Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Белгісіздік есімдігі

13 қаңтар 2017, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Белгісіздік есімдігі
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 6 сыныбы
Жалпы мақсаты: Оқушылар өздері іздене отырып, белгісіздік есімдігі туралы толық мәлімет алып, қолдану ерекшелігін ұғынады.
Оқыту нәтижесі: Есімдіктер туралы алған білімдерін өмірде қолдана алады, топпен жұмыс жасап, бір - бірін тыңдай біледі
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, АКТ, СТО, диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау оқуды бағалау, қалай оқыту керектігін үйрету, салыстыру, сұрақ - жауап.
Сілтеме: Интербелсенді тақта, слайд, флипчарт, әртүрлі суреттер, семантикалық карта, қалташа сұрақтармен.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
Мұғалім немен айналысады. Оқушылар немен айналысады

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
2 - минут
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. сергіту сәтін ұйымдастырамын.
Психологиялық дайындық. (шаттық шеңберіне шақыру)
Мейірімді жүрекпен (жүректерін ұстайды)
Ақ пейілді тілекпен (қолдарын көкке көтереді)
Амандасып алайық (бір - бірінің қолдарын ұстайды)
Бір жадырап қалайық (бір - біріне қарап күлімдейді)
Еңбек етіп ерінбей,
Жақсы баға алайық! (бас бармақтарын көрсетеді)
Сабаққа көңілді, жағымды әсермен кіріседі.

Топқа бөлу. 2 - минут
Әртүрлі сурет арқылы топқа 3 топқа бөлу.
Бағалау парағын таратамын өздеріне топтың аттарын шығартқызамын Оқушыларды ортаға шақырып, психологиялық ахуал жасаймын, әртүрлі суреттер арқылы 3 - топқа бөлінеді. Бөлінген топтарында әр топ өз көшбасшысын тағайындайды. 1 мин. (оқытуды басқару және көшбасшылық). топтың атын жазады.
Балаларды көшбасшы бағалайды.
Топ ережесін еске түсіру.
" Музыкалық қобдиша" 4 - минут сұрақ - жауап әдісі мақсатында жазған сұрақтар бойынша үй жұмысын тексеремін.
“музыкалық қобдиша ” ойыны.
Берілген сұрақтарға музыка әуенімен жауап береді.
1. Болымсыздық есімдігі дегеніміз не?
2. Болымсыздық есімдіктерін ата?
3. Етікші құралының бірімен ұқсас есімдік есімдіктің қай түрі? (біз).
4. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды. Есімдіктің қай түрі? (сұрау).
5. Есімдік дегеніміз не?
6. Есімдіктің мағыналық түрлерін ата.
7. Жіктеу есімдігі дегеніміз не?
8. Сілтеу есімдігі дегеніміз не?
9. Сұрау есімдігі дегеніміз не?
10. Өздік есімдігі дегеніміз не?
"Талдау табыс кілті" 3 - минут 1 - топ
Сен оны құрметте
Түсіндің бе, қарағым.
Сенің келешегің үшін берді ол,
Азаттық жолында аяғын
(Ә. Сәрсенбаев)
2 - топ
Өзім – тәңірі, табынамын өзіме,
Сөзім – құран, бағынамын сөзіме!
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе!
(М. Жұмабаев)
3 - топ
Анау не жарқыраған,
Аспаннан тартып алам.
Мынау не сарқыраған?
Қалайша сарқылмаған?
(Ә. Табылдиев)
Берілген өлең жолдарынан есімдікті табу, мағынасына қарай талдау.
"Миға шабуыл" 7 минут
"Ертегі еліне" қош келдіңіздер.
Ерте, ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде «Қазақ тілі» елінде, «Морфология» патшалығында «Есімдік» деген қарт өмір сүріпті. Қарттың 7 баласы болыпты. Олардың
есімдері кімдер? Қане, атайық?
Балалар, осы сәтте біз сабақ үстінде отырмыз. Сырттан есік қағылды делік. Сырттан есік қағылса, сендер маған не деп айтар едіңдер? Апай, біреу есік қағып тұр (тақтаға жазу).
Яғни, есікті кім қағып тұрғаны бізге белгісіз.
Есік қағып тұрған оқушы ма, ата - ана ма? Беймәлім.
«Біреу» сөзі белгісіз бір адам деген мағынада.
Сонымен біз бүгін «Есімдік» қарттың ең кіші баласы «Белгісіздік есімдігімен» танысамыз.

Жаңа тақырып. Белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсетеді.
Біреу, кейбіреу, әркім, әрне, әлдекім, әлдене, кімде - кім, бір, қайсыбір
Белгісіздік есімдігінің ерекшелігі: әлде, әр, қай, кей, бір сөздері есімдіктермен тіркескенде бірге жазылады, ал басқа сөз таптарымен тіркескенде бөлек жазылады
Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде - кім, әлдекім, әркім, әлдене белгісіздік есімдіктері зат есім орнына жұмсалады.
Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір
белгісіздік есімдіктері сын есім орнына жұмсалады.
Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан белгісіздік есімдіктері үстеу мәнінде қолданылып, пысықтауыш қызметін атқарады.
Сергіту сәті 3 минут "Көңілді күн"
Оқулықпен жұмыс. 5 - минут
155 - жаттығу.
Өлең шумақтарынан белгісіздік есімдігін тауып,
Тұлғасына қарай талдау
Кейбіреу
1. Тұлғасына қарай:
б) туынды түбір – екі сөздің бірігуінен жасалған.
2. Құрамына қарай: екі құрамнан тұрады кей+біреу.
3. Құрылысына қарай: күрделі – біріккен сөз
4. Лексикалық мағынасы – адам есімінің орнына жұмсалатын сөз.
5. Грамматикалық мағынасы: – есімдік.
6. Сұрағы – Кім?
7. Мағынасына қарай – белгісіздік есімдік.
Торлы диаграмма 3 - минут 1 - зат есім
2 - сын есім
3 - сан есім
Терме диктант 5 - минут
Дәптерлеріне түртіп алу стратегия бойынша оқушылар есімдіктерді теріп жазып алады.
Терме диктант
Тәуелсіз Қазақстан
Отан деген не? Бұл сөзді әрқайсымыз күн сайын әлденеше рет естіп жүрміз. Отан дегеніміз - әр адамның туып - өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен, бүкіл дос - жарандарымен бірге тұратын мекені. Қазақ елінде тұратын барлық адамның Отаны – Қазақстан Республикасы.
Осы күнге жету үшін қазақ халқы біраз қиыншылықты бастан өткізді. Әр мемлекеттің дербес, тәуелсіз ел болуы – барша бақыттың бастауы.
Бұл күнде дүние жүзінің барлық елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танып отыр. Осы бақыт әр қазақстандықтың жүрегіне нұр құяды.
(Оқушыларға оқытып тексеремін).

Қорытынды 3 минут
Семантикалық кесте
Әр оқушыға семантикалық карточка таратылады. оқушылар белгілеп жауаптарын интер тақта арқылы бір - бірін тексереді
Рефлексия 4 минут
Үйге тапсырма 1 минут
156 - жаттығу.
Қорытынды рефлексия бойынша тақырыптың қиын тиген тұсын қайталау
Бағалау: 2 минут Көшбасшы топтағы оқушыларды бағалайды, топ басшыларын мұғалім бағалайды.
Кері байланыс: 1 минут
Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Стикерге жазып, тақтаға шығып смайликка жабыстырады.

Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы,
Аманкелді орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Негметжанова Бибигуль Кайржановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 465
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы Мақсаты: Тақырып жайлы оқушылар түсіне отырып топпен романның кейіпкерлерімен танысады, сипаттау арқылы білімдерін жетілдіреді.
Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдіктерді түсіндіре отырып, есімдіктің мағыналық түрлері жөніндегі білімдерін тиянақтау Оқушының ойлау қабілетін, тіл байлығын жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру;
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде қолдану
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде қолдану
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың есептеу дағдыларын пысықтау, есептер шығару, өткенді қайталау. Көбейтудің қасиеттері, амалдардың орындалу реті жайлы білімдерін жетілдіру.
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу гимназиясы" Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Есбосынова Жансая Махамбетқызы
Болымсыздық, белгісіздік есімдіктері
Болымсыздық, белгісіздік есімдіктері
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсенова Сәуле Серікқызы
Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдігі
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бегалы ауылы Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Избасова Салтанат Абатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×