Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ әдеби тілінің стильдері

09 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Панфилов ауданы, Жаркент қаласы.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Сагимбаева Асель Сериковна

Қазақ тілі 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдеби тілінің стильдері.
Сабақ негізделген оқу мақсаты мен міндеттері:
Оқушылардың қазақ тілінің білімдік, танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгеруіне ықпал жасау. Мәтін құрауға қатысатын тілдік бірліктердің түрлі деңгейдегі сипаттамасын, қолданыстағы мағыналық реңктерін, қатысымдық мәнін теориялық және практикалық жұмыстар арқылы білгізу;
Қазақ әдеби тілінің стильдері мен түрлі мәтіндерді өз бетімен оқу, түсіну, баяндау және интерпретациялауды үйрету. Тілдік құралдарды дәлдікпен қолдана отырып, түрлі стильде, жанрда мәтін құрауды үйрету.
Міндеттері:
- тілдік, танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін таныту;
- Тілдің мәтін ішіндегі қолданысын игерту.
- Шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру.

Оқу мен оқытудың нәтижелері:
Оқушылардың барлығы:
Қазақ әдеби стиль түрлерін біледі, өзара ажырата алады. Түрлі мәтіндерді өз бетімен оқи, түсіне, баяндай және интерпретациялай біледі. Өз ойы мен пікірін айта алады, қорытынды шығарады.

Алдыңғы оқу
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
5 - мин. 1. 45 - жаттығу. Шығармашылық, ізденіс тапсырма. "Тасқа басылған таңба - тарихта қалған тіл дерек" тақырыбындағы өлеңді пайдалана отырып, берілген үлгі бойынша ойтолғау жазыңдар.
Топтағы оқушылардың біразынан ойтолғауын оқуын сұраймын.
2. Өзін - өзі дамытуға арналған жаттығулар.
Сөйлеу тілі лексикасына қатысты өзіндік ізденіс жұмыстарын орындаңдар.
(Оқушылар үй тапсырмасын эксперттерге көрсетіп, бағалау парағына белгі қойдырады).
3. 43 - жаттығу. Бейтарап, стиль аралық лексикаға, эмоционалдық - экспрессивті реңі басым сөздер мен кәсіби лексикаға әдебиет, география, физика оқулықтарынан 10 мысал теріп жазып, салыстырып, дәлелдеңдер.

Ресурстар: 7 - сынып қазақ тілі оқулығы. Қосымша дидактикалық материалдар, кеспе қағаздар. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық І деңгей т. б.
Қолданылған әдіс - тәсілдер: СТО стратегиялары: " Миға шабуыл", "Жұмбақтау" әдістері, ұжымдық бірлескен топтық жұмыс, "Интерактивті ойлау", "Көзбен көретін айғақтар" стратегиясы, "Ыстық орындық" рөлдік ойыны, АКТ, Оқу бағдарламасындағы драма т. б.
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, слайд, маркер, постер, плакат, стикер, кеспе қағаздар, ақша т. б.

Басталуы
І Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
Психологиялық дайындық
"Әзіл әлемі" тренингін жүргіземін. Мұнда бір оқушы суырылып шығып қатысады. Оқушыға 15 тапсырма беріледі. Өз әңгімесінің желісін бұзбай, мазмұнын сақтай отырып, берілген тапсырмаларды қажетінше қиюластырып жалғастыруы тиіс.
Тапсырмалар:
1 - оқушыға: әмиян, шырша, Абай Құнанбаев, банк, гүл, Үндістан, кино, сахналық қойылым, Мейрамбек Беспаев, доллар, ойын - сауық орталығы, мәдениет, қала, сыйлық.
2 - оқушыға: Ән, мен, сыныптастар, кемпірқосақ, Алматы, күлкі, Сәуле, туыс, қиял, домбыра, жұмбақ, сөмке, үй, тамақ, сусын, әшекей бұйымдар.

Ықтимал жауаптар: Әңгімемнің басын мен бір күні келе жатыр едімнен бастайын. Сұлулық салонына бармақшы ниетіммен келе жатыр едім, есіме құрбымның тапсырған кітабы келіп түсті. Ол Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағын сатып алуымды тапсырған еді. Соған асығып келе жатыр едім, алдымнан режиссер ағам шыға келмесі бар ма. Қолына гүл ұстап алған, әдемі киініп алған, бейне бір Үндістанның әйгілі актерындай болып жасанып алыпты. Соған қарағанда үнді фильміне түсуді армандап жүр ме екен деп ойлап қалдым. Ол жастайынан үнемі сахналық қойлымдарға қатысатын. Ақыры өзі кейіннен режиссер болды. Оның сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев. Оған да еліктейтіні тағы бар. Не істеп жүрсіз десем, долларым бар еді, соны теңгеге айырбастай алмай жүрмін, дүкеннен әйелімнің туған күніне торт алайын деп едім дейді. Бұл кісі менің анамның інісі екендігін айтпаппын гой сіздерге. Сосын не керек қалаға баратын маршруткаға мінді де кете барды. Мен одан соң мұғалімімді жолықтырып, кітап дүкенінің қайда екенін сұрастырдым.

ІІІ Топқа бөлу (1 мин)
"Бэйджик" әдісі арқылы үш топқа бөлемін. Одан өзге төрт үздік оқушыны эксперттер тобы етіп тағайындаймын. Бұл топ мұғалімге топтардың тапсырмасын тексеруге көмектеседі.
Оқушылар өздеріне түскен бэйджик арқылы бөлініп, орындарына отырады.
Балалар, бүгін біз сіздермен "Тендер" ойнатамыз. Тендердің сомасы 500 мың доллар. Ал тендерге қатысушылар біздің еліміздің кітап баспалары болмақ. Олар "Атамұра" баспасы, "Мектеп" баспасы және "АрманПВ" баспасы.
Сабақта аса белсенділік танытып, ерекше көзге түскен топ тендерді ұтып алады. Ендеше, бастайық.
"Мектеп" баспасының эксперті - Аружан.
"Арман ПВ" баспасының эксперті - Айғаным.
"Атамұра" баспасының эксперті - Арайлым.

Ортасы
ІV (2 мин)
Қызығушылығын ояту
Стиль және әдеби тіл сөздеріне ассоциация құру арқылы оқушылардың ойына түрткі саламын. (Слайдтан жауапты көрсетемін)
Оқушылардың ықтимал жауаптары: Стиль - латыннан аударғанда "жазу құралы" дегенді білдіреді; адамның жеке, дара қасиеті; стиль - сән, мода; стиль - қаламгердің жазу мәнері; тілдік тәсілдердің қолданылу принциптері; стилистиканың негізгі орталық ұғымы; киім киюдегі ерекшелік; стиль - өнердегі бағыт (мысалы би, ән, сурет, қолөнер) т. б.
Әдеби тіл – жалпыхалыққа бірдей ортақ, түсінікті, белгілі жүйеге түскен, стильдік - жанрлық тармақтары бар, белгілі бір нормаға түскен тіл.

V Постермен жұмыс 12 мин.
ІІІ. Мағынаны тану.
ДЖИГСО әдісі арқылы оқушылар "Қазақ әдеби тілінің стильдері" тақырыбының мәтінін түсініп оқиды (2 мин). Оқып болған соң, әр топ өз арасында талқылауға түсіреді (1 мин), сосын ең жақсы түсінген, көшбасшылық танытқан бір оқушыны елші ретінде келесі топқа жібереді. Осылайша барлық топтар бір - біріне өкілдерін жібереді. Өкілдер барған топтарына өздерінің оқығандарын түсіндіреді. (3 мин).

Өкілдер өз топтарына барып отырады, топ болып бірге тапсырмаларын постерге түсіреді (2 мин), қорғайды (4 мин).
"Мектеп" баспасына - Ауызекі сөйлеу мен көркем әдебиет стилі.
"Арман ПВ" баспасына - Ғылыми және публицистикалық стиль.
"Атамұра" баспасына - Қазақ әдеби тілінің стильдері, ресми іс - қағаздар стилі.

VІ Оқулықпен жұмыс 5 мин
Жаттығу жұмыстары:
46 -- жаттығу. Мәтінді оқу. Бірінші абзацтағы мәтін бөлігін ауызекі сөйлеу стиліне айналдырып айту. Қарамен жазылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.
(Жаттығу мәтінін үш топқа бөліп беремін. Жаттығуды тақтада 3 топтан бір - бір оқушы шығып орындайды. Қалғандары орындарында отырып орындап, эксперттерге тексертіп бағаланады. )
1 - абзац "Мектеп" баспасына.
2 - абзац "Арман ПВ" баспасына.
3 - абзац "Атамұра" баспасына.
47 - жаттығу. Төмендегі екі мәтінді салыстырып, қандай стиль түріне жататынын анықтаңдар. Топтарға екі мәтінді бөліп беремін. Олар мәтін мазмұнымен танысады. Стилін анықтап, дәлелді пікірлерімен айтып береді.

VІІ Сергіту сәті! 4мин
Сергіту сәті!
"Саябақтағы орындық" ойынын ойнатамын. Ол үшін сыныптан ең мықты, табанды, сөзге шешен, тапқыр деген бір оқушыны отырғызамын. Топтағы қалған оқушылар өзара ақылдасып, ішінен бір оқушыны әртүрлі рөлге енгізіп, орындықта отырған оқушыны орнынан тұрғызу амалдарын жасайды. Ол үшін топ болып орындықта отырған оқушыға арналған сұрақтарды құрастырады (1мин), нәтижесінде ішінен бір оқушыны ортаға шығарады. Шарты: ойыншылар өз сөздерінде көркемдегіш амал - тәсілдерді (мақал - мәтелдер, тұрақты тіркестер, теңеу, эпитет, метафора т. б.) қолданулары тиіс. Ол оқушы бір образға кіріп, орындықта отырған оқушыны тұрғызуға әрекет жасайды. (Әр топқа 1 минуттан). Мысалы, полицей образы, мүгедектің образы, ауру адамның рөлі, журналист образы т. б.
(Эксперттермен ақылдаса отырып қандай рөлдер орындықтағы адамның орнын босатуына түрткі бола алғандығы, сөзіне сендіре алғандарын анықтап, сол топты марапаттап өтемін).

Толық нұсқасын жүктеу
12 578
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жазғы тілдік мектеп бағдарламасының жобасы
Жазғы тілдік мектеп бағдарламасының жобасы
Үштілді білім беруді қалыптастырудың тұрақты үрдісі әлеуметтік субъектілер қарым - қатынасындағы ойлау мен тәлімнің, қатысымдық дағдылар мен толеранттылықтың демократиялық типінің дамуына мүмкіндік береді.
Қазақ әдеби тілінің стилі
Қазақ әдеби тілінің стилі
Қазақ тіліндегі стильдер туралы түсінік беру. Ертеңгі ел азаматтарын жұмыс стильдерінен хабардар ету. Сөз қолдану аясын кеңейту
Еңбек қатынастарын құжаттау. Қазақ әдеби тілінің стильдері.
Еңбек қатынастарын құжаттау. Қазақ әдеби тілінің стильдері.
Оқушыларға ресми ісқағаздар стилі мен оның ішінде еңбек қатынастары жөніндегі құжаттар туралы түсінік беру; жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.
Күнделікті сабақ жоспарлары. Ана тілінің қызметі
Күнделікті сабақ жоспарлары. Ана тілінің қызметі
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлар (5 сынып) Тақырыптар: 1. Ана тілінің қызметі 2. Әдеби тіл туралы түсінік. 3. Әдеби тілдің ерекшеліктері. 4. Мәтін 5. Мәтіннің тақырыбы, құрылымы.
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, №165 С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанпейсов Қуаныш Сейтқұлұлы
Баяндама: "Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері. Тыңдалым дағдысы туралы"
Баяндама: "Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері. Тыңдалым дағдысы туралы"
БҚО, Орал қаласы, А. С. Макаренко атындағы №6 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ракишева Миргуль Ерболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×