Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Драма үйірмесінің бағдарламасы мен тақырыптық жұмыс жоспары

31 қазан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Драма үйірмесінің бағдарламасы мен тақырыптық жұмыс жоспары
1. Мақсаты: оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
- оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру;
- ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
2. Міндеті:
- әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;
- көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
- жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
- актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.
3. Жаңашылдығы:
- бағдарламада театрлық - ойын әрекетінің құралдары жүйеленген, балалар шығармашылығының түрлі жанрлары театрлық көрініске ену арқылы іске асуына негізделген.
Кіріспе.
Оқушылардың тілі мен ойлау қабілетін қалай дамытуға болады? Сөздің сырын түсінуге қалай үйрету керек? Әлемді тануға, елгезектік пен қайырымдылық, біреудің қайғысына ортақтаса білу мен барлық тіршілік иесін жақсы көруге қалай үйрету керек?
Эмоционалдық ұялшақтықтан, қысылып - қымтырылудан арылу мен сөзді, образды сезіне білу мен кейіпкерге ене білуді үйренудің ең дұрыс жолы - бұл ойын қиялдау мен құрастыра білу. Мұның барлығын да театрландырылған үйірме бере алады. Аталмыш бағдарламада балалар театры тек қана көркемдік нәтижеге жету құралы, яғни спектакль қою ретінде ғана қарастырылмайды. Сонымен қатар, театр өнерімен шұғылдану оқушылардың ойлау қабілеті мен таным қызығушылығын белсендіруі, қиялы мен елесін оятуы, ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын оятуы өте маңызды. Үйірме - оқушылардың іс - әрекетінің сабақтан гөрі басқа бір түрі. Оқушы дайын сабақты алумен шектелмейді, ол сондай - ақ, оны жасайды, өзі құрастырады. Үйірмеде балалар назары мәселені өздері қоюға, ойлану мен жетекші көрсетіп берген бағытта өздік жұмыстарын дамытуға, таным қабілеттерін дамытуға бағытталады. Олар тапсырманы орындауда жеке, ұжымдық жұмыстарды жасай отырып, қажетті құралдар мен әдіс-тәсілдерді өздері таңдайды. Сенімділік, оқушылар мен жетекшінің біріккен қызметі, дидактикалық материалмен бірігіп жұмыс жасау, өнердің басқа түрлерімен байланыс, бәрі - оқушының жеке тұлғасының дамуына әсер етеді.

Түсінік хат
Үйірме бағдарламасы бастауыш сыныптардағы оқушылардың екі жылдық жұмыс жоспарына сай есептеліп жасалған. Үйірме – бұл мұғалімнің оқушылармен әріптестік қатынаста және нәтижеге қол жеткізуі үшін жұмыс жасауына арналған. Бұл технология қатысушыларды ізденімпаздыққа, таным мен өзін - өзі тануға бағытталған. Үйірменің өз жұмыс мақсаты мен міндеттері бар. Сезіну, елестету, көру, тапсырманы орындау, содан соң ізденімпаздықты ұйымдастыру – жетекшінің тілеген әрекеттері міне, осылар. Оқушының үйірмеге ұмтылысын күшейтетін нәрселер – өз идеяларын ұсыну, жарнамалау, өз жұмысының нәтижесін көру. Үйірме жұмысы үнемі өз жұмысын талдаумен, өз әсерімен бөлісумен аяқталып отырады. Үйірме жұмысы бірнеше бөлімдерден құралған бағдарламадан тұрады. «Сөйлеу мәдениеті мен техникасы» бөлімінде тыныс алу, сөйлеу мүшелерінің еркін жұмыс жасауына бағытталған жаттығулар мен ойындар жүргізіледі. Сондай - ақ, нақты мәнер мен ойлау, орфоэпиялық заңдылықтар түсіндіріледі. Бөлімге байланыс қабілетін дамытатын, қысқаша ертегілер мен әңгімелер құрауға үйренетін, қарапайым іс - әрекеттерді таңдай білетін сөздік ойындар енгізілген.
Келесі «Сымбат пен мүсін икемділігі» бөлімінде баланың қозғалыс қабілеттерін, дене әрекетінің әдемі қимыл қозғалысын, оқу күшін жеңілдетуге бағытталған дамыту ойындары мен жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
«Театрладық ойын» бөлімінде оқушының тек қана кәсіби шеберлігін дамыту қарастырылмайды, сондай - ақ, ойын әрекетіндегі эстетикалық сезімін дамыту, құрдастары мен үлкендер түрлі жағдаяттар арасында өзін дұрыс ұстай білу тәртібі үйретіледі..
«Әдеп пен мәдениет» бөлімінде оқушылардың өмірдің мәні мен құндылықтарын түсіну, жалпы адамзаттық бағалы қасиеттерді ұғыну, сөйлесу мәдениеті мен өзін ұстай білу әдебін, эстетикалық мәдениетті (талғамы бар оқырман, көрермен бола білуге) білу үйретіледі.
Үйірменің жұмыс кестесі бастауыш үш сыныпқа аптасына екі рет жүргізіледі.

Күтілетін нәтижелер:
Оқу жылының аяғына қарай оқушы:
Біледі:
1. Театр деген не?
2. Театр басқа өнер түрлерінен несімен ерекшеленеді
3. Театр неден пайда болды?
Театрдың қандай түрлері бар? (Қуыршақ, драмалық, опера, балет, музыкалық комедиялар, халықтық)
4. Театр қойылымдарын (спектакльдерді) кімдер жасайды?
Түсінігі болады
1. Сахнаның негізгі техникалық құралдары жөнінде
2. Сахнаның безендірілуі жөнінде
3. Сахна мен көрермен залында өзін – өзі ұстау ережелі туралы
Үйренеді:
1. Өзінің өмірдегі құбылыстарға қатынасын сахнада көрсетуді
2. Бейнелі ойлауды
3. Назарын аудара білуді
4. Өзін сахна кеңістігінде сезінуді
Таланттарын үстемелейді:
1. Кейіпкермен (сыныптастармен) сөйлесу
2. Қарапайым актер шеберлігі
3. Қоршаған әлемді бейнелі қабылдау
4. Сыртқы зиян келтірушілерге дәл, бейнелі әсер ету
5. Ұжыммен жұмыс

Сондай - ақ, артық ұялшақтықтан, қоғамнан қорқудан, «сыртқы көзқарастан» қысылудан арылады, тіл табысқыштық, ашықтық, қоршаған ортаға қамқорлық, ұжым алдындағы жауапкершілік қасиеттерін алады.

Драма үйірмесінің бағдарламасы мен тақырыптық жұмыс жоспары. жүктеу
24 765
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Драма үйірмесінің бағдарламасы мен тақырыптық жұмыс жоспары
Драма үйірмесінің бағдарламасы мен тақырыптық жұмыс жоспары
Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
Шебер қолдар үйірмесінің бағдарламасы
Шебер қолдар үйірмесінің бағдарламасы
Бұл бағдарлама оқушыларды еңбекке, түрлі өнер бұйымдарын жасауға, ой - өрісін, шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып, бар затты ұқсата білуге, сол заттың қадір - қасиетін білуге, күнделікті өмірде қолдана
Тақырыптық – күнтізбелік жоспарлау 4 сынып
Тақырыптық – күнтізбелік жоспарлау 4 сынып
Тақырыптық – күнтізбелік жоспарлау Әдебиеттік оқу 4 сынып, Қазақ тілі 4 - сынып, Дүниетану 4 - сынып,
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
«Әдеби – шығармашылық» курсының бағдарламасы
«Әдеби – шығармашылық» курсының бағдарламасы
Әдеби – шығармашылық курсының мақсаты: Оқушылардың рухани дүниесін байыту, көркем сөзбен қаруландыру; Оқушыларға эстетикалық, интелектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
Қазақ әдебиетінен 6 сыныпқа арналған орта мерзімді жұмыс жоспары
Қазақ әдебиетінен 6 сыныпқа арналған орта мерзімді жұмыс жоспары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №165 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанпейсов Қуаныш Сейтқұлұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×