Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық эстафета

16 желтоқсан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Қызылорда облысы, Шиелі кенті,
№48 Ә. Қоңыратбаев атындағы орта мектеп
Математика - информатика пәні мұғалімі
Уашев Мырзағали

Сабақтың тақырыбы: Математикалық эстафета
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: топтық сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде

Жоспары:
1. Математикалық эстафета
2. Қателеспе
3. Жұмбақтар
4. Шырпымен ойын
5. “Сиқырлы квадрат”
6. Көңілді санау
7. Бірден сызып шық
8. Қорытынды

Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға «Математикалық эстафета» атты математикалық сайысына қош келдіңіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.).«Жалын» тобы мен «Тұлпар» топтарын ортаға шақыру.
Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын - толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

І бөлім. Математикалық эстафета
1. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
2. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды? (галактика)
3. Диаметрдің жартысы? (радиус)
4. Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар (құрама сандар)
5. Алымы бөлімінен кіші бөлшек /Дұрыс бөлшек/
6. Санның ең кіші ортақ еселігін қалай табамыз?
7. Оң және теріс сандарды қалай ажыратамыз?
8. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
9. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
10. 1/10 санының кері саны? (10)
11. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
12. Шахмат ойынының отаны
13. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата
14.“Миллион” деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы?

Жүргізуші: Келесі «Қателеспе!» деп аталады. Бұл бөлімде таңдап алған фигураларыңыздағы үшбұрыштардың саны қанша екенін айтасыздар.

 Жарыс заңы ежелден,
 Жеңімпазды анықтау.
 Жеңімпаз болу шарты сол,
 Еңбектену жалықпау - жеке – жеке сұрақтар қойылады, жылдам тез жауап беруі қажет.

Жүргізуші: IV бөлім. «Ойланып көр» деп аталады. Жұмбақтар оқылады, сол жұмбақтардың дұрыс жауаптарын жазу керек. Әр дұрыс жауап 30 ұпай.

1. Өзі төрт қанатты және алты аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. (инелік)

2. Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде
Бірін - бірі көрмейді. (көз)

3. Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (қолғап)

4. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр бес ешкі
Екі қоян, үш түлке
Таба алмасаң бос күлкі. (28)

5. Бір - бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан,
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді? (8)

6. Түйе, бота аң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой. (15)

7. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан - жағына қарамай. (натурал сан)

8. Бүтін, бөлшек бөліктерден,
Барлығыда бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда. (ондық бөлшек)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 396
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Тек ғана математика
Тек ғана математика
Қарағанды қаласы Математика - информатика мұғалімі Кулшархан Темиреева
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×