Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана мерейі тәрбие сағаты

22 қазан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ОҚО, Шардара ауданы, Алатау батыр ауылы,
№3"Қазақстан" бастауыш мектебінің мұғалімі
Мырзаева Баян Адырбаевна

Тақырып: Ана мерейі тәрбие сағаты
Тәрбие сағатымыздың шарттары.
1. Әдеби монтаж (ұлдар тобы)
2. Таныстыру.
3. Салт - дәстүрді білесің бе?
4. Мәнерлеп оқу.
5. Өз өнері.
6. Қол өнері.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, асыл аналар, ұстаздар және қыздар. Бүгін бізде үлкен мереке. Ол аналарға арналған «Ана мерейі» атты тәрбие сағаты. Бұл сабақ 8 - наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты аталып отыр. Құрметті аналар мейрамдарыңыз құтты болсын. Әр жанұяға тыныштық, денсаулық, амандық тілейміз.
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі Ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
1910 жыл 8 - наурызда Данияның астанасы Копенгагенде болған социалистердің халықаралық II конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша халықаралық әйелдер күні белгіленді. Ол алғаш рет Германияда, Австрияда, Швейцарияда, Данияда 1911 жылдан бастап мерекеленеді.

Әдеби монтаж.
1 - оқушы.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтін,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгеннің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

2 - оқушы:
Жүрегі күн, жаны - нұр, жүзі шапақ.
Ана - мақтан, ана – өмір, ана – атақ.
Ана – дәуір, ана абырой, ана - жауһар.
Олармен күн кешудің өзі ғажап.

3 - оқушы:
Нұрлы таң атты, шаттықтың ғана тарт күйін.
Ән айтқың келсе, қуаныш әнін айт бүгін.
Жасырып дүние ұмытып кетті қарттығын
Көктеммен келген 8 - наурыз бүгін.
4 - оқушы:
Маған қымбат адам жоқ бір Анадан,
Бар жақсылық Аналардан жаралған
Жер бетіне өмір нәрін себуші,
Аналарға борышты ғой бар адам.
5 - оқушы
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан.
1 - жүргізуші: Бүгін, «Ана мерейі» атты тәрбие сағатымыз 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аяулы аналарымыз бен ару қыздарымызға арналады.
2 - жүргізуші: Сондай – ақ бұл мерекеге қырмызы қыздарымызға арқасүйер қамқор болар білімді де білікті қыран ұлдарымызда қатысады. Сол себепті сыныпты 3 - топқа бөліп, өнерімен біліктілігін орталарыңызға тарту етеміз.
1 - жүргізуші:
Қардай аппақ еті бар,
Қандай қызыл беті бар.
Ақжүністей арудың
Ақылын көрсек несі айып?
«Ақжүніс»тобын қарсы алыңыздар.
2 - жүргізуші:
Егізіндей Ақанның
Орны бөлек бұл жанның
Әлдилеп өткен серілер
«Серілер» тобын қарсы алыңыздар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 599
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аналар - асыл жандар
Аналар - асыл жандар
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту; Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету;
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету; Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу
Анаға құрмет!
Анаға құрмет!
Тақырыбы: «Анаға құрмет!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×