Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңлік – Кебек пьесасы

09 мам 2015, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
11 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Еңлік – Кебек» пьесасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Пьеса туралы түсінігін молайту, тақырыбы мен идеясын ашу, ой жинақтау;
Дамытушылық: Оқушының ой - өрісін, шапшаң ойлау дағдысын, бір - бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастыру, әдеби дүниетанымын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылығын, шығармашылық ізденісін, зейінін арттыру;
Тәрбиелік: Ұжымдасып еңбек етуге, дұрыс сөйлеу әдебін меңгертуге, жауапкершілікке, жинақылыққа тәрбиелеу, еркін сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, музыка
Құрал - жабдықтар: түрлі - түсті стикерлер (төртбұрышты, алма кесінді), А 3 форматтағы флипчарт қағазы, түрлі - түсті маркер бояулары, бағалау парақшалары, А 3 форматтағы алма ағашы салынған сурет, топ атаулары жазылған бұрыштамалар;
Оқудан күтілетін нәтиже:
1. Бұрын алған білімдерін шындайды;
2. Жаңа ақпарат алу арқылы өз білімдерін жетілдіреді;
3. Тапсырмаларды орындау арқылы сын тұрғысынан ойлауға, өз ойын толық, әрі нақты жеткізе білуге үйретеді;
4. Топтық жұмыстар арқылы оқушылар бір - бірлерімен тілдесіп, ой бөлісіп, бірлесіп жұмыс істеуге ұмтылады;
5. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында диалог құрылып, сабақтың жүйелі әрі тиімді өтуіне септігін тигізеді.
Сілтеме: 11 – сыныптың қазақ әдебиеті оқулығы. Авторы: Р. Бердібай, Р. Нұрғали, Б. Ыбырайм Алматы қ. «Мектеп» 2011 ж.
Қамтылатын модульдер:
1 - модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топтық жұмыс), 2 - модуль Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (Блум таксаномиясы жүйесі бойынша оқыту, диалогтік оқыту, «Миға шабуыл» әдісі, түртіп алу, «Жылдар сөйлейді» әдісі, сюжеттік - композициялық құрылым, «Ойыңды жалғастыр», кейіпкерлер бейнесін ашу, «БББ» немесе маркировка кестесі, ЭССЕ), 3 - модуль Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау (бағалау критерийлері арқылы оқушылардың өзін - өзі бағалауы), 4 – модуль (АКТ пайдалану (интербелсенді тақтаны қолдану, ActivInspire - Studio бағдарламасы) 5 модуль талантты және дарынды балаларды оқыту (ізденушілік жұмыс, шығармашылық жұмыс), 7 модуль көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру);
Негізі дереккөздер, ресурстар: ғаламтордан жүктелген «Ғажайып туынды» атты бағдарламасынан түсірілген бейнежазба (Еңлік - Кебек шығармасының шығу тарихы туралы ақпарат беріледі), Еңлік – Кебек пьесасындағы бесінші суреттің көрініс түріндегі қойылымы (бейнежазба), «Ұлттық шоу» бағдарламасынан түсірілген Али Окапотвың орындауындағы «Еңлік - Кебек» әні(бейнебаян);

Қадамдар:
1. Сыныптың психологиялық ахуалын орнату;
2. Түрлі - түсті стикерлер арқылы оқушыларды топқа бөлу, топ атауын беру, топ басшысын тағайындау, сабақ кезеңдері жазылған бағалау парағын ұсыну;
3. Топтық жұмыс. Тақырыпты сөзжұмбақты шешу арқылы ашу;
4. «Еңлік - Кебек» пьесасының шығу тарихы туралы бейнежазбаны көрсету;
5. Топтық жұмыс «Жылдар сөйлейді»;
6. Оқушылардың дайындап келген көрінісін тамашалау (Еңлік - Кебек песасының екінші суретінен алынған үзінділер қойылымы, оқулықтан тыс, ізденушілік, шығармашылық жұмыс)
7. Топтық жұмыс. Шығарманың сюжеттік – композициялық құрылымын жасау, оқиғаның әр кезеңін қысқаша әңгімелеу;
8. Топтық жұмыс. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашу (флипчарт қағазымен орындалатын жұмыс түрі)
9. Жеке жұмыс. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы бесінші суретті бейне көрініс арқылы тамашалау, «Ойыңды жалғастыр» әдісімен аяғына дейін көрсетілмеген көріністі ары қарай өз ойымен сюжет желісін аяқтау; шығарманың идеясы мен тақырыбын ашу;
10. Жеке жұмыс «БББ» немесе маркировка кестесін толтыру;
11. Топ басшысы және топ мүшелері өзін - өзі бағалауы, мұғалімнің қорытынды бағасы;
12. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс орнату;
13. Үй тапсырмасын түсіндіру;

Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. «Жүректен жүрекке» тренингін өткізу;
2. Топқа бөлу, ережесімен таныстыру, басшы тағайындау.
3. Тақырыпты ашуда сөзжұмбақты шешкізу;
4. Алдын ала тапсырманың орындалу барысын түсіндіру, бейнежазбаны көрсету, осының негізінде тапсырма беру;
5. Поэзия сәтін ұйымдастыру;
6. Сабақтың әр кезеңінде оқушылармен диалогтік қарым - қатынаста болу; сабақ барысында жоғары және төмен дәрежелі сұрақтарды қою, сұрақтың әртүрлі техникаларын (түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау) пайдалану;
7. Оқушылардың орындап жатқан жұмыстарын қадағалап, керек кезінде ой тастау;
8. Бақылау, бағалау, сабақтың әр кезеңінде оқушыларды ынталандыру.

Оқушының іс - әрекеті:
1. Тренинг өткізу барысында оқушылардың бір - бірлеріне жақсы тілектерін, ниеттерін білдіруі;
2. Сөзжұмбақты шешу;
3. Бейнежазбаны тамашалау, алған ақпаратты түртіп алу, кейін «Жылдар сөйлейді» тапсырмасында берілген даталарды сөйлету;
4. Дайындап келген көріністерін көрсету;
5. Шығарманың сюжеттік - композициялық құрылымын жасау, қысқаша әңгімелеу;
6. Постер қағазына түсіру арқылы кейіпкерлер бейнесін ашу, орындаған жұмысын қорғау;
7. Оқулықпен жұмыс. Көріністі тамашалау, «ойыңды жалғастыр» әдісімен оқиға желісі немен аяқталатынын өз ойымен түсіндіріп әңгімелеп беру, шығарманың идеясы мен тақырыбын ашу;
8. Мұғаліммен, оқушылармен диалогтік байланысқа түсу;
9. «БББ» немесе маркировка кестесін толтыру;
10. Сабаққа белсенді ат салысу, өз ойын ортаға салу;
11. Өзін - өзі бағалау;

Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын құру. «Жүректен жүрекке» деп аталатын тренингін өткізу; (Оқушыларды шеңберге тұрғызып қойып, алдын ала жүрек формасындағы стикер қағаздарына жазылған тілектерін бір - бірлеріне тілеп ұсынады).
2. Оқушыларды түрлі - түсті стикерлер арқылы екі топқа бөлу, топ басшысын тағайындау, бағалау парағын ұсыну, сөзжұмбақ арқылы тақырып ашылғаннан кейін топтардың атауларын беру;

Жаңа сабақ:
Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашу мақсатында алдарыңызға берілген сөзжұмбақты шешейік, жасырын тұрған сөздерді ашқаннан соң бүгінгі сабағымыздың тақырыбы тігінен шығады. Бірінші топ алғашқы көлденен қойылған сұрақтарға жауап береді, ал екінші топ төменгі қойылған сұрақтарға жауап береді.

Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1. Қашан? Қай кезде? Қашаннан бері? деген сұрақтарға жауап беретін сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі? (мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем)
2. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып екінші сөйлемге бағына байланысады, ендеше екінші сөйлемнің сыңар атауын табыңдар? (басыңқы)
3. Мұң мен өкінішке толы өлең. (элегия)
4. Билеті барлар орындарына жайғасты. Сөйлеміндегі «билеті барлар» мүшесі құрылысына қарай қандай? (үйірлі)
5. Етістіктің мағыналық ерекше түрі, оның үш жасалу жолы бар? (көсемше)

Екінші топтың сұрақтары:
1. Есім сөздердің орнына жүретін сөз табы (есімдік)
2. Затты не құбылысты айшықты, бейнелі таныту үшін оны екінші бір ұқсас затқа, құбылысқа балау тәсілі (метафора)
3. Мына үзінді қай ақындікі? Үзінді өлеңі оқылады. (Шортанбай)
4. Абайдың философиялық бағыттағы прозалық шығармасы (қара сөздер)
5. Драмалық шығармаларда кейіпкер атынан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 928
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңлік - Кебек дастаны, тақырыбы, идеясы
Еңлік - Кебек дастаны, тақырыбы, идеясы
Шәкәрім мұрасын тереңдей оқытып үйрету, дастанның мазмұны мен идеясын таныту, көркемдік ерекшелігін ашу. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Топ мүшелерінің сын тұрғысынан ойлауға бағыттай отырып, өз ойларын айтуға, жаңа тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік алу.
Ыбырай Алтынсарин өмірі, шығармашылығы
Ыбырай Алтынсарин өмірі, шығармашылығы
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, өлеңдеріне, әңгімелеріне, нақыл сөздеріне тоқталу, мағынасын ашу, жан - жақты талдау жасау, бұрынғы алған білімдерін пысықтау; Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясымен берілген тапсырмаларды
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Еңілік – Кебек” дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Еңілік – Кебек” дастаны
Поэмадағы ең негізгі мәселелер мен ең негізгі тартыстарды қарастыра отырып, феодалдық әдет - салт, заңның құрбаны болған Еңлік пен Кебектің бейнесін ашу, поэманың композициялық құрылымы мен көркемдік ерекшелігін таныту
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Атырау қаласы, Геолог селосы, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Хисамеденова Айсұлу Сайлаубайқызы
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасы
Аламты облысы, Ескелді ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп - гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Үсенұлы Қанатбек
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×