Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыр мен сымбат

29 қараша 2015, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзін өзі тану 7 сынып
Тақырып: Сыр мен сымбат
Құндылық: ішкі тыныштық
Қасиеттер: мейірімділік, шыдамдылық, сұлулық
Сабақ мақсаты: адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан – дүниесінің үндестігі, сезім мен ой тазалығы, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:
- оқушыларды адамның ішкі жан дүниесіне үңіле білуге, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету.
- оқушыларды ерік - жігерін, күш - қуатын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту;
- оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге, сыр мен сымбатты бағалай білуге тәрбиелеу.
Ресурстар: үнтаспа, сюжетті суреттер,

Сабақтың барысы:
1) Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену: «Менің жан дүниемнің гүл бағы.»
Терең тыныс алыңыз…Өзіңізді жайлы, қалыпты ұстаңыз. Өзіңізді бақылаңыз. Көз алдыңыз қараңғыланып кетті. Қараңғылық ішінен әдемі өрнектері бар түрлі - түсті қақпа пайда болды. да жарық етіп ашыла кетті. Әрі қарай өтіңіз. Сіз тамаша бақтың ішіндесіз. Алуан түрлі гүлдер тобы сізге қарап, сүйіспеншілікпен иіліп, тербеліп сәлем бергендей болды. Кенет гүлдер тез көбейе бастады, жүздеген, мыңдаған қызылды - жасылды гүлдер жер бетін жауып кетті. Шетімен шегі жоқ.
Самал жел таза ауа мен гүлдердің иісін жеткізді. Сізді жеңілдік пен еркіндік, қуаныш сезімі биледі. Гүлдердің ішінен өзіңізге жаны жақын адамдардың бейнесі жымиып, сүйіспеншілікпен қарап тұрған сияқты. Олар кімдер?
Жүріп келе жатып сізді алыстан көз тартып шақырғандай болып тұрған гүлдің өзіңізге жақын, сізге туысқандық байланысы барын сезінесіз. Түсі қандай? Жақындап қараңызшы, ол ешқайсысына ұқсамайды, ерекше және қайталанбайды. Үңіліп қарасаңыз, ол гүлден өз бейнеңізді көресіз. Ол өте әдемі. «Әр гүлдің өз иісі бар, өзіне тән сұлулығы бар екенін ұмытпаңыз!» Өзіңізді бағалай біліңіз. Гүлдер, ағаштар, жемістер бір - біріне еш ұқсамайды, бірақ олар бір жер бетіндегі топыраққа өсіп, тамырын жаяды, оларға бір ғана күнжылуын беріп, шұғыласын шашады.
Маған қосылып іштей қайталаңыз: «Мен - ол - мен». Менде бәрі жеткілікті. Мен өте тамаша адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді.

2) Үй тапсырмасын тексеру. Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

ІІ. Оқу ақпараты:
Өткен сабағымызда ішкі жан сарайы сұлулығы мен сымбат сұлулығы адамға тән құндылықтар болса, бүгінгі сабағымызда қоршаған орта сұлулығын сөз қылмақпыз.
Сұлулық – бұл ең алдымен адам баласына тән сипат, әйтсе де сұлулықты айнала қоршаған ортадан, табиғат тынысынан да кездестіруге болады. Жазиралы кең дала келбетінің тамашасы тұтас бір сұлулықты көрсетіп, желегі жайқалған жасыл ағаштар мен құлпырған гүлдер сұлулығы жүрегіңді қуанышқа бөлейді. Айдын көлде жүзген сұлу аққудың сыңсып салған сазды әуені жүрек қылын шертеді. Еркелеп соққан самал жел де, сол желге тербетілген қайың жапырақтары да сұлу. Осындай сұлулықтың арасында жүрген әрбір адам сұлу. Сол себепті сұлулықты бағалай, аялай білген жөн. Әсемдікке, әдемілікке көрікті де көркем нәрсеге ұмтылған адамның ішкі әлемі де сұлу болады. Халықта «жүзінен нұр тұнған, сөзінен бал тамған деп бекер айтылмаған шығар.

ІІІ. Мәтінмен жұмыс
О. Бөкейдің «Тәңірісі сұлулықтың марал деген…» әңгімесін оқи отырып оқушылар табиғаттағы сұлулықтар туралы өздері әңгімелеу.
Талдау сұрақтары:
- Автор маралдың сұлулығын қалай сипаттайды?
- Сұлулық адамға ғана тән бе?
- Еліктің баласы құралайдың, түйенің баласы ботаның сұлулығы туралы не айтар едіңіздер?
- Табиғат сұлулығы туралы қандай пікір білдіре аласыңдар?

Дәйексөз
Адамның жан дүниесі дүние сұлулығымен, жақсылығымен үндестікте болуы керек, сонда адам рухани да, табиғи да сау болады.
Г. Құрманбай
Ш Қалдаяқовтың «Сыр сұлу» әнін таспада бірге қосылып айтамыз.
Шығармашылық жұмыс
1 - топ «Менің ойымдағы сұлулық» тақырыбына сурет салу
2 - топ «Сұлу Күләш» өлеңін оқи отырып әнші туралы өз ойларын дәптерлеріне жазу.
3 - топ Сахналау «Сұлулықпен сырласу.»

Қорытынды:
Сүйейік табиғатты аялайық
Бізде одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында
Жадырап жас балаша демалайық.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз,- дей келе ортаға жиналып бәріміз бірге Әсет Бейсеуовтің «Алтыным» әнін айтамыз
Үй тапсырмасы.
Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкіл әлемде)
7 239
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұқыпты бала - әдепті бала
Ұқыпты бала - әдепті бала
Оқушыларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік беру арқылы сүйіспеншілік құндылығын ашу.
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
Оқушыларға қоршаған орта, табиғат сұлулығы жөнінде адамның сыртқы ортаға деген қатынасының үндестігі туралы түсінік беру.
Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.
Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.
Тері – адамның ішкі ағзасын қорғап тұратын мүше. Ол арқылы ыстық - суықты сеземіз. Жұмсақ пен қаттыны ажырата аламыз.
Сабырлылық пен ұстамдылық
Сабырлылық пен ұстамдылық
Оқушыларға сабырлық пен ұстамдылықты ұғындыру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Барды қанағат тұту, жалпы адам бақыты туралы түсіндіру. Ішкі тыныштық құндылықтарын дамыта отырып, жақсы азамат болуға дағдыландыру.
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×