Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер туралы еске түсіру

09 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қ. Күлетов атындағы №92 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Маханова Меңтай Жалғасбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер туралы еске түсіру

Алгебра 10 сынып
Жалпы мақсаты:
1) тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер туралы еске түсіру;
2) олардың дербес шешімдері мен анықталу және мәндері облысын білудің маңыздылығын түсіну;
3) есептеулер жүргізуде триг. бірлік шеңберді қолдану;
Күтілетін нәтиже 2) олардың дербес шешімдері мен анықталу және мәндері облысын білудің маңыздылығын түсінеді;
3) есептеулер жүргізуде триг. бірлік шеңберді қолдана алады;
Негізгі идеялар: Теңдеулер мен теңсіздіктер шешудің тиімді жолдарын қарастыру;
Дербес шешімдер мен формулаларды есте сақтай білуге қалыптасу
Тапсырмалар: «Ой қозғау» (сұрақ - жауап)
Топтық жұмыс: «Тұжырымдамалық карта» (карта құрастыру)
Жұптық жұмыс: «Пилот - штурман»
Оқулықпен жұмыс «Озық ойлы»
Жеке жұмыс. (Блум таксономиясы)
Рефлексия

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру (2 минут)
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (түстер үйлесімділігі)
2. Топқа бірігеді ( саналу ретімен 3 топқа бірігеді).
(тұлғааралық қатынасты дамыту):
Балалар, тригонометрия ұғымы ең алғаш қалай пайда болды? Жалпы тригонометрия тарихынан қандай хабарларын бар?
1 - қадам. «Ой қозғау» (3 минут)
(алдыңғы сабақты қысқаша қайталау)
1) Функция дегеніміз не?
2) Анықталу, мәндерінің облысы дегенді қалай түсінесіңдер?
3) Функцияның графигі арқылы оның қасиеттерін қалай түсінуге болады?
4) Периодты, жұп, тақтылық деген не?
2 - қадам. (1 минут) (сабақтың тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау)
1 - сұрақ. Тригонометриялық функцияларға мысал келтіріңіз?
2 - сұрақ. Кері тригонометриялық функцияның қандай қасиеттері бар?
3 - сұрақ. Косинус функциясы ғана жұп дегенді қалай түсінесіздер?
Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады.
Ендеше осы тригонометрия туралы білімдерімізді одан әрі кеңейтейік.
Табыс критерийлері:
1) тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер туралы білетін боламын;
2) олардың дербес шешімдері мен анықталу және мәндері облысын білудің маңыздылығын түсінемін;
3) есептеулер жүргізуде триг. бірлік шеңберді қолдана аламын;

3 - қадам. а ) Топтық жұмыс (ақпаратты талқылау) (20 минут)
Топтарға мәтін таратылып беріледі, оқып талқылайды.
Топтарда 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы.
1 топқа – анықтамалар мен ережелерді қорытындылау;
2 топқа – тригонометриялық теңдеулерді шешу формулаларын қорытып шығару;
3 топқа – тригонометриялық бірлік шеңберді қолданып есептер шығару
Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағымен таныстырады. (2 минут)
Бақылаушының бағалау парағы

Толық нұсқасын жүктеу
3 944
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Теңдеулер және олардың жүйелерін шешудің жалпы әдістері
Теңдеулер және олардың жүйелерін шешудің жалпы әдістері
Теңдеулер және олардың жүйелерін шешудің негізгі тәсілдері бойынша білімдерін жалпылау
ҰБТ - да кездесетін кейбір есептерді шешу жолдары
ҰБТ - да кездесетін кейбір есептерді шешу жолдары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ математика пәні мұғалімі Абишева Тухжан Абишевна
Тригонометриялық теңдеулерді шешу
Тригонометриялық теңдеулерді шешу
Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп - гимназиясының математика пәнінің мұғаліміЕсмағанбетова Клара
Математика пәні бойынша 9 сынып оқушыларын ОЖСБ - ға дайындау жоспары
Математика пәні бойынша 9 сынып оқушыларын ОЖСБ - ға дайындау жоспары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, №182 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ахметова Мархаббат Жанайқызы
Тригонометриялық теңсіздікті шешу
Тригонометриялық теңсіздікті шешу
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы, Ойыл қазақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жаманова Үзілхан Жалеловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×