Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бақыт құшағында

17 маусым 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Өзiн - өзi тану сабағының жоспары
Тақырып: Бақыт құшағында
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: Қарапайым өмір, асқақ ой, жақсы азамат болу
7 сынып
Сабақ мақсаты: «Бақыт» туралы түсініктерін кеңейтіп, ішкі тыныштық құндылығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Барды қанағат тұту, жалпы адам бақыты туралы түсіндіру.
2. Ішкі тыныштық құндылықтарын дамыта отырып, жақсы азамат болуға дағдыландыру.
3. Өмірді бағалай алуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
2. Үй тапсырмасын тексеру. 8 сабақтағы Қ. Толыбаевтың «Бақытқа апарар жол» әңгімесін оқып келу.
Сұрақтар
- Шәкірттер ұстаздан не туралы айтып беруді ұсынды?
- Бақыт туралы ұстаз қандай ой айтты?
- Бақытқа жету үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

3. Дәйексөз.
Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңдер.
Бақыттың мәні парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез құлқын, іс - әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.
Әл - Фараби

1. Әңгімелеу. «Бақытты адамның көйлегі» ертегі
Сұрақтар
- Патшаның мазасын алған қандай ой еді?
- Неліктен уәзірлер бақытты адамды таба алмады деп ойлайсыңдар?
- Бақытты болу дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
2. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлініп, «Бақытты, балалық бал дәурен» тақырыбында коллаж жасап, қорғайды.
3. Топпен ән айту.
Бақыт құшағында
Мұғалімі: Байдилдаева М.
Бақыт құшағында. жүктеу
1 872
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ар – намыс керек адамға
Ар – намыс керек адамға
Оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу, әділеттілік, жақсы азамат болу.
Мен бақытты баламын
Мен бақытты баламын
- Балалар! Қалай ойлайсыңдар, «бақытты бала» деп кімді айта аламыз?- Дұрыс айтасыңдар! Өз отбасы, достары бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп айтамыз.
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - анаға деген сүйіспеншілік сезіміне ата - ананы құрмет тұтуға үйрету; Ата – ананы қадірлеу, ардақтау, ата - ананың үмітін ақтауға баулу;
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рахаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру.
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Бақыттың мәні - парасаттылықта, әр кісінің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, Нарын орта мектебінің «Өзін - өзі тану» пәнінің мұғалімі Қ. Қанатова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×