Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы құндылығы

25 қазан 2019, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Отбасы құндылығы
Мақсаты: 1. Білімділік «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету.
2. Дамытушылық. Ата - ана және бала қарым - қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
3. Тәрбиелік Отбасы тәрбиесінің мән - маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Әдістері: Пікір алмасу, психологиялық жаттығулар, психологиялық минут, анкета, сұрақ – жауап, тыныштық сәті.
Қажетті құрал - жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, отбасылық құндылық ағашы. Слайд.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар және ата - аналар! Бүгінгі тренинг сабаққа келгендеріңізге алғысымды білдіремін. Сіздердің көмектеріңізбен бүгінгі сабағымыз жетістікке жеткізеді деп ойлаймын.
Қазір мына жерде тұрған үш түрлі стикерлер бойынша топқа бөлінейік.
« Жылы сөз» жаттығуы Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Олай болса әрқайсымыз өзіңіздің есіміңізге сын есім қосып өз бойыңыздағы үш қасиетті кезекпен айтып шығыңыз.

Психологиялық минут. Бүгінгі сабаққа қандай көңіл күймен келдіңдер? Табиғаттағы ауа - райын сипаттай отырып өз көңіл күйімізді айтамыз. Қалғандарымыздың көңіл күйіміз жақсы болса, бір - бірімізге қарап жымиямыз.

Ой жинақтау
1-тапсырма
Отбасы дегеніміз не?
Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның заңды неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.
Енді осы тақырыптағы мақал - мәтелдерге кезек берейік.
1 - оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.
2 - оқушы: Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.
3 - оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
4 - оқушы: Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры.
5 - оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.
6 - оқушы: Ата - бәйтерек, бала – жапырақ.
7 - оқушы: Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
8 - оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.
9 - оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
10 - оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.
11 - оқушы: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.
12 - оқушы: Ағайын – алтау, ана – біреу.
13 - оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.
14 - оқушы: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.
Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан ұядан –
Өле - өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер - білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы, жаман болса, бала - солардан».

«Қымбат машина» әңгімесі
«Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа сатып алдым»- дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат, Қанат, Мұса қоршап алды.
- Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі.
- Келші көрейік...
Бере тұршы жүре ме екен?
- Қандай әдемі, кел. ойнайық.
Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды. Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып, жүгіріп қастарына келді.
- Мен де ойнайыншы.
- Ал, балалар болса үндемей, ойындарын жалғастыра берді.»

Сұрақтар:
1. Әңгімеден не түсіндіңіздер?
2. Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?
3. Аман кінәлі ме?
4. Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?
Келіңдер, пікір алысайық
1 Отбасы – тәрбие бастауы
2 Қазақ халқының қай салт - дәстүрлері сіздің отбасыңызда сақталған
3 Ұят - адам қасиетін бағалайтын сезім
4 Ұл - ол әке мұрагері ғана емес, ол ұлт болашағы. Отбасындағы ер адамға көзқарас
5 Шешесін көріп - қызын ал, Ыдысын көріп – асын іш.
6 Отбасындағы кітап, газет – журнал оқу. Білімді сатып алуға бола ма?

Қорытынды
Барлық өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке, қайрымдылық – қатігездікке, адалдық – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік.
58 223
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Отбасым – бақыт мекенім
Отбасым – бақыт мекенім
Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым - қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
Отбасым – алтын діңгегім!
Отбасым – алтын діңгегім!
Ақшұқыр мектеп – лицейінің мұғалімі Нуржанова Гульден
Өнеге отбасынан
Өнеге отбасынан
ШҚО, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы, Благодарное орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Саметекова Жанар Бейсенқызы
Отбасылық мерекелер
Отбасылық мерекелер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Отбасы - өмір аясы
Отбасы - өмір аясы
Байқоңыр қаласы, №2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін орта мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×