Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Олимпиада есептері 2 сынып

09 наурыз 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Олимпиада есептері (2 сынып)

Логикалық математика – дәстүрден тыс және әртүрлі қызықты тапсырмаларды орындау үшін қажет пайымдау жасау, ой қорыту білігін қалыптастыру бойынша жасалған таңдау курсы. Тапсырмалардың мазмұны оқушылардың оқу ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жоспарлы түрде оқушыларға математиканы оқыту әдістемесін дамытудағы қазіргі негізгі мақсатты ескере отырып құрылған жаттығулар жүйесіне кіреді. Логикалық математика қазіргі курстарының кеңістіктік, логикалық және абстрактілі ойлау қабілетін дамытуға бағытталған.

Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.
Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге, ұқыптылыққа баулу.

Міндеттері: Танымдық қызығушылығына жағдай жасай отырып, ізденімпаздыққа баулу.
Логикалық тапсырмалар арқылы жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту және қалыптастыру.
Сызба, кесте, сурет бойынша есеп құрастыра отырып оқушылардың іскерліктерін, тапқырлықтарын шыңдау.
Есептеу тәсілдерін, арифметикалық ойындарды, ауызша орындалатын тапсырмаларды пайдалану арқылы білімділік, кеңістік ұғымды дамыту.
Геометриялық фигураларды бір – бірінен ажырата білуге, тани білуге үйрету.
Математикалық басқатырғыштар, ребус, сөзжұмбақтарды шеше отырып, оқушылардың ұшқыр қиялдарын, сөздік қорларын дамыту.
Көңілді жаттығуларды, логикалық амалдарды қалыптастыруға, анықтамаларды жүйелеуге арналған тапсырмаларды дұрыс және шапшаң орындауға үйрету.

Логикалық сипаттағы тапсырмалар оқушылардың білімді жете меңгеру мен оларды өмір жағдайларында қолдана білу қабілеттерін анықтауға арналған.

Анаграммалар
Математикалық фигураларды табыңыздар
Ш Ұ Б Р Ш Ү Ы

Логикалық есептер.
Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма
Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр.
Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?

Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша.
Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?

Математикалық жұмбақтар
Егіз туған қос жүйрік
Жарысқа шауып терлейді.
Бірін – бірі көрмейді
Бір мәреге келмейді.

Үлкен, кіші сандар арасына
Таңбаларды қойған кезде
Алынады қандай өрнек
Білейікші оны бізде

Нүктеден екі сәуледен
Құрылған айтшы бұл не екен?

Логикалық лабиринт
Математикалық тәуелділікті тап.
9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,...

Математикалық тәуелділікті тап.
162 184 206
179? 193
1, 3,?, 7, 9

Математикалық викторина
Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?

Әсет Сәбитпен шахмат ойнап 2 рет жеңді, ал Сәбит Әсетті 3 рет жеңді. Тағы бір ойында олар тепе - тең түсті. Балалар неше рет шахмат ойнаған?

Арман тақта шоколадты екіге бөлді, содан соң оның бөлінген бір бөлігін тағы да екіге бөлді. Сонда Әсет шоколадты неше бөлікке бөлген?

Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 8 7 6 5 4 3 2 1
Әрбір екі қорапшада 10 конфеттен салынған. Мәдина бірінші қораптан бірнеше конфет алып жеді. Мұны көрген Дариға екінші қораптан бірінші қорапта қанша қалса, сонша конфетті жеп қойды. Енді екі қораптағы барлық қалған конфеттердің саны қанша болмақ?

4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр суды краннан қалай ағызып алуға болады?

Екінші сынып оқушылары екі - екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші болды, ал артынан санағанда төртінші болды. Сыныпта қанша оқушы бар?

Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық болады?

Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Мәрленге аға емес. Сонда Сұңғат кім?

Өрнектің мәнін тап.
Бір таңбалы сандар нешеу? Екі таңбалар ше?
2. 10, 11, 238, 5051, 7002 сандарының қосындысын тап.
3. Қосындысы 9 - ға тең болатын барлық есептерді жаз.
4. Алғашқы он натурал санды жаз және олардың ішінен барлық жұп сандарды ата.
5. Ең кіші бір таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы санды ата.
6. Ең кіші төрт таңбалы саннан бірлікті алғанда үш таңбалы сан шығуы керек. Ол қандай сан?
7. Қандай екі таңбалы санға бірлікті қосқанда үш таңбалы сан шығады?
8. Алдында сан болмайтын натурал санды жаз.
9. Мына өрнектерді жаз және айырмашылықтарын салыстыр:
88 – 36, 88 – 31, 88 – 35.
10. Орындарын ауыстырса да өзгермейтін бірнеше сандар жаз.

Өрнекті жаз және есептеп шығар
30 бен 13 - тің айырмасынан 8 - ді азайт.
2. 7 мен 6 - ның қосындысына 9 - ды қос.
3. 8 бен 4 - тің қосындысы 11 мен 6 - ның айырмасынан қаншаға көп?
4. 33 - ке 16 мен 9 - дың айырмасын қос.
5. 16 мен 8 - дің айырмасын 7 - ге арттыр.
6. 21 мен 29 - дың қосындысын 22 мен 12 - нің айырмасынан кеміт.

1. Берілген сандарды кему ретімен жазып көрсет: 19, 13, 15, 20, 11, 18, 12, 14, 17, 16
2. Аулада 17 қаз және сонша үйрек жүр. Аулада барлығы неше құс жүр?
3. Берілген сандардың көршілерін жаз:...., 14,......, 21,......, 31,...
4. Бірінші қосылғышы 11, екінші қосылғышы 12, үшінші қосылғышы 13. Қосындының мәнін тап.
5. Ұзындығы 6см және одан 4см қысқа кесінділер сыз.
6. Төрт қабырғасының ұзындықтары бірдей фигура сыз. Ол қалай аталады?
7. Қарбыздың салмағы 8кг. Осындай үш қауын неше кг болады?
8. Белгісіз қосылғышты тап: 40+...=42
9. Айырманың мәні 12 - ге тең 6 өрнек жаз.
10. Өрнектің мәнін тап және қосылғыштардың орындарын ауыстыр: 19+8
11. Әкесі 36 жаста, ал баласы одан 30 жас кіші. Баласы неше жаста?
12. Тиісті санды қой: 13 - 5 12 -... 20 - 8 21 -...
13. 19+1 - 20+...+10 - 5=14
14. 7 таяқша арқылы 3 үшбұрышты және 2 шаршыны қалай құрастыруға болады?

“Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін
Мүткенов атындағы орта мектебі” КММ
Жуматова Әлпеш Еренгалиевна
Бастауыш сынып мұғалімі
Олимпиада есептері 2 сынып жүктеу
44 664
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логика курсының бағдарламасы
Логика курсының бағдарламасы
Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
Логикалық ойлауды жетілдіру
Логикалық ойлауды жетілдіру
Балаларға логикалық тапсырмалар орындату арқылы терең ойлау қабілеттерін шыңдау, байқампаздылыққа баулу.
Қызықты математика курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Қызықты математика курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
6 - 7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі - дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
Авторлық бағдарлама
Авторлық бағдарлама
Бағдарламалық материалдарға математикалық білім, білік дағдыларды меңгеру үшін негіз болып табылатын логикалық білімдер жүйесінің енгізілуі өзіндік ерекшелік болып табылады
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Тараз қаласы №51 орта мектеп Құрастырған: математика пәні мұғалімі Нұрсейтова Айнаш Қанафинқызы
Математиканы арнаулы пәндермен байланыстыра оқыту
Математиканы арнаулы пәндермен байланыстыра оқыту
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Архабаева Жұпар Көпбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×