Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұ дыбысы мен әрпі

23 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы,
Майшұқыр негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Туребекова Айгерім Маратқызы

Әліппе 1 - сынып
Тақырыбы: «Ұұ дыбысы мен әрпі»
Сілтеме: жоспар, презентация.
Мақсаты: оқушылардың Ұ дыбысы мен әрпімен танысуы, сөз ішіндегі дыбыстың жуан дауысты екенін ұғынуы және сөздік қорының кеңеюі.
Күтілетін нәтиже: оқушылар Ұұ дыбысы мен әрпімен танысады, сөз ішіндегі дыбыстың жуан дауысты екенін ұғынады және сөздік қоры кеңейеді.
Сабақтың әдісі: БЛУМ таксономиясы
Сабақтың көрнекілігі: презентация, ұн, ұршық, құрт
Дереккөз: ғаламтор, оқулық, оқыту әдістемесі,
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті
Тренинг «Шаттық шеңбері»
Оқушылар ортаға шығады.
Қуанайық мен де,
Қуанайық сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге

Білу
Жұмбақтар шешкізу
1. Әжемнің қолында шыр айналар,
Шыр айналса, өзіне шыр байланар.
(Ұршық)
2. Білімнің жолбасшысы,
Шәкірттің қолбасшысы (Ұстаз)
3. Құстай ұшар
Қанатты тұлпар. (ұшақ)
- Балалар, сендер мына затты бұрын көріп пе едіңдер? - Бұл ұршық деген зат. Ұршықпен жіп иіреді. Жіпті малдың жүнінен жасайды. Ал, жүнді малды қырқу арқылы алады. Малдың жүнін қырықтық деген құралмен қырқады. Ертеде фабрикалар болмағанда, жіп жасауға тек осы ұршық затын пайдаланған.

Түсіну
- Ұршық, ұстаз, ұшақ сөздері қай дыбыстан басталып тұр?
- Олай болса, біз бүгін Ұ ұ дыбысымен танысымыз.
- Бәріміз Ұ дыбысын айтып көрейік.
- Ол қандай дыбыс?
- Дауысты дыбысты дыбыс.
- Оны қайдан білдіңдер?
- Созып айтуға болады.
- Қай үйге кіргіземіз?
- Қызыл үйге кіргіземіз.

«Сөз ойла» ойынын ойнайық
Ұ дыбысы бар сөздерді және кісі аттарын айтқызу
Кіс аттары: Ұлан, Ұлжан, Ұлдай, Ұлдана, Ұлтай.
Жұлдыз, ұшақ, тікұшақ сөздерін буынға бөлу
Жұл - дыз сөзінде ұ дыбысы бірінші буында кездеседі
Ұ - шақ сөзінде ұ дыбысы бірінші буында кездеседі
Тік - ұшақ өзінде екінші буында кездеседі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 597
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бізді қоршаған әлем. Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі
Бізді қоршаған әлем. Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі
Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі (слайд)
Төле бидің батасы
Төле бидің батасы
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майшұқыр негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Туребекова Айгерім Маратқызы
Ю дыбысы және әрпі
Ю дыбысы және әрпі
Бастауыш сынып мұғалімі: Алмагуль Ашикбаева
Ұ әрпі мен дыбысы
Ұ әрпі мен дыбысы
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Ғилымғалиева Раушан Муслимовна
Ұ дыбысы және әрпі
Ұ дыбысы және әрпі
Ұ дыбысы және әрпі туралы білім беру. Ұ дыбысы бар сөздерді сауатты оқу және көркем жазуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×