Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзіңді таны

03 мам 2020, Жексенбі
Категориясы: Музыка
1 - сабақ жоспары
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Өзіңді таны
Күні:
Сынып: 1
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Осы сабақты меңгертуге қол жеткізетін оқыту мақсаттары
1. 1. 1. 1 Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл - күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау
1. 1. 2. 1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
1. 1. 2. 2 Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Дыбыстар мен символдар арасындағы байланысты анықтай бастайды.
Curwen қол қимылы жүйелік белгілерімен танысады
Оқушылардың көпшілігі:
Ән айтады және аспапта ойнайды (жеке және топ құрамында).
Музыкалық сауаттылықты дамытады.
Кейбір оқушылар:
Қажет жағдайда басқаларды қадағалайды.
Дыбыстар мен символдарды байланыстырады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: Өзі туралы әңгімелеп бере алады.
Пән лексикасы мен терминолоиясы:
Әуен, музыкалық дыбыс, ырғақ
... секілді сезіледі
... секілді естіледі
Диалог\жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Сен музыкалық дыбысты қалай сипаттар едің?
- Музыка тыңдағанда қандай сезімде боласың?
- Музыкалық дыбысты неден, қайдан естиміз?
- Музыкалық дыбыстың биіктігін салыстыр.
Бастапқы білімдер
Оқушылар өткен сабақта үйренген әндерін орындайды.
Өз шығармашылықтарын көрсетеді.
Сабақ барысы
Сабақ сатылары
Сабақтағы жоспарланған әрекет
Ресурстар
0 - 5 минут
Сабақ басталар алдында «Мектебім» Б. Бейсенованың әні орындалып тұрады.
Сыныпта ілулі тұрған Ы. Алтынсарин өлеңінің тазмұнымен таныстыру.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқушылармен үш тілде әуенді сәлемдесу:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! – Здравствуйте, дети! – Hello, children!
Оқушыларды оқулық мұқабасымен, алғашқы беттегі арнау сөзбен, шартты белгілерімен, тарауға берілген сурет мазмұнымен таныстыру. Оқулық арқылы не үйренетіндіктерін айту.
ҚР Мемлекеттік Гимнінің композиторымен және сөзін жазған авторларымен таныстыру, аудиожазбадан тыңдау.
Алғашқы қоңырауға арналған суреттер
Үш тілді сөздік
Аудиожазба
Сабақтың ортасы
Ой қозғау
- «Мектебім» әнінің мазмұны, көңіл - күйі саған қандай әсер қалдырды?
(Ұ, Ж) Ән әуенінен алған әсерін, сезімін сипаттап беруін сұраңыз (көңілді, жайдары, шаттана т. б)
Әдемі әуені бар сазды дыбыстардың музыкалық дыбыстар деп аталатынын түсіндіру.
(Ұ) Үштілділік: «Сәлем! – Привет! - Hello»;
«әуен – мелодия - melody» сөздерін үш тілде бірге қайталау.
Ағылшын ұстазы, музыка маманы Дж. Кервеннің дыбыстарды қол қимылымен көрсету тәсілімен таныстыру. Қолдың әр қимылының қандай дыбысты білдіретінін сурет арқылы көрсету.
(Ұ, Қ) Музыка тыңдау: «Сәлемдесу» әнінің әуенін соль, ми дыбыстарымен айтып көрсетіп, биік, төмен дыбыстар туралы түсінік беру. Оқушылар биік, төмен дыбысты қол қимылымен кқрсетеді, айырмашылығын сезеді. Бірге қосылып қайталау.
(МК, Ұ) Соль, ми (G және E) ноталарында қарапайым әндерді қол қимылымен көрсету. Мұғалім Curwen жүйесі бойынша қол белгілерін қолданады. Кітапта берілген суретке қарай отырып әр дыбыстың көрсету ерекшелігін түсіндіру.
(Ұ, Қ) Оқушылар «біркелкі соққы» түсінігімен танысады, тізелерін және иықтарын ұрғылай отырып біркелкі соққы үлгілерін көрсетеді.
(Ұ, Қ) Әрбір оқушыға ұрмалы аспап беру. Оларға осы аспаппен «Сәлемдесу» әнінің ырғағын ұрып ойнауды көрсету. Әннің ырғағын қандай екеніні анықтау.
Барлық сынып оқушылары шеңберге тұрып, музыка ырғағын марш екпінінде көрсетеді.
Мектеп туралы түрлі суреттер
Curwen қолдың жүйелік белгілерінің кестесі
Audacity дыбыс жазуға арналған бағдарлама
Марш екпініндегі музыка
Сабақтың соңы
35 - 45
(Ұ, Ө, Қ) Әнді екі нотада әндете отырып ұрмалы аспапты(асатаяқ) бір оқушыға беру, ол келесі оқушыға береді, осылайша жалғаса береді.
Ырғақтар жазылған карталар
Асатаяқ
Қосымша ақпарат
Дифференциация – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Неғырлым қабілетті оқушылардың алдыеа қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды игері деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік АКТ – мен байланыстар. Құндылықтармен байланыстар (тәрбиелік элемент)
Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді дифференциациялау.
Оқушы жүргізуші бола алады. Қорытынды міндеттегі неғұрлым күрделі ырғақтар.
Бақылау, тыңдау, ойлануға берілген сұрақтар:
- Биік, төмен дыбыстың бір - бірінен айырмашылығы қандай?
- Музыкалық дыбыстан не шығады?
- Curwen қолдың жүйелік белгілерін қалай түсініп қабылдадыңдар?
«Дүниетанумен» байланыс.
Басқалармен бірге жұмыс істеу, түрлі пікірлерді құрметтеу.
Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаттары шынайы болды ма?
Оқушылар бүгін нені үйренді?
Сабақтағы көңіл күй қандай болды?
Менің дифференциациялық әдісім дұрыс жұмыс істеді ме?
Сабақтың барлық кезеңдерін берілген уақытта жүргіздім бе?
Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім?
Қорытынды баға
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті?(сабақ беру, үйрету туралы ойланыңыз?
1.
2.
Қандай екі нарсе сабақты жақсартатын еді( сабақ беру туралы сондай - ақ үйрету туралы ойланыңыз?
1.
2.
Мен сабақ барысында сынып және жекеленген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім?
1.
2.
2 - сабақ жоспары

Сабақтардың толық нұсқаларын жүктеп алу
2 209
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің дауысым
Менің дауысым
Осы сабақты меңгертуге қол жеткізетін оқыту мақсаттары 1. 1. 2. 1 Қарапайым музыкалық пьесаларды, жаттауға берілген әндер мен шағын әндерді жеке орындау. 1. 4. 2. 1 Музыкалық сауаттылықты дамыту.
Менің есімім
Менің есімім
Осы сабақты меңгертуге қол жеткізетін оқыту мақсаттары 1. 1. 3. 1 Жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп, анықтау. 1. 2. 2. 1 Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану
Күмбірлеген күміс күй. Дәулеткерей Шығайұлы
Күмбірлеген күміс күй. Дәулеткерей Шығайұлы
Шығайұлы Дәулеткерей (1814 - 1887 ) — қазақтың әйгілі күйші композиторы, төкпе күйлерінің негізін қалыптастырушы.
Көңілді дыбыстар
Көңілді дыбыстар
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың
Күмбір күйдің шебері (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
Күмбір күйдің шебері (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
Күмбір күй шебері Тұяқберді Шәмелов» (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
Музыкалық дыбыстар
Музыкалық дыбыстар
ШҚО, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы Васильковка негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі Абильмажинов Нариман Талгатович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×