Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары

24 қаңтар 2014, Жұма
Сабақ тақырыбы: Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары
Сабақ мақсаты: Үстеудің басқа сөз таптарынан ерекшелігін, мағыналық топтарын ажырата білуге, сөйлем ішіндегі қызметін анықтай білуіне үйрету.
топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады, өзгені мұқият тыңдап, үстеу тақырыбын меңгереді.
Сабақ барысы:
- Балалар, кімнің көңіл - күйі жақсы? Қол көтереміз!
- Кімнің достары бар?
- Бүгін сабақта не істейтінімізді кім біледі?
- Сабақта не істейтінімізді кім білмейді?
- Қазір назарларыңа шағын видеофильм ұсынамын. Назар қойып бақылаймыз.
- Шағын видеоклип бойынша сұраққа жауап берейік.
- Оқиға қай кезде болды?
- Құмырсқалар қалай жүрді?
- Құмырсқалар қанша қант тасыды?
- Олар қандай жәндіктер?
- Қанша уақыт еңбектенді?
- Қантты не үшін тасыды?
- Сендер өз жауаптарыңда қолданған сөздерді үстеу дейміз. Үстеу - іс - әрекеттің орнын, мөлшерін, мезгілін, мақсатын білдіретін сөз табы.
Тақырыпты жалғастыру үшін үш топқа бөлінеміз.

1 топ тапсырмасы
Үстеу құрамына қарай 2 - ге бөлінеді.
Дара
Күрделі

Үстеулерді топтастыр
Зорға, бүгін, әрең, қасақана, амалсыздан, кейде, балаша, күні бойы, ең, кеше, бұрын, таңертең, кешке дейін, емін - еркін, бекер, жоғары, көп, жаздыгүні

Үстеу тұлғасына қарай 2 - ге бөлінеді.
Негізгі
Туынды

Үстеулерді топтастыр
Өте, қазір, қыстай, түнде, әрең, сәбише, бірге, босқа, осылайша, бекерге, нағыз, осында, баяғыда, тым, көзінше, жазбайынша, жорта, аз, кеше

Сұрақтарға жауап бер

1. Үстеу дегеніміз не?
2. Күрделі үстеу дегеніміз не?
3. Туынды үстеу деген не?

2 топ тапсырмасы
.......................
Берілген үстеулерді топтастыр
Жоғары, кеше, аз, кеше, зорға, амалсыздан, бекер, тым, әжептәуір, зорға, түнде, аса, әдейі, біршама, бекер, таңертең, осында, кезекпен, босқа, ең

Үстеулерді сәйкестендір
Мекен мезгіл себеп - салдар қимыл - сын мөлшер күшейткіш мақсат
Емін - еркін көп ілгері әдейі босқа бұрын өте

Сұрақтарға жауап бер
1. Үстеулер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
2. Әрқайсысы қандай сұраққа жауап береді?
3. Қай үстеудің түрі сын есімнің асырмалы шырайын құруға қатысады?

3 топ тапсырмасы
Берілген сөйлемдердің ішінен үстеуді тауып, сөйлемдегі қызметін анықта
Мен амалсыздан үйге кеттім. Данышпандар ертеңгіні ескере, көре сөйлейді. Бүгін - Ұлыстың ұлы күні. Мен сенімен біргемін. Жақсылықтың ертең - кеші жоқ. Ол кейінірек барады. Ол мені кешеден тосып жүр. Мен елімнің ертеңімін. Оңашада жылап та алдым. Аса қадірлі қонақтарды күттім.

Сөйлемде берілген бір үстеуге морфологиялық талдау жаса
Сөз табы
Сұрағы
Тұлғасына қарай
Құрамына қарай
Мағынасына қарай
Сөйлемде

Сұрақтарға жауап бер
Үстеу қай сөйлем мүшесі қызметін атқарады?
Мезгіл үстеудің сөйлемдегі қызметі?
Күшейткіш үстеу қай сөз табымен тіркесе бір сөйлем мүшесі болады?
Қорытынды: Әр топ тақырып бойынша «Үш қалың, үш жұқа сұрақтар» құрастырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 123
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мезгіл үстеу
Мезгіл үстеу
Оқушыларды мезгіл үстеулері, оған қойылатын сұрақтармен таныстыру; үстеулердің мағыналық түрлері туралы алғашқы білімдерін қалыптастыру; мезгіл үстеулерін қатыстырып сөйлем құрастыра білуге және сөйлем ішінен таба алуға үйрету.
Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу
Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу
Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Мекен үстеу
Мекен үстеу
ОҚО Шымкент қаласы Бастауыш сынып мұғалімі: Унгарбекова Бақыткүл
Үстеу
Үстеу
Алматы қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абишева Зульфия Нопирбаевна
Үстеудің мағыналық түрлері
Үстеудің мағыналық түрлері
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, №7 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алдабергенова Айжан Бериковна
Кім жүйрік?
Кім жүйрік?
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×