Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен сабақтар топтамасы

10 ақпан 2014, Дүйсенбі
1. Үстеудің құрамдық түрлері
2. Үстеу. Үстеу туралы түсінік
3. Мезгіл үстеу

Сабақтың тақырыбы: Мезгіл үстеу.
Жалпы мақсаты: Сөйлем ішінен мезгіл үстеуді тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге жетелеу. Өз ойын еркін жеткізуге бағыт беру. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру

Мұғалімнің іс - әрекеті
Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылармен ортаға дөңгеленіп тұрамыз, қызыл түсті қағазды бір - бірімізге тілек айта отырып беріп шығамыз. Оқушыларды топқа бөлу үшін 1, 2, 3, 4 деген жазуы бар қағаздарды таратамын. 4 топқа оқушылар топтасады. Әр топтың басшысы, хатшысы, баяндамашысы бар. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау негізінде оқушыларды бағалау парағымен таныстырамын, бағалау парағын әр топтың басшысына беремін

Үй тапсырмасын тексеру. 2 мин.
273 - жаттығудың орындалуын тексеру. Сурет бойынша мәтін құрау.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін қолдану.
Миға шабуыл. 2 мин.
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
- 9 зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш сөз, шылау, одағай.
- Үстеу қандай сөз табы?
- Үстеудің құрамдық түрлері қандай?

Жаңа сабақты постерде қорғау. Сыни тұрғыдан ойлауды қолдану. Топпен жұмыс.
10 мин.
275 - жаттығу. Ә) Берілген сөйлемдерді көшіріп жазу, үстеудің қалай жасалғанын айту. 5 мин.

Сергіту сәті. Бір - біріне жақсы тілек айтып, сәттілік тілеу. 3 мин.
Деңгейлік тапсырмалар. 10 мин.
А деңгейінің тапсырмасы:
1. Үстеу туралы айт және мысал келтір.
2. Мәтіннен үстеулерді тауып, мағынасын түрлеріне қарай ажырат.
Түн ортасы ауа жел бәсеңдеп, бұлт ыдырай бастады. Әр жерде әлденемен шұғылданып ербеңдеген кісі. Сол бір тұста күбірлескен екі адамның сыбыры естілді, біз ілгері жүріп кеттік.
3. Төмендегі үстеулердің екеуін қатыстырып сөйлем құра. Биыл, былтыр, бүрсігүні, қолма - қол, тым, дәл, қаннен - қаперсіз.
Б деңгейінің тапсырмасы:
1. Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінетінін айт.
2. Құрамында мезгіл үстеуі бар мақал жаз. Мысалы: Ақылдының бірінші ісі кеше тынған.
3. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті үстеуді қойып жаз.
Адам деген... қиындыққа төзеді деп кім ойлаған. Вагон ішіндегі адамның көптігі... бөшкеге толтырып салған балықтай екен. Әр жерден... сөздер, ат айдаған дыбыстар естіледі.
С деңгейінің тапсырмасы:
1. Үстеуге мақал - мәтелден мысал келтір.
2. Ішінде үстеуі бар жаңылтпаш шығарып көр.

Сыныптағы дарынды және талантты балаларды оқытуды қолдану.
Қосымша тапсырма
Қазақтың билері айтқан бір шешендік сөзін әңгімелеп бер, ішінен үстеуді тап.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 489
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мезгіл үстеу
Мезгіл үстеу
Оқушыларды мезгіл үстеулері, оған қойылатын сұрақтармен таныстыру; үстеулердің мағыналық түрлері туралы алғашқы білімдерін қалыптастыру; мезгіл үстеулерін қатыстырып сөйлем құрастыра білуге және сөйлем ішінен таба алуға үйрету.
Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу
Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу
Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Мезгіл үстеу
Мезгіл үстеу
Сөйлем ішінен мезгіл үстеуді тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге жетелеу. Өз ойын еркін жеткізуге бағыт беру. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Үстеу туралы қайталау
Үстеу туралы қайталау
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы, М. Маметова атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Орынтаева Гульзайран Амангельдиновна
Кім жүйрік?
Кім жүйрік?
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары
Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары
Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Бидайық орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Маликова Айнұр Кеңесбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×