Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық музыкалық аспап

20 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: « Ұлттық музыкалық аспап»
Мақсаты: Балаларды ұлттық аспаптармен таныстыру.
Ұлттық аспаптарды бір бірінен ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілдері: таныстыру, сұрақ - жауап, қимыл жаттығуы, би қимылдары, аспаптарды таныстыру, тыңдау.
Сабақтың көрнекілігі: аспаптар: домбыра, қобыз, сыбызғы. Ұлттық аспаптар
бүктемесі. Интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Балалар залға марш әуенмен кіреді.
Жетекші:
- Сәлеметсіз бе балалар? ( до – ре – ми – фа – соль – соль - соль)
Балалар:
- Сәлеметсіз бе! (соль – фа – ми – ре – до)
Музыка жетекшісі: (қолына білезік тағып)
Оң қолымда білезік
Сол қолымда білезік,
Сәнді көйлек киелік
Бәріміз бірге билейік.
(Қимылдарын мәнерлі ырғағына сай орындауға назар аудару)

- Екі қолды алға созып, қолды ішке қарай бұрау, тізені бүгіп тұру;
- Екі қолды жоғары көтеріп, қол буындарын ішке қарай бұрау, тізені бүгіп тұру;
- Қолды екі жаққа созып, қол буындарын бұрап, бір орында айналу;
Балалар баяу музыкамен орындарына отырады.
Жұмбақ жасыру
Ұзын мойын екі шек,
Қатар – қатар тепкі
Басып қалсаң бір бірлеп
Күй шығады күмбірлеп.
- Балалар, Бұл жұмбақ қандай музыкалық аспап туралы? (Домбыра)
- Біз домбырадан басқа да аспаптарды білеміз ғой? (иә)
Ұлттық аспаптар туралы жалпы түсінік беру.

Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Бұл аспапты халық арасынан шыққан небір шеберлер ерекше әсемдеп, шешен сөйлеуге тырысқан.

Қобыз – Ысқыспен ойналатын, қос ішекті ескі музыкалық аспап. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда, бұл қобыздың пайда болуы сегізінші ғасырда өмір сүрген, күй атасы Қорқыттың есімімен тығыз байланысты.

Жетіген – жеті ішекті шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптардың бірі. Бұрауы жоқ. Сондықтан оны, құлақ күйі жеті асықты ілгерілі – киінді орналастыру арқылы келтіреді. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады.

Сыбызғы – үрлеп ойнайтын ескі музыкалық аспап. Бармақ басатын үш тетігі бар. Сыбызғы аспабының үні самал желдей майда, үні жұмсақ, ерекше әсерлі. Сыбызғы негізінен ағаштан және қурайдан жасалады.

Жетекші:
- Композитор Н. Тілендиевтің «Ата толғауы»күйін үнтаспа арқылы тыңдату.

Жетекші:
- Күйді тыңдай отырып, қандай таныс аспаптардың үнін естідіңдер?(домбыра, қобыз, сыбызғы т. б) Музыкалық дидактикалық ойын
«Аспапты тану»
Ойын ережесі: Үнтаспа арқылы аспаптар үні беріледі (балалар қимылмен көрсетеді)
Домбыра – Домбыра аспабында қалай ойнайды? (Шертіп) Ендеше шертпелі аспап
Қобыз – Қобызды қалай ойнайды? (Ысып) Ендеше ыспалы аспап
Жетіген – Жетіген аспабында қалай ойнайды? (Шертіп) Жетіген шертпелі аспап
Сыбызғы – Сыбызғы аспабында қалай ойнайды? (Үрлеп) Үрмелі аспап

Сергіту сәті
«Әуенін тап»
Шарты: Музыка жетекшісі үнтаспа арқылы әртүрлі әуендерден үзінді ойнатады.
Балалар, сол әуендердің қандай ән екенін естеріне түсіріп, әннің атын атайды. Ойын
«Аспаптарды ажырат»
Ойынның шарты: Тақтаға ұлттық аспаптардың суреттерімен қатар әр түрлі суреттер ілінеді. Балалар сол суреттердің ішіндегі ұлттық аспаптардан басқа суреттерді алып тастаулары керек.

Қорытынды.
Балаларды шеңберге тұрғызу.
- Тақтада қандай суреттер қалды? Домбыра, сыбызғы, қобыз т. б
- Міне, біз оларды бір сөзбен нелер деп айтамыз? аспаптар
- Біз ұлттық аспаптардың түрлерімен таныстық.
- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Жарайды, ендеше жақсы көңіл - күй мен сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар
(Марш екенімен залды айналып шығу)
41 046
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баскетбол. Допты алып жүру
Баскетбол. Допты алып жүру
Допты алып жүру техникасын меңгерту, жылдамдыққа, ептілікке баулу.
Қазақтың ұлттық аспаптары. Ата-аналар мен балалар арасындағы викториналық сайыс
Қазақтың ұлттық аспаптары. Ата-аналар мен балалар арасындағы викториналық сайыс
Балалардың қазақтың ұлттық аспаптарына деген қызығушылығын дамыту. Балалардың ұлттық аспаптарға деген қызығушылығы арқылы патриоттық сезімін ояту, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру. Ұлттық аспаптар туралы түсінігін кеңейту.
Орманға саяхат
Орманға саяхат
Балаларды бір тізбекпен жүруге, «жыланша» ирелеңдеп жүгіруге, шашырап жүгіруге жаттықтыру. Гимнастикалық отырғыштың үстімен қолды жанға созып жүруді, тұрақты тепе-теңдікті сақтап жүруге үйрету, екі аяқпен жеңіл секіруге жаттықтыру
Ұлттық ойын – Асық»
Ұлттық ойын – Асық»
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Коғалы ауылы, Панфилов атындағы орта мектеп дене шынықтыру пәні мұғалімі Имандосов Болат Кенесбекович
Бастауыш сынып дене тәрбиесінен сабақ топтамасы
Бастауыш сынып дене тәрбиесінен сабақ топтамасы
Солтүстік Қазақстан облысы, "Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы Есіл ауданының №3 Явленка орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Абжанов Берик Ергалиевич
Гимнастика тепе –теңдікті  сақтау
Гимнастика тепе –теңдікті сақтау
БҚО, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы, ЖББ Х. Халиуллин атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қалмияров Жансерік Қайратұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×