Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №3

19 қыркүйек 2017, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Бастауыш сыныптарына арналған қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы.
31. Саптық жаттығулар
32. Әңгімелеу мәтіні
33. Ер Тарғын (жырдан үзінді)
34. Ұзындықтың бірліктері және оның үлестері. Шаманың үлесін және үлесі бойынша шаманы табуға берілген есептер
35. Массаның бірліктері және оның үлестері. Шаманың үлесін және үлесі бойынша шаманы табуға берілген есептер
36. Әңгімелеу мәтіні 10 - 15 - жаттығу
37. «Сатқын Жапалақ» ертегісі
38. Ертегілер: Сатқын жапалақ
39. Уақыт бірліктері және үлес. Уақыт үлесін табуға берілген есептер және оларға кері есептер.
40. Бес ешкі ертегісі


Үлгі:
Қазақ тілі
Сабақтың атауы: Әңгімелеу мәтіні
Сілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Жалпы мақсаттар
Оқушыларға мәтін және оның түрлері туралы түсінік беру. Мәтін туралы білімдерін пысықтау. Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін тілін, ойын дамыту. Өз пікірлерін дәлелдеуге, өз ойын жүйелі баяндауға үйрету. Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Оқушыларға мәтін және оның түрлері туралы түсінік алады. Мәтін туралы білімдерін пысықтайды. Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттері тілі, ойы дамиды. Өз пікірлерін дәлелдеуге, өз ойын жүйелі баяндауға үйренеді. Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, мағынаны ашу, ой толғаныс.
Көрнекілігі: Сызба, портреттер, суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
Ынтымақтастық атмосферасы
Психологиялық дайындық.
Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? Үйрену. ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.
Мәтін түрлері жазылған парақшалар арқылы топтарға бөлу

Үй тапсырмасын сұрау ББ кестесін толтыру
Қызығушылықты ояту
Мюстенберг әдісі арқылы жаңа сабақ тақырыбын табады.
- Мәтін дегеніміз не?
Мәтіннің қандай түрлері бар?
Олардың айырмашылығы қандай?
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Мағынаны тану Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Мәтін
әңгімелеу сипаттау пайымдау
не істеді? қандай? неліктен?
Әр мәтіннің сұрағын және ерекшелігін түсіндіру.
1. Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады?
2. Зат немесе құбылысты суреттеп сипаттайтын мәтінді сипаттау мәтіні деп атаймыз?
3. Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады?
ә) Мәтіннің түрлерін ажырату.
1. Алматы Іле Алатауының етегінде орналасқан. Қазақстанның ірі қаласы. Ұзақ уақыт бойы көптеген деректемелерде қаланың атауы «алманың атасы» деп аударылды.

Тақырыбы:
Мәтіннің түрі:
Неге олай ойлайсың? түсіндір.
2. Күз белгісін ең алдымен ақ қайың сезеді. Өйткені басқа ағаштардан гөрі оның жапырағы бұрын сарғаяды.
Тақырыбы: Мәтіннің түрі:
Неге олай ойлайсың? түсіндір.
3. Лашын - жыртқыш құс. Оның арқасы көк сұр. Ал алқымы ақ сұрлау болып келеді. Көзі дөп - дөңгелек, қап - қара. Қанаты ұзын және сүйір.
Тақырыбы:
Мәтіннің түрі:
Неге олай ойлайсың? түсіндір.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу.
Туған жердің жері де көрікті,
Елі де сүйікті.

Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
Ой толғаныс
Үш қатарға тапсырма беру.
1 - қатар. Қасқырдың суреті. Сөйлемді жалғастырып, мәтін құра. Қасқыр жыртқыш аң, себебі.... Сөйлемді жалғастыр. Бұл қандай мәтін? дәлелде.
2 - қатар.
Тоқылдақтың суреті. Мен орманнан тоқылдақ көрдім....... Бұл қандай мәтін? дәлелде
3 - қатар.
Домбыраның суреті. Асыл домбыра үйірмесіне қатысады.
Бұл қандай мәтін? дәлелде.

Үй тапсырмасы: Оқулықтағы тапсырмаларды орындау, ереже жаттау Күнделіктеріне жазады
Бағалау: Бағалау парақшаларын толтыру.
Кері байланыс: Екі жұлдіз, бір тілек

Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №3 жүктеу

Толық нұсқаны қарау
2 278
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару;
Күнделікті сабақ жоспары математика 4 сынып
Күнделікті сабақ жоспары математика 4 сынып
Күнделікті сабақ жоспары математика 4 сынып
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №5
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №5
Бастауыш сыныптарына арналған қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы.
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №4
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №4
Бастауыш сыныптарына арналған қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы.
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Бастауыш сыныптарына арналған қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы.
5 сыныпқа арналған «Стандартты бағдарламалар» топтамасына арналған қысқа мерзімді жоспарлар
5 сыныпқа арналған «Стандартты бағдарламалар» топтамасына арналған қысқа мерзімді жоспарлар
Информатикадан 5 сыныпқа арналған «Стандартты бағдарламалар» топтамасына арналған қысқа мерзімді жоспарлар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×