Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8 Наурыз аналар мерекесіне арналған тақпақтар мен өлең шумақтары

02 ақпан 2019, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
8 наурыз аналар мерекесіне арналған тақпақтар мен өлең шумақтары
Ардақты ана
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

***
Наурыз – Сәуір егізі,
Бүгін оның сегізі.
Ең бақыт гүл, ең бақыт гүл
Анаға айтар лебізі.
Ең қымбат гүл, ең қымбат гүл,
Ол адамның лебізі.
Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің
Ұсынамыз біз бүгін,
Жырдың сұлу шоқ гүлін.
Ұсынамыз ұсынамыз
Жырдың сұлу шоқ гүлін.

Шеше!
Сен бақыттысың, жыламаған,
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның.
Сондықтан жыламағын, жыламағын.
Бармын ғой.
Тірімін ғой.
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып өз - өзіңмен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа.
Өзім кепіл тот басып тозбасыңа,
Екі жыр жазсам саған арнап,
«Шеше»деп жаздым ылғи сөз басына,
Тәңірім кеше көрсің кесірімді,
Аспанға жазам сенің есіміңді,
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдан иілген бесігімді.

****
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең
Аналық махаббатың кәусәр - бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ
31 094
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Сыйынар ем ана деген тәңірге»
«Сыйынар ем ана деген тәңірге»
8 наурыз халықаралық аналар күніне арналған кеш сценарийі
Аяулым - анашым атты мерекелік кешінің жоспары
Аяулым - анашым атты мерекелік кешінің жоспары
Көктем келді, сағына, Бүршік атты алма ағаштар бағымда. Біздің үйге ұя салды, алақай! Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Аналар мерекесі - өте керемет күн!
Аналар мерекесі - өте керемет күн!
Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Еліміздің президентінің ұсынысымен қыркүйек айының екінші жексенбісі «Аналар мерекесі» болып жарияланды, осыған орай мектебімізде бүгінгі «Аналар
Ана мерейі тәрбие сағаты
Ана мерейі тәрбие сағаты
8 - наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×