Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

08 мам 2014, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Натурал көрсеткішті дәреже ұғымын кеңейту. Дәрежелеу амалына кері амал түбір табу екенін көрсету. Дәрежелеу амалының қолданысын көрсету.
ә) тәрбиелік: Оқушыны өз бетінше еңбектенуге және жұмыстың нәтижесіне жете білуге, тың шешім табуға үйрету, жинақылыққа, жылдамдыққа жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: оқушының ойлау және шығармашылық қабілеттерін, пәнге қызығушылығын арттыру, таным белсенділігін, тақырып бойынша іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы
Сабақтың технологиясы: Компьютерлік оқыту технологиясының кейбір элементтері.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі - баяндау, талдау, сұрақ - жауап, салыстыру, өзіндік жұмыс.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: сәйкестiлiк тест жазылған
таблицалар, фишкалар, сыйлықтар, тест тапсырмасы.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу;
ә) Аудитория тазалығына көңіл бөлу;
б) Сабақ мақсатын көрсету
Топ оқушылары 2 - ге бөлінген. Әр топта 6 оқушыдан бар.
ІІ. Ой толғаныс кезеңі (Үй тапсырмасын сұрау): Интерактивті тақтада Натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерінің сол жақ бөлігі жазылады. Оқушылар формулалардың жалғасын табады.
ІІІ. Мағынаны тану кезеңі (Өтілген тақырыпты қайталау):
а) Экранда берілген сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Дәрежелеу амалына кері амалды атаңыз? (Түбір табу амалы).
2. Қандай сандарды білеміз? (Натурал, бүтін, рационал сан, иррационал, нақты сан).
3. Нақты сандар қандай сандардан тұрады? (рационал және иррационал).
4. 1230=? (1 - ге тең)
5. Натурал сандар дегеніміз не?
6. n - ші дәрежелі арифметикалық түбір дегеніміз не?
7. Рационал сандар туралы не білесіздер?
8. Иррационал сандарды қалай түсінесің?
ІҮ. Практикалық тапсырмаларды орындау:
1. Оң сандарға қол шатырдай
Қалпақ болған беделi
Квадраттасаң егер оны
Жоғалтпассың сен оны (Түбір)
Жұмбақтың шешімін тапқан оқушы тақтадағы сәйкестік тест тапсырмасын орындайды.
Жұмбақ:
Бiрдей санды бiрнеше рет
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасақ
Қандай атау болады? (дәреже)
Сәйкестік тест орындау барысында «Білім» және «Байлық» деген сөздерді табамыз. Қазiргi нарық заманында бiлiм артық па, байлық артық па?- деген сауал тасталады. Бұл сұраққа жауапты сабақтың мiндетiн орындау барысында табатын боламыз.
І - кезең: Бұл кезеңдегі есептерді шығару үшін сендерге мен жұмбақ жасырайын. Қандай тапсырма болатынын осы жұмбақты шешу арқылы білетін боламыз.
Бүтiн сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, терiс сан бәрi сонда (рационал)
Рационал болса, онда мына есептерді рационал көрсеткішті дәрежені есепте Есептер интерактивті тақта арқылы беріледі.
Есепті бұрын болған оқушы тақтаға шығып түсіндіреді, оған сыйлық беріледі. Ол сыйлықта:
• Бiлiм өмiрiңдi жарық етедi, ал дүние жолдан тайдырады
• Бiлiмдi iздей берсең толып көбейедi, ал дүниенi жарата берсең азаяды.
Оқушылардың есепті шығаруына қарай фишкалар таратылып отырады.
ІІ - кезең: Алдын - ала жұмбақ жасырылады.
Үлкен, кiшi сандарды сен,
Ажыратқың келсе егер
Қандай таңба қояр едiң
Қане, ойлан куәгер (>,,< таңбалары болғандықтан, соған сәйкес салыстыру есебiн шығару ұсынылады. Есептi дұрыс шешкен және бірінші болып шығарған оқушыға сыйлық берiледi. Ол сыйлықта:
• Бiлiмiң көп болса, қанша ғасыр сақтасаң да, iрiп - шiрiмейдi,
ал байлық шiридi.
• Бiлiмдi болсаң сенi ел құрметтейдi, ал байлығың болса, қызғанышпен қарайды.
ІІІ - кезең:
Нәрселердi санағанда
Керек ол бiзге ауадай
Айтыңдаршы, ол қандай сан
Жан - жағыңа қарамай (натурал сан)
Өрнектің мәнін табыңыздар. Тапсырманы бірінші болған оқушыға сыйлық таратылады. Ол сыйлықта:
"Қазақстанның болашағы бiлiмдi ұрпақта"
"Бiлектi бiрдi жығады,
Бiлiмдi мыңды жығады".
Мол дәулеттiң байлығы,
Бiр жұтасаң жоқ болар.
Оқымыстының байлығы,
Еш жұтамақ жоқ болар.- деп Ы. Алтынсарин атамыздың сөзі жазылған сыйлық таратылады.
Топ жарысы: Математикалық терминдер жарысы: П, К
ІҮ кезең: Нақты сандар жиынының үздіксіздігін, нақты сандардың алғаш енгізілуіне себепші болған математик ғалым кім?
Біліп алу үшін осы төмендегі ІҮ - ші кезеңнің тапсырмасын орындауымыз керек.
Тапсырма. Теңдеуді шешіңіз. Егер осы есепті дұрыс шешсек, онда біз мақсатымызға жеткен боламыз Интерактивті тақтада берілген математик ғалымдардың қайсысының тұсында 1 саны тұрса, сол ғалым «Нақты сандар жиынының үздіксіздігін» енгізген болады.
Жауабы: 1 2 3
Рене Декарт Пифагор Архимед

(1596 - 1650) (б. э. д. 580 - 500 ж) (б. э. д. 287 - 212 ж.)
Интерактивті тақтада тест тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманы орындайды.
Үйге тапсырма: А. Н. Колмогоров оқулығынан №425, 426 есептер.
Қорытындылау және бағалау: Оқушыларды сабақ барысында таратылған фишкалар және тест тапсырмасы арқылы бағалау.
«дөңгелек» фишкалар - 5 ұпайды
«төртбұрыш» фишкалар - 4 ұпайды
«үшбұрыш» фишкалар - 3 ұпайды білдіреді.
Оқушылардың орташа ұпайын шығарып бағалау.
19 277
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Алгебра 7 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Алгебра 7 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. (Алгебра 7 сынып)
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін, түсіндіріп, өз беттерімен жаттығулар орындауға баулу.
Алгебра пәнінен 7 -сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарларының үлгілері
Алгебра пәнінен 7 -сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарларының үлгілері
Натурал көрсеткішті дәреже» ұғымын таныстыру. Оның ережесін қорытып шығаруға үйрету, есеп шығаруда қолдана білуге баулу;
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту. Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу
Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер.
Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер.
Мақсаты: Оқушыларға дәреже дәреженің негізгі және көрсеткіші, натурал көрсеткішті дәреже, дәрежеге шығару ұғымдарымен, дәреженің қасиеттерімен таныстыру.
Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері
Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қожбанбет би атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Умбетов Марат Сейтбекұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×