Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ой жүйрік математикалық сайыс

19 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Математика
"Ой жүйрік" математикалық сайыс
(5 - сыныптар арасында математикалық сайыс)

«Ой жүйрік» математикалық ойыны.
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интер тақта, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: топқа сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде

Математикалық сайыстың барысы:
І: Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
ІІ: Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек,»- деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

І: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.

ІІ: Математикалық сайыс - бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.
Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:

Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі;
2. Тапқырлық сайысы;
3. Біліктілік сайысы;
4. Капитандар сайысы;
5. Жанкүйерлер сайысы
6. Ойымды жалғастыр;
7. Сөз жұмбақ сайысы;
8. «Қас қағам сәт» сайысы.
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
( К. Гаусс)
2. Ақыл – ойды тәртіпке келтірген математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
( Р. Бэкон)
Жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойнайық!
Қатардан атта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен – текке жоймайық.
Ойнайық, ойнайық та ойнайық!
Білімділік көрсетейік, сынайық.
Жеңсең де, жеңбесең де, ренішсіз болайық,
Қаймықпай көңілді болып тарайық!
Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға «Ой жүйрік» ойынына қош келдіңіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Ойшылдар», «Білгірлер» топтарын шақырамыз. Топтар орналасып болғанша, музыка қойылады.)

Басталық ақыл – ойдың дара кешін,
Халайық сендер бізді жақын келші,
Математика ғылымына ұмтылғандар,
Сен егер кім екенін білгің келсе.
Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді,
- дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 785
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Ең кішкентай математик
Ең кішкентай математик
БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, әлеуметтік педагогы Мурзалиева Акмарал Муратовна
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×