Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Президент - ел тірегі

20 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
«Президент – ел тірегі» атты шығарма

Қай портқа бет алғанын білмейтін кеменің желі де оңынан тұрмайды. (Сенека)

«Қазіргі заман – өзіне сенетін арманы мен осы арманды іске асыруға ерік - жігері бар дарынды, қажырлы адамдардың уақыты»- деген Елбасымыздың данышпан сөзі ойыма оралып отыр. Елімнің болашағы айқын: өркениеті дамыған елдермен терезесі тең өмір сүру. Ал уақыт талап етіп келе жатқан дарындылық пен қажырлылық тек білім мен еңбек арқылы іске аспақ. Кез келген қазақстандықтың осы орайда өз елінің тарихы мен мемлекет тынысын біліп, зерделеп отыруы шарт деп білемін. Ендеше тамаша зерттеуші ғалым Шоқан Уәлихановтың өз кезінде «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деуі біз үшін аса кемеңгерліктің белгісіндей. Ұлт тарихын меңгере отырып, сан ғасырлар бойғы ел үшін, жер үшін жанын пида еткен ата - бабаларымыздың қанымен келген бүгінгі бейбіт заманымыздың төл перзенті екенімді әр кез мақтан тұтып, аса қадірлеймін. Мемлекетімізде тыныштықтың орнап, еліміздің жаһандану кезеңінде алға бағыт алуын, өркениетке бет түзеу секілді қадамдардың жасалуы – бәрі - бәрі басшы іскерлігі деп танимын. Басшының дүйім бір елді шебер басқаруына оның елге деген махаббаты халқының қолдауы үшін өте қажет - ақ. Шеберлігінің кілті – отансүйгіштік рухының мықтылығында болар. Ал туған Қазақстанымыздың басшысы – тұңғыш президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Шебер қаламгер болсам, қазақ тарихында есімі алтын әріптермен жазылар тұңғыш президент және Қазақстан жайында көп ой толғар едім.
Қазақ тарихы әріден басталады. Ал тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресі, әрине, 1991 жылдан басталмақ.

1991 жыл – еліміздің 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының негізімен орнаған ұлттық - тарихи мәні жоғары тәуелсіздікке қол жеткізген жылы. Осы жылы дүниеге келген «Қазақстан» атты жас мемлекетті басқару ісі Н. Ә. Назарбаевқа жүктелген болатын. Шығыс ойшылы Фирдоусидің: «Алдыңда не күтіп тұр, соны ойла. Игі мақсатқа тура жүрген жетеді»,- деген даналық сөзін ұстанған басшы ел билеу тізгінін қолына алды. Әрбір қазақстандық азамат өз еліне басшы етіп сайлаған көсемінің өмір жолының қарапайымдылығын, я төре, я бай, я үстем тап өкілі емес, халық арасынан шыққан білімді де саналы тұлға екенін білуі керек. 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келген жас сәби ақ жаулықты әжесі Мырзабаланың атауымен «Нұрсұлтан» атанғанды. Ата - ананың тамаша тәлімін алған жас Нұрсұлтан мектепті үздік аяқтап, техникалық бағытта білімін жетілдіреді: техникалық училище, жоғары техникалық оқу орындарында білім алады. Байқап қарасам, еңбек жолы да қарапайым: 1960 жылдан Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастайды, кейін партия жұмысына араласады. Партия жұмысына араласу мемлекеттік маңызды істердің бас - қасында жүру деп санаймын. Сол өзі еңбек жолын бастаған комбинатта партия комитетінің қызметтерінен бастап, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің төрағасы болуына жейінгі ұзақ жол, менің ойымша, болашақ ел басшысын мемлекеттік қызмет саласындағы ірі қызметтерге бастама болып, әбден шыңдаған болуға тиіс. Өйткені жас әлемдік өркениет, жаһандану секілді құбылыстардан мүлде бейхабар Қазақстанды аз ғана уақыттың ішінде биіктерден көрсету тек басшының біліктілігі мен шеберлігіне ғана байланысты болмақ.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
38 528
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елің сүйген, елі сүйген - Елбасы
Елің сүйген, елі сүйген - Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы облысының Қаскелең ауданына қарасты, қазіргі Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған селосында (2012 жылы елді мекеннің атауы Үшқоңыр деп өзгертілді) 1940 жылдың 6 шілдесінде дүниеге
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді.
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата - бабаларымыздың аңсаған арманы болған
Менің Президентім (шығармалар жинағы)
Менің Президентім (шығармалар жинағы)
Балаларды Патриоттық тәрбиеге баулу, елін, жерін сүйер азаматтар қалыптастыру
Менің педагогикалық ұстаныным
Менің педагогикалық ұстаныным
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №30 "Гүлдер" бөбекжайы тәрбиешісі Дербисова Жадыра Саниязовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×