Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен және менің мектебім

14 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Мен және менің мектебім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. Таныс дыбыстар мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау.
2. Соль ми ноталарының биіктігін естіп анықтау.
3. Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Мектеп Школа School

Сабақтың басы
Қоңырауды соғамыз
Ертеңгілік шеңбері
Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен Соль, ми ноталарының биіктігінде құрылған әуенмен үш тілде сәлемдесу: Сәлеметсіңдерме балалар!
- Здравствуйте дети - Hello, children!»
Оқулықтағы жұмбақты шешу арқылы ән тақырыбын ашу
- Балалар бұл қандай құрал? Қоңыраудың үнін естігенде неге өз орындарыңа асықтыңдар?
- Қоңырау үні балаларды мектепке шақырады, сабақ басталатынын білдіреді
Дауыс жаттығуы Соль, ми ноталарында
«Сылдыр, сылдыр қоңырау,
Сыңғырлаған көңіл - ау»

Сабақтың ортасы
Жаңа сабақты түсіндіру
(Т, МК) Оқушылар оқулықтағы сурет бойынша өзі білім алып жатқан мектебі туралы әңгімелейді.
(Ұ) Ән үйрену: А. Меңжанова «Біз мектепке барамыз»

Оқушыларға сұрақ: Әнді қалай (қатты, жұмсақ) орындаған дұрыс?
Қорытынды: Ән жұмсақ, әуенді, сазды орындалады. Содан кейін әннің ырғағына сәйкес қол шапалақтай отырып орындау
«Біз мектепке барамыз» әнінің көңіл күйіне қарай келетін смайликті таңдау, неге оны таңдағанын түсіндіру, әнні көңіл - күйін ажырату
(Ұ) Үштілділік Мектеп Школа School
(Т) Топқа бөлінген оқушыларды тапсырма. Топ атауы мектеппен байланысты болу керек
1-топ - Әнні мазмұны не туралы?
2-топ Сен мектепке не үшін келесің?
3-топ Үлгілі оқушы қандай болу керек деп ойлайсың?
Барлығына Музыка сабағында не үйренесің?
Оқушылар өзінің мектепке не үшін келгенін, өздерінің алға қойған мақсатын орындау үшін қандай оқу құралдарын пайдаланатынын айтады. Оқулықта берілген сурет бойынша сыныпта болатын заттардың бірін таңдап, оның не үшін қажет екенін айтады.
Тапсырма: Берілген суреттер бойынша артық затты табу, не үшін артық екенін түсіндіру.
Музыкалық сауаттылық: Қоңырау – шулы аспап. Оны сілкіп ойнайды.
(Ұ) Музыка тыңдау «Қоңырау» А. Меңжанова қайырмасының әуені қоңырау аспабымен сілкіп ойналып, ән қайырмасында дыбыс биіктігіне көңіл аударылады.

Сабақтың соңы
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.

Сабақ соңында оқушылар шеңберге тұрып, қимыл - қозғалыс жасайды - солға адымдау, оңға адымдау, 3 рет шапалақтау, пауза (төртке дейін санау) және басынан қайталау.

Жерұйық негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі
Калкешева Маншук Серикбаевна

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
9 664
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің есімім
Менің есімім
Осы сабақты меңгертуге қол жеткізетін оқыту мақсаттары 1. 1. 3. 1 Жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп, анықтау. 1. 2. 2. 1 Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану
Өзіңді таны
Өзіңді таны
Осы сабақты меңгертуге қол жеткізетін оқыту мақсаттары 1. 1. 1. 1 Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл - күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау 1. 1. 2. 1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Сауат ашу. Ә дыбысы мен әрпі.
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды. Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды. Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.
Оқушымын мен енді! Сөйлеу.
Оқушымын мен енді! Сөйлеу.
Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап (әңгімелер, ертегілер) талқылайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×