Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бізді қоршаған әлем. Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі

07 қазан 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 4 - бөлім: Бізді қоршаған әлем. Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
1. 7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1. 9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2 минут
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың басы 2 минут
- Балалар, бүгін біз жаңа тараудың бетін ашамыз. «Бізді қоршаған әлем» атты тарау. Осы тарауда бізді қоршаған әлем туралы біліп танитын боламыз.
- Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі». Сабақтың мақсаты: Тыңдалған материал бойынша өз пікірімізді айту; сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.

Сабақтың ортасы 5 минут
Жұмбақ жасыру:
Қалғиған қос құлақты, Теңбіл түрі көрікті.
Мекен жері бұлақты, Білемісің.... (Елікті)

- Балалар, Елік қандай дыбыстан басталып тұр? Дұрыс балалар, бүгін біз сендермен Е дыбысы және әрпімен тансамыз. (Видеоролик)
Е дыбысы дауысты дыбыс, Е дыбысын қызыл түспен белгілейміз. Себебі ол созылып, әндетіп айтылады.
- Ал ендеше Елік сөзіне дыбыстық талдау жасайық. (Асылхан)
Бізді қоршаған әлем. Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі. жүктеу
5 354
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі
Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі. (қайталау)
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі. (қайталау)
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі
Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×