Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Мұхит ағыстары

09 қыркүйек 2016, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Күнделікті сабақ жоспары, география 6 сынып
Тақырыптар:
27 - сабақ. Мұхит ағыстары
28 - сабақ. Мұхит тар мен теңіздердің адамға қызмет етуі. Мұхит пен теңізді зерттеу және қорғау.
29 - сабақ. Өзендер. Көлдер.
30 - сабақ. Жер асты сулары.
31 - сабақ. Мұздықтар, олардың маңызы.


Сабақ №
Күні:
Сынып: 6
Тақырыбы: Мұхит ағыстары
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мұхит ағыстары және олардың пайда болу себептері жайлы білім беру.
Дамытушылық: Кескін картаға тұрақты ағыстарды түсіру арқылы оқушылардың карта, глобус, кескін карталармен жұмыс істеу істеу біліктерін одан ары дамыту.
Тәрбиелік: Су ағыстарының шаруашылықта пайдаланылуы туралы білім беру арқылы табиғат суын қорғау мәселелерін қарастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал - жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Номенклатура: Лабрадор ағысы, Гольфстрим ағысы, Батыс желдер ағысы, Куросио ағысы, Шығыс Аустралия ағысы, Солтүстік Атлант ағысы
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

1. Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

2. Ең алдымен оқушылардың дәптерлерін тексереді. Кейін өткен тақырыптың соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды сұрайды. Қателерін анықтап, бірнеше анықтамаларды сұрайды.

3. Үй тапсырмасын тексеріп болғаннан кейін жаңа тақырыпқа көшеді.
Мұхитттардың кейбір жерлерінде айналадағы судан айырмашылығы бар зор ағындар өтеді. Олардың ені жүздеген, ұзындығы мыңдаған километрге созылады. Осындай мұхиттардағы су массасының тұрақты түрде белгілі бір бағытта қозғалысын мұхит ағыстары дейді. Кейін осы ағыстарды туғызатын – тұрақты желдер екенін айтады. Экватор маңында африканың жағалауларынан тұрақты желдер ылғи батысқа қарай соғады. Осы желдер Гольфстрим ағысын тудырады. Мұғалім оқушыларға суық ағыстардың температурасы неліктен төмен болып келеді деген сұрақ қояды.

4. Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар береді: кескін картаға жылы және суық ағыстарды қызыл және көк сызықтармен түсіру. Олардың аттарын жазу.
Кейін мұғалім оқушыларға неліктен Еуропаның солтүстігі мен батысында қысы жылы болып келеді? деген сұрақ қояды. Осыған жылы ағыстың қатысы бар ма? Егерде болса оны қандай фактілермен дәлелдеуге болады?

5. Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды. Ол үшін оқушыларға бірнеше сұрақ қояды: Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

6. Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай және картамен жұмыс істеу сапасына қарай бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қойып береді.
7. Үй тапсырмасы: §42. тақырыпты қайталау, мәтін соңындағы сұрақтармен жұмыс істеу. Номенклатураны жаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
3 299
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)
Күнделікті сабақ жоспары. Еуразияға ұласатын мұхиттар мен теңіздер және олардың материк табиғатына әсері.
Күнделікті сабақ жоспары. Еуразияға ұласатын мұхиттар мен теңіздер және олардың материк табиғатына әсері.
Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі 4 мұхиттың да сулары шайып жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен шығанақтар, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің әсіресе батысы мен шығысы күшті тілімденген.
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар
Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар жайлы ұғымдарын қалыптастыру. Мұхит түбін зерттеу әдістерімен таныстыру.
Теңіздер мен көлдер
Теңіздер мен көлдер
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қосжар ауылы, №67 орта мектебінің география пәні мұғалімі Есепбаев Досбол
Мұхиттар мен теңіздердің маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
Мұхиттар мен теңіздердің маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Ә. Жангелдин атындағы орта мектебі география пәнінің мұғалімі Әлмұратова Г. Қ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×