Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логикалық тапсырмалар жауабымен

01 тамыз 2019, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Логикалық тапсырмалар
1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белгілі болса?
Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Жауабы: Медет
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш
5. Тік төртбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар. Жауабы:
6. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық
7. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
8. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат – үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?
Жауабы: 1 - Марат, 2 - Асет, 3 - Талғат
9. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
10. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
Жауабы: үшеу
11. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Жауабы: екі сағат
12. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары
13. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы
14. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
15. Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады?
Жауабы: 3+3=6 6 - 5=1 3+1=4л
16. Бес гномға үш қызыл және төрт көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үш қызыл және екі көк капюшонды гномдардың бастарына кигізеді. Қалған капюшондар жасырылады. Жарық жағылады. Гномдардың қайсылары өз бастарындағы капюшонның түсін таба алады?
Шешімі: екі көк түсті капюшон киген гномдар таба алады. Себебі көк капюшон киген гном алдында үш қызыл және бір көк капюшон киген гномдар тұрады. Ал қызыл капюшон саны үш, қалғаны көк. Сондықтан өз басындағы да көк.
17. Үш гном бар. Сол үш гномға үш қызыл және үш көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үшеуіне екі қызыл және бір көк капюшонды кигізіп, қалғандарын жасырады. Гномдардың қайсысы өз басындағы капюшоның түсін таба алады?
Жауабы: ешқайсысы
18. Үш оқушы үш мектептен лагерге келді. Тәрбиеші олардан кім қай мектептен келгендерін сұрады. Оған: Бейбіт: мен 24 - шы мектепте, ал Айдын 8 - ші мектепте оқиды. Айдын Мен 24 - ші мектепте, ал Бейбіт 30 - шы мектепте оқиды. Диас: Мен 24 - ші 5 Құрастырған: Маженова Жаңагүл, Байназаров Талғат мектепте, ал Бейбіт 8 - ші мектепте оқиды деді. Тәрбиеші мына жауаптардан түк түсінбеді. Сосын үш оқушы айтқандарының бірі ғана дұрыс екенін мойындады, ал екеуі өтірік деді. Оқушылардың айтқандарының қайсы рас, қайсы жалған? Кім қай мектепте оқиды?
Логикалық тапсырмалар жауабымен. жүктеу
5 993
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математика пәнінен логикалық есептер жинағы
Математика пәнінен логикалық есептер жинағы
Математика пәнінен логикалық есептер жинағы 1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді?
Бастау олимпиадасы логикалық есептер
Бастау олимпиадасы логикалық есептер
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Үстел үстінде неше стакан қалды? Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам қыдырып жүр?
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
«Математика - Информатика - Физика және Химия, Биология» апталығының ашылу салтанаты
«Математика - Информатика - Физика және Химия, Биология» апталығының ашылу салтанаты
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы, Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің математика пәні мұғалімі Сатбергенова Сара Батырбекқызы
Жанұя және математика
Жанұя және математика
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Береке негізгі мектебінің математика және информатика пәні мұғалімі Баймұханова Ардақ Сағынғалиқызы
Өзендер
Өзендер
Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің география пәні мұғалімі Балманова Гульмира Советқызы Сыныбы: 5 Тақырыбы: Өзендер Мақсаты: а) білімділік: оқушыларға өзен,өзен жүйесінің бөліктері,олардың орналасу ерекшеліктері мен олардың шаруашылықтағы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×