Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауырсақ ертегісін сахналау

23 маусым 2018, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Бауырсақ ертегісі
«Ересек» топтары.
Қуыршақ театры
Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісін сахналау.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге және сөздерді түсінуге жаттықтыру. Ертегінің қойылымына қызғушылықтарын арттыру.
Бір – біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу
Автор сөзі: Ерте заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне:
Сара: Маған бауырсақ пісіріп берші,- дейді.
Күнсұлу: Неден пісіремін? Көп болды үйде ұн жоқ.
Сара: Әй кемпірім – ай! Сен қамбаны сыпырып қуыс – мүйісін қырна осылайша қалған – құтқан ұнды жина.
Автор сөзі: Бауырсақ тегіс, домалақ, сырты қызарыңқырап әдемі болып піседі.
Кемпір бауырсақты суытуға терезе алдын қояды. Бір өзі жатып–жатып жалыққан бауырсақ жерге түсіп әрі қарай домалай жөнеледі.
Осылай домалаған күйі қалың қараңғы орманға келіп оған қоян кездеседі.
Қоян айтады:
Зарина: Бауырсақ, бауырсақ!
Мен сені жеймін!
Автор сөзі: Бауырсақ оған былай деп жауап береді:
Аружан: Мен атамнан, әжемнен кеткен бауырсақпын, сенен қоян кетуге аса қулықтың қажеті жоқ!
Автор сөзі: Осылайша бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Қоян оны дұрыс қарап та үлгермей қалады.
Автор сөзі: Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келеді.
Яша: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Аружан: Қасқыр сен мені жеме
Оданда мені тыңда
Мен атамнан, әжемнен
Қояннан кеткен бауырсақпын
Мен қасқыр сенен де кетемін.
Автор сөзі: Осылай бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Бауырсақ орман ішімен
домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Төрехан: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!
Аружан: Жоқ, аю, сен мені жеме
Оданда мені тыңда
Мен атамнан, әжемнен
Қоянан, Қасқырдан
Кеткен бауырсақпын,
Аю сенен де кетемін.
Автор сөзі: Осылай бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Бауырсақ домалап келе жатса, алдынан түлкі шығып:
Изабелла: Бауырсақ, бауырсақ
Мен сені жеймін.
Аружан: Түлкі сен менің не айтатынымды тыңда.
Автор созі: Оған қу түлкі былай дейді:
Изабелла: Мен сенің айтқанынды тыңдар едім, бірақ қазір қартайып құлағымның естуі нашарлап жүр, тұмсығыма отыр да, айта ғой!
Автор сөзі: Түлкінің тұмсығына отырып бауырсақ әңгімесін бастайды!
Аружан: Мен атамнан да, әжемнен де, қояннан да, қасқырдан да, аюдан да құтылып кеткен бауырсақпын, түлкі енді сенен де кетемін!
Автор сөзі: Осыны айтып үлгергені сол – ақ екен түлкі ауызын ашып, тістерін ақситып, бауырсақты жұтып жібереді!
Осымен ертегі аяқталады да, рольдерде ойнаған балалар ортаға шығып бастарын изейді.

Ақмола облысы, Бұланды ауданы
Өткізген: Тулебаева. А. Т.

Бауырсақ ертегісін сахналау. жүктеу
33 383
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Бауырсақ» ертегісі қуыршақ театры
«Бауырсақ» ертегісі қуыршақ театры
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге және сөздерді түсінуге жаттықтыру.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Ол үшін біз «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік. Қане балалар, 6 санының көршілерін кім атап береді?
1-ден 10-ға дейінгі сандар
1-ден 10-ға дейінгі сандар
Тақырыбы: 1-ден 10-ға дейінгі сандар (Қайталау)
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Қарағанды облысы, «Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп - интернат» КММ Камзабаева Лязат Орынбасаровна
Бауырсақтың бастан кешкендері
Бауырсақтың бастан кешкендері
Бауырсақтың бастан кешкендері (ертегі)
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ақтөбе қаласы, №30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы Тәрбиеші Досанова А. Қ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×