Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі

12 желтоқсан 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 6 - сынып оқулығы
Жалпы мақсаты: Есімдік туралы түсінік, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру, оның ерекшелігін ұғындыру. Есімдіктердің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік - эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, ұжымдық жұмыс жасау барысында адамдық қасиеттерін дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандырып, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру.
Оқыту формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау.

Кезең Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
1 кезең
Ұйымдастыру 2 мин
Үй тапсырмасын тексеру 7 мин
Сәлемдесу арқылы сыныпта психологиялық жақсы ахуал қалыптастыру.
Үй тапсырмасы сұралады.
Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары:
1. Зат есім қандай сөз табы? - (Есімдер тобы).
2. Зат есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? – (жалпы, жалқы, деректі, дерексіз).
3. Жалпы, жалқы зат есімдер. – (біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер; арнайы берілген есімдер мен атауларды - жалқы есім дейміз.
4. Сын есім қандай сөз табы? – (Есімдер тобы).
5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? – (сапалық және қатыстық сын есім).
6. Туынды сын есімдер қалай жасалады? – (жұрнақ арқылы есім сөзден де, етістіктен де жасалады).
7. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді? – (дара және күрделі сын есім).
8. Сан есім қандай сөз табы? - (Есімдер тобы).
9. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? – (есептік, реттік, болжалдық, топтау, жинақтық, бөлшектік сан есім болып 6 - ға бөлінеді).
10. Сан есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді? - (дара және күрделі). Бір - бірімен амандасу түрлері арқылы көңіл‐ күйлерін көтереді. Үй жұмысын тексертеді. Сұрақтарға жауап береді.

2 кезең
Мағынаны тану 23 мин (жаңа сабақ бойынша тапсырмалар)
«Тілдік тренажер» арқылы сын есім, зат есім, сан есімдерге талдау.
1) Кітап 2) қора 3) он екі 4) Ақсу 5) сұлу 6) ұзын бойлы 7) жеті 8) оқушы 9) майлы 10) сексен тоғыз 11) көктерек 12) қызыл ала 13) бір 14) ауыл 15) шуақты

Мағынаны тану
Есім сөздердің орнына қолданылатын сөз табы есімдік деп аталады.
Есімдіктер есім сөздердің зат есім, сын есім, сан есімнің атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдіктерді орынбасар сөздер деп те атайды.
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:
1) Жіктеу есімдігі
2) Сілтеу есімдігі
3) Сұрау есімдігі
4) Өздік есімдігі
5) Жалпылау есімдігі
6) Болымсыздық есімдігі
7) Белгісіздік есімдігі
Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
Жекеше
І жақ Мен (айтушы)
ІІ жақ Сен (тыңдаушы)
Сіз
ІІІ жақ Ол (бөгде жақ)

Көпше
І жақ Біз (тыңдаушы жақ)
ІІ жақ Сендер (тыңдаушы жақ)
Сіздер
Олар (Бөгде жақ)
Жаттығулар жұмысы
192 - жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, есімдіктердің қай сөздердің орнына жұмсалып тұрғанын ауызша айтады.
193 - жаттығу. Жіктеу есімдіктерін теріп жазады.
194 - жаттығу. Мәтінге ат қояды, жіктеу есімдіктерін теріп жазып, қай септікте тұрғанын көрсетеді. Оқушылар жеке тыңдайды, сұрақтарына жауап алады, жауап береді. Бір - біріне сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.
Жаттығулар жұмысын орындайды.

3 кезең
Сабақты бекіту 6 мин
Ой толғаныс. Не білдік?
Тест тапсырмасы:
1. Есімдік қандай сөз табы?
а) Заттың сынын білдіреді.
ә) Есім сөздер орнына қолданылады.
б) Заттың атын білдіреді.
2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
а) 7
ә) 5
б) 6
3. Жіктеу есімдігінің қанша жағы бар?
а) 3
ә) 2
б) 4
4. Сан есімдерді белгіле.
а) он бір, табиғат, сары
ә) адам, оқушы, жеті
б) алты, он бір, екі мың екі
5. Дара сын есімдерді көрсет.
а) қызыл ала, қара шұбар
ә) ақ, қара, ащы
б) қара көк, сұлу, сары
6. Жалқы зат есімдерді анықта.
а) Астана, Мұхтар, Ұлан
ә) қала, оқушы, сана
б) Көксу, ой, газет
7. Зат есім қандай сөз табы?
А) Заттың қимылын білдіреді.
Ә) Заттың атын білдіреді.
Б) Заттың санын білдіреді.
8. Жинақтық сан есімдерді тап.
А) төртеу, тоқсан екі, он тоғыз
Ә) үшеу, сегіз, он
Б) біреу, екеу, жетеу
9. Туынды сын есімдерді белгіле.
А) бойшаң, сөзшең, таулы
Ә) сары, әдемі, көркем
Б) ұзын, салқын, ақ
10. Сан есімнің сұрағын анықта.
А) қандай? Қай? Кімнің?
Ә) қанша? неше? нешінші?
Б) кім? не? несі?
Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану
Бағалау 2 мин Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады. Күнделіктеріне бағаларын қойғызады.
Үйге тапсырма 2 мин
195 - жаттығу. Көшіріп жазу, жіктеу есімдіктерінің астын сызу, қай жақта, қай септікте тұрғанын көрсету. Ереже жаттау.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Рефлексия 3 мин
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Өткен тақырып бойынша не меңгергендерін айтып, ойларын қорытады.
18 368
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі
Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі
Бала Тұрар бейнесін жан – жақты ашу. Сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып, әңгіменің мағынасын түсіну, өздігінен жұмыс істеуге, оқығаннан қорытынды шығаруға, байланыстырып сөйлеуге дамыту. Есте сақтау мен дүниетанымын кеңейту.
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру, оның ерекшелігін ұғындыру.
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Олар: мен, сен, ол, біз, біздер, сіздер, олар. Жіктеу есімдігінің үш жағы және жекеше, көпше түрі болады.
Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктері
Атырау қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есенова Сауле Тулегеновна
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы, Құдықағаш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигалиева Көгершін Шаукенқызы
Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдігі
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бегалы ауылы Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Избасова Салтанат Абатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×