Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин өмірі, шығармашылығы

14 желтоқсан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ әдебиеті 10 сынып
Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин өмірі, шығармашылығы
Мақсаты:
Білімділік: Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, өлеңдеріне, әңгімелеріне, нақыл сөздеріне тоқталу, мағынасын ашу, жан - жақты талдау жасау, бұрынғы алған білімдерін пысықтау;
Дамытушылық: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясымен берілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін, ойын ашық айта білу және өз пікірін қорғай алу қабілеттерін дамыту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу; сөз құдіретін сезінуге жетелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Құрал - жабдықтар: жүрек кескінді түрлі - түсті стикерлер, маркер бояулары, үлестірмелі парақшалар, топ атауы жазылған бұрыштамалар.
Оқудан күтілетін нәтиже:
• Төменгі сыныптан алған білімдерін пысықтайды;
• Жаңа ақпарат алу арқылы білімдерін толықтырады;
• Тапсырмаларды орындауда ізденушілік, шығармашылық жұмысқа шындалады;
• Топтық жұмыстар арқылы оқушылар бір - бірлерімен тілдесіп, ой бөлісіп, бірлесіп жұмыс істеуге ұмтылады;
• Диалогтік оқыту арқылы мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында байланыс болады, сабақтың жүйелі өтуіне ықпал етеді.
Сілтеме: 10 – ыншы сыныптың қазақ әдебиеті оқулығы.
Негізгі дереккөздер, ресурстар: ғаламтордан жүктелген «Ыбырай өмірі, шығармашылығы, ағартушылық қызметі» тақырыбында бейнежазба mp4, «Ыбырайдың аталы сөзі» бейнежазба mp4.
Қамтылатын модульдер:
1 - інші модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Жүректен жүрекке» тренинг, топтық жұмыс), 2 - інші модуль Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (Блум таксономиясы жүйесі, диалогтік оқыту, «жылдар сөйлейді» түртіп алу, эвристикалық (іздендіру), бес жолды стратегия, сатылай кешенді талдау, сюжеттік - композициялық құрылым жасау6 РАФТ, даналық ағашы), 3 - модуль Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау (бағалау критерийлері арқылы оқушылардың өзін - өзі бағалауы), 4 – інші модуль (АКТ пайдалану (интербелсенді тақтаны қолдану), PowerPoint, ActivInspire - Studio бағдарламасы) 5 - інші модуль талантты және дарынды балаларды оқыту (ізденушілік жұмыс, шығармашылық жұмыс, жоба қорғау), 6 модуль оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оыту және оқу(үлестірмелі парақшалармен жұмыс) 7 - інші модуль көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру);
Қадамдар:
1. Сыныптың психологиялық ахуалын орнату;
2. Оқушыларды топқа бөлу, топ атауын беру, топ басшысын тағайындау, сабақ кезеңдері жазылған бағалау парағын ұсыну;
3. Мұғалімнің кіріспе сөзі
4. Бейнежазбаны көру, керекті ақпаратты түртіп алу;
5. «Жылдар сөйлейді»;
6. «Ыбырай - балалар әдебиетінің атасы» тақырыбында жоба қорғау;
7. Поэзия сәті;
8. Шығармаға сатылай кешенді талдау;
9. Көрініс көру;
10. «Бақша ағаштары» әңгімесі бойынша cюжеттік - композициялық құрылым жасау;
11. Ыбырайдың аталы сөзі;
12. Постер қорғау;
13. РАФТ;
14. Бес жолды өлең;
15. Топ басшысы және топ мүшелері өзін - өзі бағалауы, мұғалімнің жиынтық бағасы;
16. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс орнату;
17. Үй тапсырмасын түсіндіру.
Ұйымдастыру кезеңі:
1). Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын құру. «Жүректен жүрекке» деп аталатын тренингін өткізу; (Оқушыларды шеңберге тұрғызып қойып, алдын ала жүрек формасындағы стикер қағаздарына жазылған тілектерін бір - бірлеріне тілеп ұсынады).
2). Оқушыларды екі топқа бөлу, топ басшысын тағайындау, бағалау парағын ұсыну, топтардың атауларын беру;
Жаңа сабақ:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Ыбырай Алтынсарин өмірі, қызметтік жолы туралы бейнежазбаны көрейік және дәптерлеріне ақпаратты түртіп алайық. (интербелсенді тақтада Ыбырай туралы бейнежазба көрсетіледі).
1).«Жылдар сөйлейді» стартегиясымен берілген ақпаратты оқушылар қаншалықты қабылдағанын, түсінгенін тексеру.(интербелсенді тақтада жылдар беріледі)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 488
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр - сырларын меңгертіп, мазмұнына, тереңдей бойлату, өлеңдеріне жан - жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.
Ыбырай өлеңдерінің тақырыптары
Ыбырай өлеңдерінің тақырыптары
Атырау қаласы, Геолог селосы, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Хисамеденова Айсұлу Сайлаубайқызы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Ағартушы ұстаз жазушы, этнограф
Ағартушы ұстаз жазушы, этнограф
Қарағанды облысы шет ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп - гимназиясы Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Камалова Толқын Нұрмұхамедқызы Сабақтың тақырыбы: Ағартушы ұстаз, жазушы, этнограф Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×