Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақылды лақ

17 мам 2018, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Ақылды лақ.
Бір бұзау, бір тоқты, бір лақ ел көшкенде жұрттан қалыпты. Үшеуі дос болып, қос тұрғызып алыпты. Қосы бір бұлақтың бойында екен, қасында бәйтерегі бар екен. Бұлардың хабарын естіп бір аю жеймін деп қостың қасына келген екен. Лақ аюды көріп алдынан жүгіріп шығып, қосына әкеліп, есік ашып енгізеді. Үйге кірген соң: «Аюға не береміз?» - дейді тоқты. Сонда лақ айтады:
- Басқы аюдың басын ас, соңғы аюдың төсін ас, болмаса осы аюдың өзін сойып, өзін ас! – дейді. Бұлар аю жейді екен деп, аю орнынан тұра қашады.
Қашып келе жатса оған қасқыр жолыға келіп: «Қайдан қаштың?» - деп сұрайды.
Аю: «Мына жерде тоқты, лақ, бұзауға барып едім, өзімді жеймін деген соң, қашып әрең құтылдым», - дейді.
«Ендеше екеуміз де баралық, бірігіп желік», - дейді қасқыр.
Аю: «Мен бармаймын», - дейді.
Қасқыр бір жіп тауып бір жағын аюдың мойнын байлап, бір жағын өзінің мойнына байлап алып жүреді.
Қосқа жақындағанда лақ шығып: «Ол аюға тоймаймыз», - дейді.
Бұл сөзден аю бұрынғыдан жаман қорқып қайта қаша жөнеледі.
Қасқыр буынып, жығылып қалады. Бұл жығылып жатқан қасқырға екінші қасқыр келіп: «Сен неғып жатырсың?» - дейді.
«Мен неғып жатайын, аю сүйреп кетті», - деп бастан аяқ жөнін айтады. Сонымен үшеуі қайтадан қосқа барады.
Мұны көріп, қостағы үшеуі бәйтерекке шығыпты. Лақ басына, тоқты ортасына, бұзау артына тұрыпты.
Төбіне келіп қасқыр бал ашып: «Жеймін бе, жоқ па?» - деп тұрғанда бұтақ сынып, бұзау жерге құлай түседі. Құлаған бұзаудан қорқып қасқырлар бет - бетіне қашып кетеді.
Бұзау, лақтың иесі құз айналып келіп, қосты тауып алады. «Бір лақтың ақылы сондай болыпты» деп қазақтың айтқаны осы.
2 492
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылық пен жамандық
Жақсылық пен жамандық
Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті.
Ақылды лақ ертегісі
Ақылды лақ ертегісі
Ертеде бір бұзау, бір лақ, бір тоқты ел көшкенде ойнап жүріп байқаусызда жұртта қалыпты. Үшеуі тірнектеп жүріп, қос тұрғызып алыпты. Қосы бір бұлақтың басында екен, оның қасында зәулім бәйтерек өсіп тұрыпты.
Дос іздеген бота
Дос іздеген бота
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Артық, кем, тең
Артық, кем, тең
Заттарды санына қарай салыстыру, артық, кем, тең таңбаларын бекіту. 5 санының құрамын қайталау. Сан мен санды салыстыруда артық, кем, тең таңбаларын қолдануға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. Жинақылыққа тәрбиелеу.
Бауырсақ ертегісін сахналау
Бауырсақ ертегісін сахналау
Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге және сөздерді түсінуге жаттықтыру. Ертегінің қойылымына қызғушылықтарын арттыру.
Бауырсақтың бастан кешкендері
Бауырсақтың бастан кешкендері
Бауырсақтың бастан кешкендері (ертегі)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×