Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логикалық есептер

12 қаңтар 2012, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Атырау қаласының №2 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Махимова Раушан Мубаракқызы

Көмекші құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.

Мақсаты:
Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.
Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге, ұқыптылыққа баулу.

Логикалық есептер
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
*Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*Марат кешкі сағат 10 - да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 - ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан: "Жасың нешеде? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
102 377
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Олимпиада есептері 2 сынып
Олимпиада есептері 2 сынып
Логикалық математика – дәстүрден тыс және әртүрлі қызықты тапсырмаларды орындау үшін қажет пайымдау жасау, ой қорыту білігін қалыптастыру бойынша жасалған таңдау курсы.
Көңілді математикалық пойыз
Көңілді математикалық пойыз
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Баршаңызда «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ» атты жаратылыстану – математикалық бағытындағы пәндер бірлестігі апталықтың үшінші күнінде өткізгелі отырған «Көңілді математикалық пойыз» атты сыныптан тыс
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
Логикалық есептер
Логикалық есептер
Логикалық есептер
ХІХ ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойын
ХІХ ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойын
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебі Ержанова Жазира Төлегенқызы
Логикалық есептер (бастауыш сыныптарына)
Логикалық есептер (бастауыш сыныптарына)
Логикалық есептер. (бастауыш сыныптарына) *Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×