Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Уақыт пернесі

06 желтоқсан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
10 сынып
Тақырып: Уақыт – мезгіл пернесі
Құндылық: Дұрыс іс - әрекет
Қасиеттер: еңбекқорлық, қамқорлық, ризашылық

Мақсаты: Оқушыларға «Уақыт» ұғымын түсіндіру арқылы
«дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. ( 5«Т»сақтау)
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіз нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын да таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін тек жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: біздің «Бөбек» орталығына, біздің гимназияға, барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат, және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Енді жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! Ескерту

2. Топқа бөлу: Оқушыларды фото суреттер арқылы топқа бөлеміз. балалық шақ, жеткіншек шақ, жасөспірімдік шақ.
3. Үй тапсырмасын тексеру
Ә. Нұршайықовтың естеліктерінен алынған үзінді.
1. Мәтіннен өзіңізге қандай ой түйдіңіз?
2. Өзіңіз уақытыңыздың көбін неге арнап жүрсіз?
3. Өзіңіз уақытыңыздың тиімді өткізіп жүрмін деп ойлайсыз ба?
4. Дәйексөз.
«Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені»
Мақал
Ұлдар 2 - рет, қыздар 2 - рет, бәрі бірге қайталайды
Оқушылар мақалдың мағынасын қалай түсiнетiндерiңдi айтып береді, дәптерлеріне жазып алады.
5. Әңгiмелеу
Мұғалім сыйы.
Уақыт туралы өсиет әңгіме
Бір дана бос құмыраны алып, таспен толтырады. Шәкірттерін жинап, оларға: - Құмыра толы ма? - деп сұрақ қояды. Шәкірттері: - Иә, - деп жауап береді. Дана бұршақ толы банканы алып, түгелдей құмыраға құяды. Бұршақ тас арасындағы бос жерді толтырды. Сонда дана: - Енді толы ма? - деп сұрайды. Шәкірттері бас изеді. Бұл жолы дана құм толып тұрған қорапты алып, құмыраға құйды. Құм бұршақ пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді толтырды. Дана шәкірттерінен тағы сұрап, «иә» деген жауап алды. Сонда дана суға толы кесені алып, құмыраға құйды. Шәкірттері мұны көріп, күлді. Дана сонда былай дейді: - Сендерге айтайын дегенім, құмыра — біздің өміріміз. Тас — өміріміздің басты бөліктері: балалар, отбасы, достар, денсаулық. Бұршақ — бізге қуаныш сыйлайтын дүние, бірақ ең маңызды нәрсе емес, яғни үй, жұмыс, көлік, бағалы заттар, т. б. Құм — кез келген адам өмірінде бар ұсақ - түйек нәрселер. Егер басында құмыраны құмға толтырсаңыз, бұршақ түгілі тасқа да орын қалмайды. Өмірде де солай: ұсақ - түйекке уақыт жұмсасаң, бастысына уақытың жетпейді...

6. Шығармашылық іс - әрекет, топтық жұмыс.
А. Файзуллинаның «Уақыттың жаулары» топ болып талдау.
1 топ «Балалық шақ» Түсініксіз мақсаттар; Тыңдай білмеу; «Жоқ»деп айта алмау; Асығыс шешімдер;
ІІ топ «Жеткіншек шақ» Бәрін бірдей орындауға ұмтылу; Ұмытшақтық; Толық ақпараттың болмауы;
ІІІ топқа «Жасөспірімдік шақ» Өзіндік тәртіптің жоқтығы; Жоспарлай білмеу; Тосын шешімдер; Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу;

7. Үй тапсырма: Өзіңді алдайсың ба? Сауалнама құрастыру.
8. Топпен ән айту.
Уақыт - Тоқтар мен Бейбіт
Мәңгі уақыт келмесіне жылдар, жылдар жылжып барады
Сансыз арман елесіне жанардан жас тамады
Күндер айлар зырылдайды ұшқыр уақыт жетпейді деп
Жаным ау шырылдайды уақыт солай өтеді деп
қайырмасы:
Уақыт деген жүйрік қалай өмір деген сараң
Жылдар өтер әлі талай талай
Қанат қағып талмай үміттерді жалғай
Неткен жүйрік уақыт өмір деген солай
Уақыт деген қалай жаным солай

Сүйіп өту өз өмірін оның өзі бір бақыт
Сарқылмасын ән өмірін тоқтамасын уақыт
Бұл бақыттың әні қалай жатқан жанда жұбатып
Шаттануға әлі талай керек бізге уақыт
қайырмасы:
Уақыт деген жүйрік қалай өмір деген сараң
Жылдар өтер әлі талай талай
Қанат қағып талмай үміттерді жалғай
Неткен жүйрік уақыт өмір деген солай
Уақыт деген қалай жаным солай

7. Соңғы тыныштық сәті.
Балалар, бүгінгі сабақта алған ойларды жүрегімізге түйейік. Сабақ аяқталды, сіздерге рахмет!
Сау болыңыздар!

«Бейнеу лицейі»КММ
Бейнеу ауданы педагог психолог және
өзін - өзі тану пәні мұғалімі Алдабергенова К.
2 145
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ұқыпты баламын
Мен ұқыпты баламын
ұқыптылық, өз - өзіне қызмет ету, жағымды әрекет, әдептілік, сыпайылық
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
"Ар - ұждан" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адам туы ар – ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар ұждан тазалығына баулу.
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Перпендикуляр түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын, қасиеттерін пайдаланып есептер шығару және нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба білу арқылы адамның ақыл - ойына, рухани дамуына қатысты маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқаттың құндылық
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Жaқcылық жан - жaдыpaтaды
Жaқcылық жан - жaдыpaтaды
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×