіркестерді табу;
*туыстық атаулар мен жер - су атаулары;
*шығармадағы салт - дәстүр;
*тарихи - көнерген сөздерді табу;
*теңеулерді табу;
*шағын көрініс «Алғашқы кездесу»
2) Кейіпкерге септеу (Шұға, Әбдірахман, т. б.)
А. с. Шұға - Есімбек байдың сұлу қызы
І. с. «Шұғаның белгісі»- махаббаттың белгісі
Б. с. Шұғаға жігіт біткеннің бәрі ынтық
Т. с. Шұғаны Әбдірахман шын сүйді.
Ж. с. Шұғада қазақ қыздарына тән асыл қасиеттер көп
Ш. с. Шұғадан біз үлгі аламыз
К. с. Шұғамен қазақ қыздары мақтана алады.
3) Ауызша сұхбат (шағын пікірталас)
* Жазушының ойымен келісесіз бе?
... Бұл күнде ондай қыз қайда? Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма, білмейсің, ешкіге ұқсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой... Иә...
* Қыз бен жігіт арасындағы шынайы махаббаттың өміршеңдігіне мысал келтіре аласыздар ма?

V Үйге тапсырма: Шұғаның қазіргі замандас қыздарға хаты (болашаққа хаты)
VI Бағалау

VII Қорытындылау Сабағымызды ұлы сөз зергеріміз Ғ. Мүсіреповтің: «Жазушы үшін кейіпкердің үлкен - кішісі болмайды. Мәселе оны қалай суреттеп шығуында. Бейімбеттің бұл жөнінен төрт құбыласы сай. Кейбір әдебиетшілер осы мәселенің байыбына бара алмай жүр. Бейімбетті тани алмау – ештемені тани алмау...» деген сөзімен қорытындыласақ дегім келеді.
36 017
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шұғаның белгісі
Шұғаның белгісі
Шығарманы меңгерте отырып, Б. Майлин туралы білімдерін тереңдету, жазушы шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.
Бейімбет Майлин «Айт күндері»
Бейімбет Майлин «Айт күндері»
Оқушыларды қазақ халқының салт – дәстүрлерімен таныстырып, құрметтей білуге тәрбиелеу. Әңгімеге сүйене отырып, айт мерекесі жайында түсініктерін молайту.
Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі
Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі
«Айранбай» әңгімесі арқылы сол кездегі қазақ тұрмысы және оның шынайы көрінісімен танысу; дамытушылық - жазушы тілін зерттеу; тәрбиелік – еңбекке, намысшылдыққа баулу.
Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі
Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы «Благовещенка № 2 орта мектебі» қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қамытаякова Мира Сериковна
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі»
Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі»
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Арыстанғалиева Анар Алтыбайқызы
"Күлпаш" Бейімбет Майлин
"Күлпаш" Бейімбет Майлин
Жалмуханова Балауса Хоныспаевна Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Атырау қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×