Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақан сері Қорамсаұлы

06 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлы
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Ақан сері Қорамсаұлының өмір жолы мен шығармалары туралы әңгімелеп, ақын әндерінде табиғаттың сыршыл сезімі, әсем сазы бар екенін ұғындыру;
ә) Тәрбиелік: оқушыларды ақын әндері арқылы сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
б) Дамытушылық: оқушыларға әнді тыңдата отырып, олардың есту, қабылдау қабілеттерін дамыту, сөздерін анық айтуға дағдыландыру.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Түрі: интегралды(аралас)
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау, проблемалық іздену, көрнекілік арқылы.
Көрнекілігі: Ақан сері портреті, нота сызылған плакат, ноталар, үнтаспа, күйтабақ, плакаттар.
Пәнаралық байланысы: тарих, қазақ әдебиеті, математика, бейнелеу, еңбек.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
• Сабақ мақсаты түсіндіріледі.
ІІ. Қайталау сұрақтары:
1. Құрманғазы деген кім?
2. Оның өмірі мен шығармашылығы.
Әрі қарай тірек - сызба бойынша түсіндіріледі.

ІІІ. Жаңа білім беру.
Балалар, бүгін біз сал - серілердің падишасы Ақан сері Қорамсаұлының өмірімен және әндерімен танысамыз.
Ақан сері Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қоскөл деген жерде дүниеге келген. Әкесі Қорамса, шешесі Жасын шаруа адамдары болған. Ақан (Ақжігіт) 13 жасқа келгенде ауыл молдасынан сауат ашып, Қызылжардағы Уәли медресесінде оқыған. мұнан кейін өз аулына оралып, өнерге біржола бет бұрады. Халық ақанның сұлу әндерін, өнерін, сән - салтанатын, бекзаттығын жоғары бағалап, «сері» деген атақ берген. Ол қасына өнерлі жастарды ертіп, думандатып, өнер көрсеткен.

Ел мұңын жоқтап, жүрген жері думанға айналған Ақан сері балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп сынды атақты сал - серілермен жақын қарым - қатынаста болған. Ақанның «Ақ көйлек», «Аужар», «Балқадиша», «Алтыбасар» әндері махаббат тақырыбына арналып жазылса, «Құлагер», «Маңмаңгер» әндері жүйрік атына, «Көкжендет», «Қараторғай» әндері қыран құсына арналған. Ал табиғатты жырлайтын «Көкшетау», «Сырымбет», «Кербез сұлу» атты тамаша әндері бар.
«Досмұқасан» ансамблінің орындауында Ақан серінің «Ләйлім» әнін тыңдау (үнтаспадан).

Сұрақ: 1. Әннен қандай әсер алдыңдар?
2. Әннің екпіні қандай?
IV. Бекіту бөлімі.
1. Ақан серінің «Маңмаңгер» әнін зерттеу, анықтау (тонал - дылықты, екпінін, өлшемін).
2. Ой шақыру. Ата - бабамыз домбырамен ән айтып, күй шерткен. Сол ізбен, шынайы ұлттық өнеріміз де жалғасын тауып ғасырдан ғасырға жетуде. Ақан сері Қорамсаұлының серік еткен аспабы да домбыра. Қазақ халқының ұлттық аспабы домбыраны түрлі ғылым салалары бойынша қарастырып көрейік. Әр ғылым желісімен сипаттама берейік.

Ү. Қорытынды бөлімі.
1) Венн диаграммасы.
Құрманғазы
Ақан сері
2) Ақан сері Қорамсаұлы туралы жазушы С. Жүнісовтың «Ақан сері» атты романы, жазушы Ғ. Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» атты поэмасы, оның жүйрік аты Құлагер туралы жазушы І. Жансүгіровтың «Құлагер» атты поэмасы тәрізді шығармалар бар. Сондай - ақ, оның әндерін «Досмұқасан» ансамблі орындап жүр. Шығармалары 1963 жылы «Жазушы» баспасында жеке жинақ болып жарық көрді.

VІ. Үйге тапсырма
1. «Маңмаңгер»әнін жаттау, сурет салу
2. Ақан сері Қорамсаұлы өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнын айту
VІІ. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 506
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
С. Жүнісов« Ақырғы бәйге» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
С. Жүнісов« Ақырғы бәйге» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
С. Жүнісов өмірімен танысу, «Ақан сері» романынан үзіндіні меңгере отырып, ақын идеясын ашу, үзінді арқылы Ақан сері өмірімен танысу; Өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Абай салған сырлы әндер
Абай салған сырлы әндер
Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, қазақ музыкасындағы алатын орны, әндерінің ерекшелігі туралы білім беруді жалғастыру.
Ақан сері өмірі және шығармашылығы
Ақан сері өмірі және шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ақан Қорамсаұлының өмір жолы мен шығармаларына толық тоқталып, өлеңдері мен әндерінің мазмұнын, идеясын, шығу тарихы мен тақырыбының ерекшелігін түсіндіру.
Дәстүрлі әншілік өнер. Ақан Сері, Біржан Сал, Сегіз Сері
Дәстүрлі әншілік өнер. Ақан Сері, Біржан Сал, Сегіз Сері
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, №4 орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі: Сейітова Зергүл Қалиқызы
Арқаның асқақ әншілері
Арқаның асқақ әншілері
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы, «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш сынып және музыка пәні мұғалімі Қайыңбаева Гүлжан Сақажанқызы
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – ақын, әнші, сазгер
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – ақын, әнші, сазгер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Ж. Бисембаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×