Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептен озбайық

Өзін - өзі тану пәнінің сабақ жоспары
6 сынып
Тақырыбы: Әдептен озбайық
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: Ризашылық, қамқорлық, еңбекқорлық
Сабақ мақсаты: Оқушыларға әдептілік туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мінін ашу.
Міндеттері:
Білімділігі: Әдептілік, ризашылық ұғымы туралы түсінік беру
Дамытушылығы: Оқушыларды әдепті, ибалы болуға үйрете отырып, қамқорлық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ризашылыққа, қамқорлыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
1. Ұйымдастыру. Сәлеметсіздер ме оқушылар. Сыныпты түгендеу.
5 - Т ережесін қайталау
Талап
Тәртіп
Тыныштық
Татулық
Тазалық

Тыныштық сәті
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: кең байтақ туған елімізге, барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Тыныштық сәтінен алған әсерлерің?


2. Үй тапсырмасын сұрау
М. Мақатаевтың Көшеде өлеңін айтады 3 - 4 оқушыдан сұрау
Сұрақтар қою
- Ақын адамдар арасындағы қандай ізгі қарым - қатынасты көрсеткісі келген?
- Ізеттілік, ілтипат деген сөздерді қалай тұсінесіңдер?
- Әдепті адамның бойында қандай қасиеттер болады?
- Әдептілік танытқан кездеріңіз болды ма?

3. Дәйексөз:
Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені.
Халық даналығы
- Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Ұлдар екі рет қайталап айтады
Қыздар екі рет хормен айтады
Дәптерлеріне дәйексөзді жазып алады.

4. Әңгімелеу
Екі қасқыр
(Өсиет әңгіме)
Ертеректе қариялар ес біліп қалған немерелеріне аңыз әңгіме, ертегілер айтып беретін болған. Бір күні бір қария өзінің немересіне жанына отырғызып жатып, балам саған Өмір туралы аңыз айтып берейін депті. Адам бойында екі қасқыр болады депті, оның бірі қызғаныш, көреалмаушылық болса, ал екіншісі сабырлылық пен ұстамдылық депті. Ол екеуі өмір бойы бір - бірімен арпалысып өтеді. Сонда немересі: - Ата сонда бұл қасқырдың қайсысы жеңіске жетеді,- деп сұрақ қойыпты.
Атасы сәл ойланып тұрып, сақалын сипап: - сен қайсысын көбірек қоректендірсең сол жеңіске жетеді,- депті.

Сұрақтар қою
- Осы өсиет әңгімеден қандай ой түюге болады?
- Сіздер қай қасиетті бойларыңызға дарытар едіңіздер?
- Өмірде көре алмайтын, қызғаншақ адамдар бола ма?
Бейне ролик
«Адам бойындағы жақсы құндылықтар»

5. Шығармашылық жұмыс
1 - топ. «Әдепті бала - көпке үлгі» тақырыбы бойынша көрініс көрсетеді
2 - топ: «Мен әдепті баламын» тақырыбы бойынша өлең шығарады
3 - топ: әдептілікке байланысты мақал - мәтелдер жазады

6. Топпен ән:
«Мейірімді болайықшы ағайын»
Қ. Маханов

7. Үй тапсырма.
Оқулықтың 34 - бетіндегі «Бір атаның балалары» мәтінін оқып келу
Кері байланыс.
«Мәдениет үйі»
Бұл мәдениет үйін құрастыру үшін қима қағаздарға және гүлдерге сабақтан не түсінгендерін, сабақ ұнады ма, ұнамады ма соны жазады.

8. Соңғы тыныштық сәті.
Сабақтан үйренген жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап қалайық. Сау болыңыздар.

Мектеп: Сам орта мектебі ММ
Мұғалім: Булакбаева Гулсим
Толық нұсқасын жүктеу
2 992
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ұқыпты баламын
Мен ұқыпты баламын
ұқыптылық, өз - өзіне қызмет ету, жағымды әрекет, әдептілік, сыпайылық
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
"Ар - ұждан" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адам туы ар – ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар ұждан тазалығына баулу.
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Перпендикуляр түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын, қасиеттерін пайдаланып есептер шығару және нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба білу арқылы адамның ақыл - ойына, рухани дамуына қатысты маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқаттың құндылық
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Әдептен озбайық
Әдептен озбайық
Астана қаласы, № 53 лицей - мектептің биология және өзін - өзі тану пәні мұғалімі Малгельдинова Қизат Айдарханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×