Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу

06 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
"Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу"

Басты байлық – адам, ал адам байлығы – білім. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. ХХІ ғасыр - білекке емес - білімге, күшке емес - епке тоқтаған заман. Мына логикалық тапсырмаға назар аударайық: 9 нүктені 4 сызықпен басып өту керек. Негізгі ой – стандартталып қалған күйден шығып, кең көлемде және жаңаша ойлау. Себебі бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі - білім беруді түбегейлі өзгерту. Әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, мұғалімдер үшін де ең басты маңызды мәселе болып отырғаны: «21 ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды 21 ғасырға қалай дайындайды?»

Тәуелсіздік алғалы Қазақстан білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударып, осы салаға барынша назар аударуда. «Қазақстанның адам капиталының сапалық өсімінің басты кепілі - білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту жолында біз келесідей шараларды атқаруымыз керек: білім беру үдерісіне заманауи технологиялар мен әдістерді енгізу қажет», - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік деңгейде жетілдіруге ықпал жасауда. Cоған байланысты Қазақстанда қазіргі қызмет етіп жүрген мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі түбірімен қайта қарастырылды. Осы бағытта әлем елдерінің білім беру тәжірибесінің озық үлгілерінің бірі Англияның Кембридж университетінің тәсілдеріне негізделген оқытудың «Кембридж тәсілі» елімізде "Өрлеу" Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының мұғалімдерге арналған 3 айлық курстары арқылы бұл мәселені шешуде.

Бағдарламаның негізгі мақсаты:
• Қазақстандық мұғалімдердің әлемдік білім кеңістігіне ену үшін заман талабына сай үздіксіз білімі мен кәсіби біліктілігін дамытуына көмектесу. Себебі мұғалім - қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға болуы керек.
• Келесі бір мақсаты бүгінгі күннің талабы болып отырған оқытудың инновациялық технологияларының тиімді әдіс - тәсілдерін меңгерту.
Сергіту сәті: «Желілік қоғамдастық»
Әлем жылдам өзгеруде, бұл қарқынмен мұғалімдер де өзгеріп отыру қажет. Себебі мектеп жұмыс мен оқушы жетістіктерін өзгертудегі негізгі тұлға – мұғалім. Сондықтан да өз құзыреттілігі мен кәсіби дамуы үшін әлемдік желілік байланыста болу шарт. Сонымен қатар мұғалім:
1. Мұғалімнің өз пәнін жетік білуі керек.
2. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын білуі керек
3. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін игеруі қажет. Себебі сапалы білім беру осы 3 элементке негізделеді.
Заманауи тәсілдің негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде өмірде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 719
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Инновациялық технологиялар
Инновациялық технологиялар
Өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар мамандар қажет десек, осы жолда орта кәсіптік білім беру – мемлекеттік саясаттың ауқымды да маңызды бағыты болып табылады.
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Астана қаласы, №64 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Арпабаева Баян Габбасовна
Баяндама. Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың ерекшеліктері
Баяндама. Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңының» 8 - бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен.
Неліктен маған және менің мектебіме өзгеріс қажет? (рефлексиялық есеп)
Неліктен маған және менің мектебіме өзгеріс қажет? (рефлексиялық есеп)
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ө. Жаңабаев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Шанбаева Асем Сабеновна
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Оқытуда инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану
Оқытуда инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану
Мукажанова Камила Шакеновна «Георгиевка орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы, Қалбатау ауылы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×