Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рационал сандарды салыстыру

20 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосы,
С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат
Альмуратова Перизат Керизбаевна
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Координаталық түзуде үлкен сан оң жақта, ал одан кіші сан сол жақта кескінделетінін, кез келген оң сан 0-ден және кез келген теріс саннан үлкен болатынын, кез келген теріс сан 0-ден кіші болатынын меңгерту.
Ә) Дамытушылық: Рационал сандарды салыстыра білу, оң және теріс сандарды жалпы түрде жаза
білу дағдысын жетілдіру.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ барысында өз бетімен жұмыстануға, шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Үшөлшемдік әдістемелік жүйе
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, жұмыс дәптері

Сабақтың жүрісі:
«Көпір» тапсырмалары
І кезең
1. Ұйымдастыру
2. Өткен сабақты қайталау:
1. Оң сандар дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Теріс сандар деп қандай сандарды айтамыз? Мысалы?
3. Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан бар ма?
4. Координаталық түзу дегеніміз не?
5. Қарама-қарсы сандар деп қандай сандарды айтамыз?
6. Бүтін сандарға қандай сандар жатады?
7. Рационал сандар жиынына қандай сандар кіреді?
8. Рационал санның модулі дегеніміз не?

ІІ кезең
Оқулықты пайдалана отырып, жаңа тақырыпты өз бетіңізбен меңгеріп көріңіз:
І. Координаталық түзу бойында үлкен сан . . . жақта, ал одан кіші сан . . . жақта кескінделеді.
Мысалы: -5 ... 5;
1 ... -3.

ІІ. Кез келген оң сан нөлден ...және кез келген теріс саннан ...
Мысалы: 2,5 ... 0;
2,5 ... -5;
... 0;
1,7 ... -8.

ІІІ. Кез келген теріс сан 0-ден ...және кез келген оң саннан...
Мысалы: - 4 ... 0; -5 ... 2; -3 ... 2,5; -2 ...
Рационал сандарды салыстыруды пайдаланғанда:
1) Егер а – ...сан болса, ол жалпы түрде былай жазылады: а > 0.
2) Егер b – ...сан болса, ол жалпы түрде былай жазылады: b 0 немесе а = 0 болса,
|а| = - а, егер а немесе < белгісі арқылы жазыңдар:

1) 8,7 мен 7,8;
2) -4,1 мен 2;
3) 2,9 бен -920 ;
4) -6 мен -11;
5) -18 бен -1,8;
6) -100 бен 0.
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)

1. Сандар модульдері бойынша қалай салыстырылатынын түсіндір.
2. № 394. Салыстырыңдар:

ІІІ деңгей (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)
1. № 399. Салыстырып, жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгісін қойыңдар:
Шығармашылық тапсырма:
1. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.
2. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп берді. Бірақ, корзинада 1 алма қалды. Бұл қалай?
3. Әсем поездың басынан санағанда 7-нші вагонға отырды. Марина поездың соңынан санағанда 7-нші вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болғаны?

Тапсырма: №384, №390, №391.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 262
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Рационал сандарға амалдар қолдану. Теріс сандарды қосу
Рационал сандарға амалдар қолдану. Теріс сандарды қосу
Оқушылардың теріс сандарды қосу тақырыбы бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу;
Рационал сандарды көбейту
Рационал сандарды көбейту
Рационал сандарды көбейту ережелерін түсіндіру, оны есептер шығаруда дұрыс қолдана алуға үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Оқушыларға рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу дағдысын қалыптастыру, есептер шығаруға үйрету.
Қарама-қарсы сандар Бүтін сандар. Рационал сандар
Қарама-қарсы сандар Бүтін сандар. Рационал сандар
Қарама – қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсініктерін дамытады оны есептер шығаруда қалыптастырады.
Рационал сандарды салыстыру
Рационал сандарды салыстыру
Оң және теріс сандарды салыстыруды, 0 санын оң және теріс сандармен салыстыруды және теріс сандарды салыстыруды үйрету
Теріс сандарды қосу
Теріс сандарды қосу
Пән мұғалімі: Жорықбаева Индира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×