Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Неліктен маған және менің мектебіме өзгеріс қажет? (рефлексиялық есеп)

26 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Неліктен маған және менің мектебіме өзгеріс қажет?

Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктерінің бірі болып отырғаны баршамызға белгілі. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» [мұғалімге арналған нұсқаулық - 5 бет]. Сапалы білім және саналы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл - ой белсенділігін дамыту болып табылады. Себебі, білімді жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады.
Алдымен әлемдік білім беру жүйесіндегі реформалау үдерістеріне тоқтала кетсек.

Қазіргі кезеңде елдердің бір - бірінен салыстырмалы тұрғыдағы артықшылығы, бәсекелестік күш - қуаты олардың табиғи ресурстарымен емес көбінесе адам капиталымен, инновациялық технологияларды және ақпарат ағымын ұтымды пайдаланумен анықталып отыр.
Білімі мен технологиясы жедел өрлеп, экономикалық және қоғамдық тұрақты даму жолына түскен Финляндия, Сингапур, Жапония сияқты елдердің тарихи тәжірибелері осының айқын дәлелі.

Финляндия елінің білім беру үлгісіндегі басты ерекшелік - білім берудің үздіксіз жүйесін қолдануында болса керек. Финляндияда ең бастысы балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуына үлкен назар аударылған. Фин оқушыларының басым бөлігі, тіпті түгелге жуығы ең алғашқы оқу табалдырығын аттап, мектеп партасына жайғаспас бұрын алдымен, балабақшадағы дайындық тәрбиесімен сусындайды. Мектепке дейінгі дайындық білімімен ауыздандыру мәселесіне үлкен назар аударылатыны соншалықты, кей жағдайда осы төңіректе қоғамдық пікірталастар, проблемалар ашық, бұқаралық талқыға шығарылып отырады екен. «Баланы бесіктен» бастап біліммен емізу, білімге қарай икемді етіп, «бағып - қағу» дегеніңіз осы шығар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 721
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу
ХХІ ғасыр «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін - өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді.
Білімді жастар - еліміздің болашағы
Білімді жастар - еліміздің болашағы
Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл - парасаты мол, мәдени - ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу.
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Астана қаласы, №64 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Арпабаева Баян Габбасовна
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Семей қаласы, ЖОББМ № 22 № 2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна
Келешекке кемел біліммен
Келешекке кемел біліммен
Жастар мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік құрылымындағы маңызды топ болып табылады. Ресми мәліметтерге қарасақ, республика халқының 28 пайызына жуығын жастар құрайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×