Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ әдеби тілінің стилі

22 қазан 2018, Дүйсенбі
Қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Қазақ әдеби тілінің стилі
Сілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Тақта, оқулық, интербелсенді тақта, тапсырма парақшалары, дәптермен жұмыс, рефлексия жасау парағы.
Білімділік: Қазақ тіліндегі стильдер туралы түсінік беру. Ертеңгі ел азаматтарын жұмыс стильдерінен хабардар ету. Сөз қолдану аясын кеңейту.
Дамытушылық: Сөз саптауды, орынды, шешен сөйлеуді дамыту.
Тәрбиелік: Сөздік қорларын нығайта отырып, сөз мәдениеттерін жетілдіру. Көп алдында еркін сөз сөйлеуге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, оқушының оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдері: топтық, жалпы сыныппен жұмыс.
Көрнекілігі: үлестірмелі қима қағаздар.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Сыныпты үш топқа бөлеміз. Үстел үстінде әр түрлі түстегі қиынды қағаздар тұрады сол қағаздарды әр оқушы өзі келіп таңдап алып, сол топқа қарай орналасады. I топ білгірлер. II топ алғырлар. III топ тапқырлар.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
«Әсем әуен» тыңдату арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту
Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне, балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Үй тапсырмасын айтайық. Өткен сабаққа оралатын болсақ өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берейік:
1. Стилистика дегеніміз не?
2. Сөйлеу тілінің лексикасы.
3. Экспрессивті - эмоционалды лексика.
4. Қазіргі кітаби тіл.
Әр оқушының жауабын тыңдау.

Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары.
1. Ауызекі сөйлеу стилі
2. Кітаби тіл стилі
Ауызекі сөйлеу стилі
Көркем әдебиет стилі
Ресми стиль, ісқағаздар стилі
Ғылыми стиль
Публицистикалық стиль
Сөйлеу тілінің стильдік тармақтары болмайды. Алдын ала дайындалуды қажет етпейді. Қарым - қатынас, негізінен, ауызша түрде жүзеге асады.
Көркем әдеби шығармаларда (бейнелі, эмоционалды, экспрессивті сипатта) қолданылады.
Әртүрлі мекемелерде (жеке тұлғаға қатысты да) жүргізілетін құжаттар, нұсқау хаттар, іскерлік байланыс қағаздарында қолданылады.
Ғылыми зерттеу еңбектерінде, ғылыми баянда - малар, дәрістер, мақалаларда қолданылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында, жиын - мәжілістерде қолданылады.
Кітаби тілдің осы аталған стильдері жазбаша және ауызша түрде де қызмет атқарады. Кітаби жазба стильдер сөйлеу стилімен тығыз байланысты. Ауызекі тіл стилін сендер күнделікті өмірде байқап та, қолданып та жүрсіңдер.
Стиль - қарым - қатынас барысында тілдік бірліктерді сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнері.
Кері байланыс. Оқушыларға кері жазылған текст оқылады Зымышроқмақ
Зіб ріб надана нағут уетеж кіде. Некәс недзімірәб неклү. Ағаураш етө ытпықұ ныталоб. Нітсү азат нытйатсұ. Інүгыдзаж Некәс недзімірәб нырұб нытарұб. Йү анысаураш нітесеткемөк. Ло ідзіб аққалұб пыла нытараб.
Тапсырмалар:
I Топ 46 - жаттығу.
II Топ 47 - жаттығу.
III Топ 47 - жаттығу. (2 - тапсырмасы)
Берілген тапсырмалары бойынша орындау.
Тақтамен жұмыс. Үш топтан бір - бір баладан тақтаға шығып сөйлем талдайды. Сөйлемдерді өздері тексереді және баға береді.
Жаңа сабақ бойынша алған білімдерін тексеру. Стиль түрлерін ажырату мақсатында кестемен жұмыс істеп көрейік. Әр оқушыға парақшалар таратылады, сол парақшадағы тапсырманы орындау керек.

Сабақты қорытындылау.
Рефлексия жасау, Т кестесі
Жақсы әлсіз
Сергіту сәті
Оқушылар орындарынан тұрып әр оқушы бір - біріне жақсы тілек айтады.(доп лақтыру арқылы)
Үй тапсырмасы
А) 48 - жаттығу. Әр топ төмендегі көрсетілген бағытта бір стиль түріне шағын материал дайындап, талқылауға дайындық жасап келу.
Ә) Қазақ әдеби тілінің стилдерін оқу.
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау
Бағалау парақшаларын үлестіру
Өзін өзі бағалау
Қазақ әдеби тілінің стилі. жүктеу
18 602
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 26. «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау 27. Жазбаша жұмыс 28. Сөздік қор туралы түсінік 29. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі 30. Қазақ тілінің сөздік құрамы
Күнделікті сабақ жоспарлары. Ана тілінің қызметі
Күнделікті сабақ жоспарлары. Ана тілінің қызметі
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлар (5 сынып) Тақырыптар: 1. Ана тілінің қызметі 2. Әдеби тіл туралы түсінік. 3. Әдеби тілдің ерекшеліктері. 4. Мәтін 5. Мәтіннің тақырыбы, құрылымы.
Ы дыбысы мен әрпі
Ы дыбысы мен әрпі
Жалпы мақсаты: Оқушыларға Ы дыбысы мен әрпін, баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріпін таныстыру. Оқу дағдысы мен жазу икемділігін қалыптастыру;
Сөздердің жасау өрісіне байланысты түрлері
Сөздердің жасау өрісіне байланысты түрлері
А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Маханбетова К.Н.
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Аманкелді Аскерхан
Ресми іс қағаздар стилі
Ресми іс қағаздар стилі
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×