Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шамалар және олардың өлшем бірліктері. (қысқа мерзімді)

17 қыркүйек 2016, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Мұғалімнің аты: Жолшибекова И. Т.

Қысқа мерзімді жоспар
Математика 1 сынып
Ортақ тақырып: Бізді қоршаған әлем.
1. Шамалар және олардың өлшем бірліктері.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
1. Ұзындық, масса, сыйымдылық және олардың өлшем бірліктері ( см, дм, кг, л) туралы түсінігі болу және салыстыру.
Тілдік мақсат: Сандар мәнінің сәйкестігін талқылау үшін салыстыру терминдерін пайдалана алады.
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: ұзындық, масса, сыйымдылық, ұзын, қысқа, ауыр, жеңіл, көлемі.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
Сантиметр – сантиметр - centimetre
Дециметр - дециметр - decimetre
Килограмм – килограмм - kilogram
Литр - литр - litre
Талқылауға арналған сұрақтар:
... мына затты салыстырғанда... қандай?
Салыстырылатын затқа қарағанда ауыр\ жеңіл
Салыстырылатын затқа қарағанда ұзын\ қысқа
Салыстырылатын затқа қарағанда көлемі үлкен\ кіші

Алдынғы оқу:
2. 4. Жиын және логика элементтері.
1. 2. 4. 4. Цифрлар мен фигураларға қатысты басқатырғыш есептер, ребустар шешу.
« Ойлан – Жүптас - Бөліс» стратегиясы
1. « Сиқырлы текше»
Сандарды көлденеңінен де, тігінен де қоссаң 10 шығады. Сандарды тап.

2. Суретте неше үшбұрыш, неше тік төртбұрыш, неше дөңгелек бар?
3. Ребусты шешіңдер:
4. Қызықты тапсырмалар.
1) Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
2) Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?

Басы
Психологиялық ахуал:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.

Сыныпты топқа бөлу:
4 құттықтау қағазын сыныптағы оқушылардың санына қарай қиып, оларды араластырып, оқушыларға таратып береді. Оқушылар қиықтардан бүтін құттықтау қағазын құрастырып, сол бойынша топ құрайды.

Ортасы
«Құпия дорба» стратегиясы
Дорбаның ішіне ұзындық, масса, сыйымдылықты өлшейтін заттарды салу. Оқушылар олардың қандай заттар екендігін атайды.

Дорбаның ішіндегі заттарды алып, олардың қайда пайдаланатындығын түсіндіру.
Сызғыш, сантиметрлік лента – заттардың ұзындығын өлщейтін құрал. Ұзындықты см, дм өлшейміз.
Таразы - дененің массасын анықтайтын құрал.
Массаны кг өлшейміз.
Шыны ыдыспен сыйымдылықты өлеуге болады.
Сыйымдылықты л өлшейміз.
Заттарды салыстыру: ұзын - қысқа

Сынып бөлмесінің ұзындығы, ені.
Партаның ұзындығы, ені.
Кітаптың ұзындығы, ені.
Заттарды салыстыру: ауыр – жеңіл

1 кг шекердің массасын өлшеу.
Сыйымдылықты өлшеу.

Мына шелекті толтыру үшін неше л су қажет?
«Дүкенде» ойыны: Дүкенде осы заттарды сатып алу үшін сен қандай өлшем бірліктерді пайдаланасың?

Соңы
Кері байланыс
- Бүгін сендерге бәрінен де не ұнады?
- Бұл өлшем бірліктерді өмірде қолданасыңдар ма?
- Бүгін үйренгендердің ішінен сен үшін не айтарлықтай құнды?
- Өздерің қосатын ойларың бар ма?
Блоб ағашы
Стикер жапсыру.

Толық нұсқасын жүктеу
15 700
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Ақша және теңге
Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Ақша және теңге
Ақшаға қажетті заттарды сатып алуға болады. Заттарды сатып алу үшін металдан жасалған ақша монетаны да қолданамыз.
Ұзындықты өлшеу
Ұзындықты өлшеу
Стандартты емес өлшеуіштермен өлшеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды ұзындықтың өлшем бірліктері арқылы бақылау, салыстыру жолдарымен таныстыру.
Ұзындық және оның өлшем бірліктері
Ұзындық және оның өлшем бірліктері
Оқушыларды жаңа ұзындық өлшем бірлігі – километрмен таныстыру; ұзындық өлшем бірліктерінің арасындағы қатынасты қою; атаулы сандармен есептеу дағдыларын дамыту.
Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері.
Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері.
Шамалар мəндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса(кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт(сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктерін салыстыру жəне амалдар орындау
Жаңартылған бағдарлама бойынша математикадан тапсырмалар жинағы
Жаңартылған бағдарлама бойынша математикадан тапсырмалар жинағы
сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы реттік нөмірін анықтау 1 - тапсырма. Сандарды өсу және кему ретімен жазу.
Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Сызғышты пайдаланып, кесіндінің ұзындығын ұзындық өлшем бірліктері арқылы өлшеп, ұзындықтың әр түрлі өлшем бірліктерін қолданып, өлшеу біліктерін бекіту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×