Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рационал сандарды салыстыру

23 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы,
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Байтанаева Динара Кенесбекқызы

6 сынып. Математика

Cабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға оң және теріс сандарды салыстыруды, 0 санын оң және теріс сандармен салыстыруды және теріс сандарды салыстыруды үйрету

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу

Мұғалімнің әрекеті
1 - әрекет.
Оқушыларды топқа бөлу. Геометриялық фигуралар арқылы
1 - әрекет. Сергіту сәті
1 - топ. Формулалар
2 - топ. Математикалық терминдер
3 - топ. Сандар түрлері
4 - топ. Геометриялық фигураларды жазып шығу керек.
3 - әрекет. Үй тапсырмасын тексеру.
№345 (1, 2, 3),№348(1, 2), №353 (1, 2)

4 - әрекет. Мағынаны тану:
Төмендегі ашық сұрақтарға жауап береді
1) Координаталық түзуде 0 - ден оңға қарай бағытта сан кеми ме, әлде өсе ме?
2) Координаталық түзуде 0 - ден солға қарай бағытта сандар қалай өзгереді?
3) Координаталық түзуді пайдаланып, сандарды салыстырыңдар:

5 - әрекет. Жаңа тақырыпты меңгерту.
«Ойлан - жұптас - бөліс» әдісі бойынша жаңа сабақты меңгертеді

6 - әрекет. Жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін
1) «Допты тосып алу» әдісі бойынша ашық сұрақтар қойылады:
а) координаталық түзуде рационал сандар қалай салыстырылады?
ә) қандай сандар 0 - ден үлкен?
б) қандай сандар 0 - ден кіші?
в) теріс сандар модульдері бойынша қалай салыстырылады?
2) Топтық жұмыс
1 - топ. Салыстыр: - 3*2; 3*0, 3; - 3, 8*- 0, 8
2 - топ. 8*- 2; - 3*5, 3; - 14*- 18
3 - топ. 0*- 9; 9, 2* - 1, 2; - 5*- 7
4 - топ. - 6*0; 3, 5 *- 7; - 9*- 1
7 - әрекет.
Жұптық жұмыс арқылы оқулықтан есептер шығарту
№3651), №366 (1, 4, 7),№368,№370, 374
8 - әрекет. Оң және теріс сандарды өмірмен байланыстырады.
Мысалы: ауа райының суықтығы - теріс санмен,
Ауа райының ыстығы - оң санмен,
Таулардың биік шыңы - оң санмен, көлдің тереңдігі – теріс санмен және т. б
«Ең, ең, ең» дүние жүзіндегі ең үлкен, ең кіші жануарлар, адамдар, әртүрлі затттарға сипаттама беріледі
Дүние жүзіндегі “Ең, ең, ең ” деген сипаттарға назар аудардыңыздар ма? Әрдайым өзінің бой - пішіндерін көруге дағдыланған адамның, жануардың, түрлі заттар мен жағдайлардың бізге “Осыншалықты болуы мүмкін емес” дейтіндей ерекше болып көрінуі бізді таңғалдырмай қоймасы анық. Әрі таңғалдыратын, әрі жалпы мәдениетті игертетін дүние жүзіндегі «Ең, ең, ең» деген сипаттарға мыналар жатады:
Дүние жүзіндегі ең үлкен сарқырама
(Ангел – Венесуэла – 1000 м)
Дүние жүзінің ең биік шыңы
Эверест – Азия – 8848 м.)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 062
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бүтін сандар. Рационал сандар
Бүтін сандар. Рационал сандар
Рационал сандардың ережелерін айтады. Координаталық түзу анықтамасын тұжырымдай алады, Берілген нүктені координаталық түзуде кескіндеуді түсіндіреді.
Оң және теріс сандар. Координаталық түзу
Оң және теріс сандар. Координаталық түзу
Оң және теріс сандарды координаталық сәуледе кескіндеу, математикалық сөйлеуге машықтану, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Оқушыларға рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу дағдысын қалыптастыру, есептер шығаруға үйрету.
Қарама-қарсы сандар Бүтін сандар. Рационал сандар
Қарама-қарсы сандар Бүтін сандар. Рационал сандар
Қарама – қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсініктерін дамытады оны есептер шығаруда қалыптастырады.
Рационал сандарды салыстыру
Рационал сандарды салыстыру
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосы, С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат Альмуратова Перизат Керизбаевна Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×