Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Әдеби – шығармашылық» курсының бағдарламасы

19 ақпан 2015, Бейсенбі
«Әдеби – шығармашылық» курсының бағдарламасы

Арнайы курс бағдарламасы 1 жылға арналған / негізгі мектептерге, аптасына 2 сағаттан / барлығы 68 сағат, 1 теория, 1 практикалық сағаттан құралған.
Әдебиет – халқымыздың бай мұралы көркем тарихы. Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен ата – баба тарихы, танымы, талғамынан нәр алған жас ұрпақтың зерделі көңілін шығармашылық ізденіске бұра білу – бүгінгі таңның өзекті мәселесі.

Көңіл көкжиегі талмас сағымдарға ілескен саналы шәкірттің алар асуы, шығар биігі тек ғылыми түсініктермен емес, шынайы өмірді тануымен есептелуі керек. Қандай ортада да өз ойы мен пікірін айта білетін құзіретті тұлғаны қалыптастыра білсек, қоғамға қосқан зор үлес деп есептейміз.
Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігімен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуді мақсат етуі тиіс. Сондықтан бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде әдебиет пәнін өмірмен байланыстыра оқыту арқылы көркем шығармадан тәлім алуға үйрету керек. Шәкірттің өзін – өзі тануына жағдай жасау қажет.

Туған әдебиеттің ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет – ғұрпын, салт – санасының көрісін, идеялық – адамгершілік түпкі мазмұн – мәнін түсіндіруді; көркем әдебиетті оқуға деген шәкірт қызығушылығын оятып, олардың бойында жоғары эстетикалық талғам қалыптастыруды жолға қойып; сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болар білім дағдыларын қалыптастырып, шәкірттің оқу еңбегіндегі ой дербестігін дамытып, өз пікірін жеткізе білуді үйретуді басшылыққа алған арнаулы курс мақсатының өзі - көркем туындыны ғылыми, әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуді үйретуге негізделді.

«Әдеби – шығармашылық» курсының мақсаты: Оқушылардың рухани дүниесін байыту, көркем сөзбен қаруландыру; Оқушыларға эстетикалық, интелектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; Оқырманның жеке шығармашылығының ұштасуына әсер етіп, жағдай туғызу; Логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Танымдық бағыт бойынша: Әдеби – теориялық және тілдік – эстетикалық білімге сәйкес көркем тексті талдау және бағалау;

Көркем туындының тұтастық бітімін ұғыну, оқушылардың оны талдап – таразылауы, бағалауы; Лирикалық, драмалық, эпостық шығармаларды талдай білуге, арқалатар ой мәнін таразылай білуге үйрету болса, практикалық бағыт бойынша: пікір айту, рецензия жазу, сұхбат – интервью жүргізуге баулу; Жеке шығармашылықтың туу процесін меңгерту; Публицистикалық еңбектерді талдауға үйрету; Белгіленген мақсатты ой - толғау арқылы дәйекті, дәлелді аша білуге үйрету.

Арнайы курстың жүргізетін жұмыс түрлері мынандай:
1. Қазақ әдебиетінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану;
2. Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу;
3. Шығармашылық тапсырмалар орындау;

Курс бағдарламасын меңгергеннен кейін оқушылардан күтілетін нәтиже:
- салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;
- практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алуы;
- сауатты жазу, сауатты сөйлеу, өзіндік ой дербестігінің болуы;

Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы
№13 ұлттық мектеп – гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ильясова Эльмира Төлепқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 301
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндама. Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Баяндама. Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз
11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының оқу бағдарламасы
11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының оқу бағдарламасы
Биологиядан бағдарланған 11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» бөлімі бойынша жылдық жоспар берілген. Бұл оқу бағдарламасы ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылып, біртұтас курс ретінде
Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)
Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)
«Қызықты грамматика» таңдау курсының бағдарламасы - оқу қабілеті төмен балалар үшін түзету жұмыстарына арналып жазылған. Бағдарлама құру барысында даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ерекшеліктерін (танымдық, психикалық және тұлғалық) ескере отырып
Таңғажайып алгебра факультативтік курс бағдарламасы
Таңғажайып алгебра факультативтік курс бағдарламасы
Математиканың практикалық пайдасы, оның адам тәжірибесінде күнделікті меңгерілетін қарапайым түсініктерден бастап, ғылыми және техникалық идеалды дамыту үшін қажетті күрделі нақты әлемнің фундаменталды құрылымының кеңістік формалары және сандық
Қызықты химия таңдау курсының бағдарламасы
Қызықты химия таңдау курсының бағдарламасы
Химияны оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде химияны алғаш бастап оқитын 8 сынып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы химиялық эксперимент, тәжірибелер жасау арқылы жүзеге асыру.
5- сыныпқа арналған “Хор үйірмесі” тақырыбындағы факультатив курсының бағдарламасы
5- сыныпқа арналған “Хор үйірмесі” тақырыбындағы факультатив курсының бағдарламасы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылы №109 қазақ орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Қожаева Ақтолқын Сабытбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×