Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тригонометриялық функциялардың графиктері мен қасиеттері

02 наурыз 2018, Жұма
Категориясы: Математика
Пән атауы: Математика
Тобы: АД - 13к
Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың графиктері мен қасиеттері
Құзіреттілікті қалыптастырудағы сабақтың мақсат - міндеттері:
А) проблеманы шешу жолдары Оқыту:
- Тригонометриялық функциялардың қасиеттері мен графиктерін түрлендіру барысында қолдану әдістерін пысықтау. Ұлттық бірыңғай тестілеуде жиі қолданылатын тригонометриялық тепе - теңдіктер мен келтіру формулаларын қолдану тәсілдерін қарастыру.
- есеп шығаруда кездесетін қателіктерді жою және тиімді жолдармен шығару жолдары;
Б) ақпараттық - тригонометриялық функциялардың қасиеттеріне сүйеніп нақты шешім қабылдай алу,
- өз бетінше мақсат қою және мақсатқа жету жолдарында қажетті ақпараттарды пайдалана білу;
- шешімді табу, талдау, таңдау жасау, түрлендіру, сақтау, тарату үшін ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану;
- ақпараттарды өңдеу, логикалық есептерді шешу (талдау, саралау, түсіну, құрылымын ұғыну, нақты және қосымша дәлелдемелер, ойша модельдеу, тәжірибе жасау, берілген мәліметтерді жүйелеу)
В) коммуникативтік
- есептерді шешу үшін әртүрлі ауызша және жазбаша жұмыстарын жүргізу
- коммуникативтік мәселелердің шешу жолдарын табу;
- жеке тұлға және қоғам қалыптастыруға бағытталған мәдени және шығармашылық жұмыстарға қатысу.
Сабақ типі: Лекция
Аралас
Сабақта қолданылатын технологиялар:
- оқу материалдарын әдістемелік және дидактикалық кешендер арқылы меңгерту технологиялары: жеке дара ерекшеліктеріне деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
- оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқарудың педагогикалық технологиялары: АКТ, жеке және топтық оқыту әдістері, оқытудың дифференциалдық технологиялары
- оқытудың дамытушылық технологиялары: жазу және оқу арқылы ойлауды жан - жақты дамыту технологиялары, оқытуды дамыту технологиялары.

І. Ұйымдастыру кезеңі А) Сәлемдесіп, аудиторияның тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау
Б) Оқушыларды түгендеп, журналға белгі соғу
В) Кезекшінің жұмысын тексеру
Г) Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру - Ауызша сұрақтарды реті, жүйесі бойынша оқушыларға беру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру - Қажетті формулаларды беру
- Мысалдар арқылы түсіндіру
IV. Жаңа білімді меңгерту - Жаңа тақырыптағы формулалар бойынша оқушыға түсінгенін іс жүзінде қолдануды тапсыру, бақылау
- Оқушының тақтада және өз орнында оқулықтағы есепті шығаруына бағыт беру
- Есепті тексеріп отыру

V. Жаңа білімді бекіту - Тақырып бойынша тест тапсырмалары арқылы әр оқушының жаңа материалды игеру деңгейін анықтау
- Оқушыдан кеткен қателікті анықтау және талдау
VІ. Бағалау Оқушыны бағалап, журналға баға қою
VІІ. Үй тапсырмасын беру - тест құрастыру
- есептер шығару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Миға шабуыл» әдісі (сұрақ - жауап)
1. Тригонометрия сөзінің мағынасы?
2. Тригонометрияның кім тапқан?
3. Тригонометриялық функцияларды ата.
4. sin1800 мәні нешеге тең?
5. соs00 мәні нешеге тең?
6. tg 900 мәні нешеге тең?
7. ctg 450 мәні нешеге тең?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақта негізгі тригонометриялық функциялардың қасиеттерін меңгеріп, қарапайым түрлендірулер көмегімен олардың графигін салудың алгоритмін қолдана отырып тригонометриялық функциялардың графиктерін салуды қарастырамыз.
Енді, тригонометриялық функцияның графигін салуға тоқталайық.

Тригонометриялық функциялардың графиктері мен қасиеттері. жүктеу
2 862
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Алгебра 10 сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Алгебра 10 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 10 сынып
Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық функцияларды қосынды немесе айырым түріне келтіру.
Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық функцияларды қосынды немесе айырым түріне келтіру.
Оқушыларға тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосынды немесе айырымға түрлендіру формулаларын меңгерту.
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Тригонометриялық функциялардың туындыларының формулаларын пайдаланып есептер шығару, өз білімдерін толықтыруға үйрету. Өз ойын жеткізе білуге, математикалық шешендік тілін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Кері тригонометриялық функциялар
Кері тригонометриялық функциялар
Кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу арқылы математикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері
Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері
Тригонометриялық функциялардың қасиеттері туралы оқушылардың білімін бекіту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×