Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнеге отбасынан

27 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: «Өнеге отбасынан»
Мақсаты: 1. Білімділік
«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету.
2. Дамытушылық. Ата - ана және бала қарым - қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
3. Тәрбиелік Отбасы тәрбиесінің мән - маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Сабақ түрі: Тренинг
Әдістері: Пікір алмасу, психологиялық жаттығулар, психологиялық минут, анкета, сұрақ – жауап, тыныштық сәті.
Қажетті құрал - жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, отбасылық құндылық ағашы. Слайд.

Тренинг барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Таныстыру ойыны
3. Психологиялық минут.
4. Ой жинақтау. Тапсырма орындау.
5 «Отбасы» ойыны
6. Тыныштық сәті
7. «Ашығын айтсам» анкета
8. Қорытынды.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар және ата - аналар! Бүгінгі тренинг сабаққа келгендеріңізге алғысымды білдіремін. Сіздердің көмектеріңізбен бүгінгі сабағымыз жетістікке жеткізеді деп ойлаймын.
Қазір мына жерде тұрған үш түрлі стикерлер бойынша топқа бөлінейік.
« Танысу» жаттығуы
Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
Олай болса әрқайсымыз өзіңіздің есіміңізге сын есім қосып өз бойыңыздағы үш қасиетті кезекпен айтып шығыңыз.
Психологиялық минут. Бүгінгі сабаққа қандай көңіл күймен келдіңіз? Табиғаттағы ауа - райын сипаттай отырып өз көңіл күйімізді айтамыз. Қалғандарымыздың көңіл күйіміз жақсы болса, бір - бірімізге қарап жымиямыз.
Ой жинақтау
1тапсырма
Отбасы дегеніміз не?
Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның заңды неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
23 549
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасым – бақыт мекенім
Отбасым – бақыт мекенім
Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
Шығарма: Отбасы бақыты
Шығарма: Отбасы бақыты
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
Отбасы құндылығы
Отбасы құндылығы
Ата - ана және бала қарым - қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
Отбасым – алтын діңгегім!
Отбасым – алтын діңгегім!
Ақшұқыр мектеп – лицейінің мұғалімі Нуржанова Гульден
Отбасылық мерекелер
Отбасылық мерекелер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Отбасы - өмір аясы
Отбасы - өмір аясы
Байқоңыр қаласы, №2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін орта мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×