Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай салған сырлы әндер

19 наурыз 2016, Сенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Абай салған сырлы әндер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, қазақ музыкасындағы алатын орны, әндерінің ерекшелігі туралы білім беруді жалғастыру.
Дамытушылық: Музыкалық сөз қорларын байыту, музыканы тыңдай білуге, түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыру, сапалы, өнерлі, білімді азаматты тәрбиелеу. Абай әндері арқылы эстетикалық адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың түрі: өзгерген сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, «Кезбе тілші» әдісі, Бағалау түрлері, АКТ, плакаттар, шығармашылыққа баулу, «Тұлғаны тану» ойыны.
Пәнаралық байланысы: әдебиет, дүниетану, бейнелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Слайдтар, жекеленген суреттер, плакат, музыкалық аспап, сұрақ түрле рі.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөліну (Біржан сал, Ақан Сері, Жаяу Мұса атаулары жазылған қималар арқылы топқа орналасады, топтық тапсырмалар беріліп, постер қорғалады).
І топ: Ақан Сері кім? Әндерін ата.
ІІ топ: Біржан сал кім? Әндерін ата.
ІІІ топ: Жаяу Мұса кім? «Ақ сиса» не туралы айтылған?
Әр топтан «Кезбе тілшілер» интернет желісінен алынған ақпараттармен толықтырады.
Оқушылар әр топ бойынша смайлик арқылы бағалау түрін қолданады. Өз ойларын ортаға салады.

Жаңа сабақ
№ 1 слайд көрсетілімі көрсетіледі. Әрбір оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері тыңдалынып, жүйеленеді.
1. Қазақ ғарышкерлерін ата.
2. Қазақстанда ғарыш кемелері қай жерден ұшырылады?
Мұғалімнің жаңа сабақты баяндауы.
№ 2 слайд көрсетіледі. Талғат Мұсабаевтың ғарыш көгінен жолдаған сәлемі, Абайдың әні «Көзімнің қарасы»
Музыка тыңдау: Абайдың әні «Көзімнің қарасы» және оны орындау.
№3 слайд Абай туралы мәліметтер көрсетіледі.
(Абай суреттері, әндер атауы)

Сергіту сәті: «Қара жорға»
Қимыл - қозғалыспен жүргізіледі.
Әр топқа топтық жұмыстар таратылады.
І топ: Қазақ ғарышкерлерін ата. Ғарышта қандай ән шырқалды?
ІІ топ: Сәйкестендіру кестесін толтыру
Көзімнің ------- санасы
Көңілімнің ----- қарасы
Бітпейді --------- жарасы
Ғашықтық ------- іштегі

ІІІ топ: Абай кім? Қандай әндерін білесіңдер, ата.
Оқушылардың «бағдаршам» арқылы., «бармақпен» бағалауы.
Рефлексия жасалады.
Мұғалімнің қорытындылауы «Тұлғаны таны» ойыны
Үйге тапсырма: Абайдың әні «Көзімнің қарасы» әнінің шумақтарын жаттау.
3 132
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматты тәрбиелеу. Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.
Абайдың музыкалық мұрасы
Абайдың музыкалық мұрасы
«Өнер Колледжі – музыкалық – эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп – интернат» Кешені» КМ Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Л.Н.Мазина
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан сері Қорамсаұлы
Музыка пәні мұғалімі: Сарманов Борангали
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – ақын, әнші, сазгер
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – ақын, әнші, сазгер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Ж. Бисембаева
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық мектеп – бақшасының музыка пәні мұғалімі Тулепова Гулайна Жаркынбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×