Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киелі аспап - қобыз!

19 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап - қобыз

Мақсаты: Оқушыларды қобыз аспабымен таныстыру, күй атасы - Қорқыт жайлы түсінік беру, қобызға арналған күйлерді тыңдату.
1.. Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана сезімін, ой - өрісін кеңейту. Өткен заман мен қазіргі заманды сабақтастыра отырып баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру.
2. Музыкалық қабілеттерін одан әрі дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Туған жердің табиғатын сүюге, жан - жануарларға қамқор болуға баулу.
3. Музыка арқылы адал, сезімтал, адамгершілікті, салауатты, инабатты бала тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қобыз, домбыра аспаптары, слайд көрсету, үнтаспа, Қорқыттың суреті, қобыз аспабы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын элементтері, музыка тыңдау.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме?
Сәлем бердік сізге!
Ән сабағы сыйласын,
Жарқын көңіл бізге.
Сұлу сазды әнім,
Күймен жырлар сәнім.
Өнерліге құрметпен,
Қол соғыңдар бәрің!!!

Үй тапсырмасын сұрау:(слайд)
Нені білдік?
Күйші композитор Құрманғазы
Батыс Қазақстан
Атасы Алқа
Әкесі Сағырбай
Шәкірті Дина
Күйлері «Ақсақ киік» «Адай» «Балбырауын»
Еркіндік, теңдік үшін күрескер

Жаңа сабақ: І. Жаңа тақырыптың аты «Қимылды түсін» ойыны арқылы ашылады.
«Киелі аспап - қобыз»
(Слайд арқылы түсіндіріледі)
а) Қобыз – көнеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы. Скрипка аспабының атасы саналатын қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген.
Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады. Себебі, қобыз тартқан бақсы сынды жандардың адам тағдырына әсер ететін күші, бойында үлкен қабілеті бар болған. Қобыздан шыққан үн адам бойындағы әлсіздік я жағымсыз күштерді сыртқа шығарып, оған күш - қуат береді.
Қоңыр үнді қобыз ғасырлар сырын жетелейтін киелі аспап. Қобыз десе біздің санамызға Қорқыт ата түседі. Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті қара қобыз ғасырдан - ғасырды жалғап, сазды сарынын үзбей қазақ халқының қуанышы мен қайғысын жеткізіп келеді.
«Нарқобыз», «Қылқобыз», «Прима - қобыз» деп бөлінген топтарға тапсырма беріледі: «Алма ағашына» жауап берген сайын алма ілінеді. (1алма - 10 ұпай)
1) Қорқыт ата кім болған
2) Қорқыттың Қорқыт деп атануы
3) Қобыз аспабының шығу тарихы
ә) «Қобыздың атасы» атанған Қорқыт баба VIII - IX ғасырда қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыт алдағы күнді болжаған көріпкел, шебер
күйші және жыршы болған. Кішкентай күнінен бастап көптеген аспаптарда шеберлікпен ойнаған. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді.

Қорқыттың Қорқыт деп атануы
Қорқыт дүниеге келер кезде жер дүниені қара түнек басып қатты дауыл соғып ел жұрттың үрейін ұшырады... Бала анасынан туа тіл қатып, сөйлей бастайды. Алғашында «бұл жеті басты жалмауыз болар» деп қорыққан жұрт оның адам нәсілі екенін көргеннен кейін ғана көңілдері жайланады. Содан, бұл ерекше болып өмірге келді, бәрімізді қорқытты деп, есімін Қорқыт деп қояды.
Қорқыт жасынан өте ұғымтал, болып өседі. Ол аспаптардың бәрінде керемет ойнайды. Адам мен жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 341
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап – қобыз Сабақтың тақырыбы: Күй аңызын ардақтай жеткізген Дәулет Мықтыбаев Сабақтың тақырыбы: Қобыз Сабақтың тақырыбы: Қобыз аспабында ойнау шеберлігін арттыру
Киелі аспап - қобыз
Киелі аспап - қобыз
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсат: қазақтың ұлттық аспаптары жайында әңгімелеу, солардың ішінде қобыз тарихына тоқталу. Белгілі сазгер Қорқыт жайында мағлұмат беру. Жаңа ән үйрену.
Киелі аспап
Киелі аспап
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының аспабы қылқобыз жайлы әңгімелеу, қылқобыз аспабымен танысу. Білімділік: Аспаптың шығу тарихымен танысу
Киелі аспап - қобыз
Киелі аспап - қобыз
Қорқыт ҮІІІ - ІХ ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз - қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, алдағы күнді болжаған көріпкелі және шебер күйшісі болған. Қорқыт - қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың
Ұлттық музыкалық аспап
Ұлттық музыкалық аспап
«Алтын кілт» балабақшасының саз жетекшісі Тынысбаева Айнаш Ажигалиевна
Қобыз. Сын есім тудыратын жұрнақтар
Қобыз. Сын есім тудыратын жұрнақтар
СҚО, Петропавл қаласы. "Тәрбие және дамыту мәселелері жөніндегі базалы № 23 орта мектептің"КММ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Махмұтова Салтанат Сабырқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×