Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есірткіге жол жоқ!

14 қараша 2015, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Қызылорда қаласы,
№ 136 Т. Жүргенов атындағы мектеп – лицейінің
9 сынып оқушысы Мұрат Жанерке

«ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА».

Есірткіге жол жоқ!

Махаббат пен достық сезім өміріме мән берер,
Қуаныш пен жұбаныштар көңіліме сән берер.
Армандар мен асқақ үміт мені алға жетелер
Әділетсіз, армансыздар еңсеңді лез түсірер.
Жаман әдет,
Жаман істер,
Есірткі мен нашақорлық,
Денсаулықты жоғалтар.
Ата - ананың үміттерін,
Мұғалімнің ақылдарын,
Ағалар мен әпкелердің ақ ниетін
Ақтау үшін түзу жолмен жүрейік!
Ауру, сырқау қиын күндер,
Тәуелділік, бағынулық,
Бостандықты жоғалту
Түн ұйқысын төрт бөлген
Аналарды жылату
Самғайтын асқақ бүркітті
Қанатынан айыру
Тамыр жаяр көк теректі
Мына өмірден жоғалту
Бүршік жарған бәйшешекті
Күн көзінен тұмшалау
Алдыңдағы болашақты
Өз қолыңмен қирату
Достарменен шаттанайық,
Ата - анамен мақтанайық,
Бауырларды қолдап біздер
Армандарды асқақ шыңға жетелейік
Бас имейік,
Тәуелді де болмайық.
Қуанышпен жастық шақты тойлайық
Әрқашан азат біздер болайық!

Жас ұрпақ, өскелең ұрпақ, ел болашағы. Еліміздегі әрбір шырақты сөндірмей, елді алға жетелейтін өскелең жастарды есірткіден аулақ болуға шақырамын! Ел болашағы – біздің қолда!
9 087
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жастарға Үндеу
Жастарға Үндеу
Өмір... Бұл сөзді біз қаншалықты түсінеміз, қаншалықты бағалаймыз? Бұл өмірге бізді не үшін жаратты? Біздің мақсатымыз не?
Есірткіге жол жоқ
Есірткіге жол жоқ
Денсаулық керек әлемге, Тазалық болсын әр елде. Денсаулықтың кепілі, Тазалық дейміз әрине.
Есірткі деген қасірет
Есірткі деген қасірет
Улайтұғын көп жастардың санасын, Ұмыттырар әке түгіл анасын. Жаман әдет, жат қылыққа үйір боп, Ей, жастарым қайда кетіп барасың?
Достарым, жамандыққа жоламаңдар!
Достарым, жамандыққа жоламаңдар!
Аздырған бұл нашақорлық сананы, Жек көрсетіп жақын - жолдас, ағаны. Өзің үшін, жоламағын, сыйласаң, Жарық өмір сыйға берген ананы.
Адаспа, досым, ақ жолдан
Адаспа, досым, ақ жолдан
Есірткі билеп сананы, Есірткен мына заманда. Ессіздің сөзі бағалы, Естінің күні қараңды.
Есірткі – әлем дерті
Есірткі – әлем дерті
Ш. Уәлиханов атындағы № 26 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Айтуар Мақсат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×