Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Теңдеулер және олардың жүйелерін шешудің жалпы әдістері

01 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Теңдеулер және олардың жүйелерін шешудің жалпы әдістері
Алгебра 11 - класс
Сабақтың мақсаты: Теңдеулер және олардың жүйелерін шешудің негізгі тәсілдері бойынша білімдерін жалпылау.
• Теңдеулердің түрлері және оларды шешу жолдарына тоқталу;
• Теңдеулер және теңдеулер жүйелерін шешу дағдысын дамыту, тиімді тәсілмен шығара білуге қалыптастыру;
• Ұйымшылдыққа, нақтылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жеке жұмыс, талдау, тест, сұрақ - жауап т. б.
Сабақтың көрнекілігі: теңдеу түрлері жазылған плакаттар, бағалау парағы,
слайд т. б.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. (оқушыларды 5 топқа бөліп отырғызу)
ІІ. Үй жұмысын тексеру. (сұрақ - жауап арқылы)
1. Теңдеу дегеніміз не? (Құрамында айнымалысы бар теңдік теңдеу деп аталады)
2. Теңдеудің түбірлері дегеніміз не? (айнымалының теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын мәні теңдеудің түбірі деп аталады.)
3. Теңдеуді шешу дегеніміз не? (оның түбірлерін табу немесе жоқ екенін дәлелдеу)
4. Мәндес теңдеулер дегеніміз не? (түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады, шешімдері жоқ теңдеулер де мәндес теңдеулер деп аталады)
5. Теңдеулер неше түрге бөлінеді? (екіге)

ІІІ. Топтық жұмыс. Ендеше 5 топтан бір адамнан шығып тақырып таңдайды.
1 - топ «Рационал теңдеулер»
2 - топ «Иррационал теңдеулер»
3 - топ «Тригонометриялық теңдеулер»
4 - топ «Көрсеткіштік теңдеулер»
5 - топ «Логарифмдік теңдеулер»
Осы таңдаған тақырыптары бойынша топпен біріге отырып, плакатқа теңдеу түрі, қасиеттері, шешу жолдары туралы жазып, тақтада қорғайды. Жазуға 5 минут, қорғауға 1 минут уақыт беріледі.
Әр топ өз тақырыптарын қорғағаннан кейін «ҰБТ - дағы теңдеулерден» өзі таңдаған есебін шығарады. 2013 жылғы ҰБТ есептерінен әр тақырыпқа 2 есептен берілген.
ІҮ. Бекіту тапсырмалары: Жеке жұмыс.

Теңдеулер және олардың жүйелерін шешудің жалпы әдістері. жүктеу
5 730
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Иррационал теңдеулер және олардың жүйелерін шешу
Иррационал теңдеулер және олардың жүйелерін шешу
Есептер шығару барысында білімдерін нақтылау, ой қорытындылау арқылы алған білімдерін баяндап, көрсете білуі, пәнге қызығушылығын арттыру;
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің шешімдері болатын сандар жұбын жаза білу. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін білу.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, Оқушылардың ой ұшқырлығын арттыру.
Теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешудің әдістеріне есептер шығару
Теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешудің әдістеріне есептер шығару
Теңдеудің түрлері, теңдеулерді шешудің негізгі тәсілдері бойынша білімдерін жалпылау және теңдеуді түрлендірудің, түбірлерін тексерудің дағдысын қалыптастырып, білім - біліктерін жетілдіру. Оқушыларды ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа тәрбиелеу.
Рационал теңдеулер
Рационал теңдеулер
Сабақтың тақырыбы: Рационал теңдеулер
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
ШҚО, Аягөз ауданы, Сарыарқа орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Жанболатова Айгүл Армияшевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×