Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жастарға Үндеу

11 желтоқсан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Жастарға Үндеу

Өмір... Бұл сөзді біз қаншалықты түсінеміз, қаншалықты бағалаймыз? Бұл өмірге бізді не үшін жаратты? Біздің мақсатымыз не? Осы сұрақтарға бір сәт ой тоқтатып көрдік пе? Сан сұрақ қойылады, жауабы да оның сан алуан болуы ғажап емес. Дегенмен, осы тірлікте адам болып дүние есігін ашқан соң, адам болып өмір сүруіміз керек.

Қазір ғылым мен техника күн санап өзгеріп, сағаттап түрленіп жатыр. Осы көштен қалмау үшін білімнің биігінде болып, бойымызды таза ұстауымыз қажет. Десек те кей жастарымыз өз өміріне, денсаулығына балта шабуға құштар - ақ келеді. Шылым шегіп, нашаға тәуелді болып, мәні мен мағынасы жоқ "ләззәтқа " құштар болады. Шылым шегу - есейгендік белгісі деп санайтындар да кездеседі. Әрине бұл алдамшы пікір. Шын есею - шылым мен наша емес, салауатты өмір салтын сақтап, отбасына қамқоршы болу емес пе?

Кереметтей балалық шағында өзін зиянкесті әдеттерге үйретіп, болашағын бұлыңғыр еткен жастарға "Ойлан!" дегім келеді. Сені анаң не үшін мәпелеп өсірді, әкең не үшін қаражат тауып, бар қажетіңді тауып берді? Сол ата - анаңның аялап, мәпелеп өсірген еңбегін өтеуінің жемісі - сенің жақсы оқу орнына түсіп, салауатты өмір салтын ұстанып, жетістікке жеткенің.

Болашағың бақытқа оранып, арманың асқақ болсын десең - зиянкесті заттардан аулақ болып, достарыңа да талап қоя біл! Бұл сенің өз денсаулығыңа, досыңа деген адал ниетің деп түсін? Мен саған сенемін, жас Дос!
Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа

С. Сейфуллин атындағы №165 орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағынтайқызы Аяулым
4 638
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Эссе. Ел ертеңі - есірткісіз болашақ
Эссе. Ел ертеңі - есірткісіз болашақ
Бүгінгі ХХІ ғасыр біздің ұрпаққа яғни болашақ жастарға бұйырған бақыт. Еліміз егемендік алып, көк туымыз көк аспаның астында желбіреп ашық аспан аясында желбіреп тұр.
Темекі шегу - адам ағзасына зиян
Темекі шегу - адам ағзасына зиян
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 ЖББ орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Сансызбаева Ақгүл Тілегенқызы
Салауаттылық – саулық негізі
Салауаттылық – саулық негізі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Нуртиякова Рысты Агадилевна
Салауатты өмір салтын сақтайық!
Салауатты өмір салтын сақтайық!
Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Балмұқанова Гүлсім
Темекі шегу – әдет пе, әлде ауру ма?
Темекі шегу – әдет пе, әлде ауру ма?
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі Дүйсенбекова Гүлмира
Өмірді таңда
Өмірді таңда
Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×