Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам еңбекпен шыңдалады

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
5 сынып
Тақырыбы: Адам еңбекпен шыңдалады
Мақсаты:- оқушыларға еңбектің керектілігі туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру;
Міндеттері:
- оқушыларға еңбектің маңыздылығы туралы түсінік беру;
- оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
- еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу;
Шаттық шеңбері:
Күлімдеп күн бүгін, қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін, қарады саған да.
Шуағын төгіп тұр, маған да, саған да
Ойланайық, пікірлесейік!
- « Еңбек», «Еңбексүйгіш», деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
- Қандай адамды еңбекқор дейміз?
- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
- Еңбекпен адам шыңдалады дегенді қалай түсінесіңдер?
Мәтінді оқу. « Еңбек жемісі» Б. Әділ.
- Еңбек барысында балалардың қандай қасиеттері байқалды?
- Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді?
- Еңбектің жемісін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар?
Дәйек сөзбен жұмыс істеу:
Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді. Л. Н. Толстой.
- Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Сахналау: оқулықтың 62 - 63 беті.
Балаға қандай кеңес берер едіңдер?
Жаңа ақпарат:
Еңбек – адамның рухани және дене күшін жұмылдыру арқылы, өзіне дейін жасалған тәжірибені пайдаланып, тиісті құрал - саймандар мен жұмыс тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс - қимыл процесі.
Адамшылық қасиеттер, соның ішінде еңбек этикасы туралы әлем даналарының ой - пікірлерін толықтыра әрі тереңдете түсіп, өз тарапынан тың жаңалықтар ашқан, сөйтіп, жүйелі ілім жасаған кемеңгер Абай:
Бақпен асқан патшадан,
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық,- деп, еңбектің адамның табиғи қажеті екенін асқан көрегендікпен тамаша тұжырымдап берді. Қазақ ақыны айтқан бұл ойдың еңбектің адам өміріндегі атқарған рөлі жайында әлемге аян беделді ғылыми зерттеу жазған Ф. Энгельстің: «Еңбек -... адамның бүкіл өмірінің негізгі шарты. Адамды адам еткен - еңбек», - деген дүние жүзі мойындаған классикалық ғылыми тұжырымымен ұқсастығы қайран қалдырады әрі сүйсіндіреді.
Демек, адамның адам болуында еңбек шешуші рөл атқарған
Ерінбей еңбек ету адамның мақсатына жетуіне көмектеседі.
Табандылықпен еңбек ету адамның өмірін көркейтеді және адамның өзіне, өзгелерге қуаныш, бақыт әкеледі.
Назар аударыңыз!
Ғасыр ғибраты хабарында Мырзагелді Кемелдің «Ақыл қалта» кітабынан. Әлем ойшылдарының еңбекке байланысты тұлғамды ойлары.(үнтаспадан тыңдалады!
Таныс болыңыз! Біздің ауылдың еңбек майталмандары (ауылдың еңбек ардагерлерінің өмір жолы таныстырылады)
Сурет арқылы ойтолғау. Слайд арқылы суреттер көрсетіледі, сол арқылы ойларын жеткізеді.
Тапсырма: Даналық сөздерді оқып. Еңбектің маңыздылығы жөнінде ой түйіндеңдер.
Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап. А. Құнанбаев.
Еңбегі жоққа - бақыт жоқ. А. П Чехов.
Жұмыс менің бірінші рақатым. В. Моцарт.
Жаның жай тапсын десең - еңбектен. Ж. Ж. Руссо.
Жүректен жүрекке:
- Білім терең теңіз бе,
Білім, еңбек егіз бе?
Осы екеуі деңіз де,-
Рухани азығым -
Дейді атам,- білімді
Еңбекпенен сен ізде! Е. Шайхыұлы.

Болайықшы осындай. Сөзі мен әні – А. Меңжанованікі.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Жақсы көрер бар адам.
Еңбекшіл осындай
Болайықшы, досым - ай!
Таза бала мұнтаздай
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 281
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек – ер атандырады
Еңбек – ер атандырады
Еңбектің түрлерін, еңбек етуге, еңбектің наны тәтті екенін түсіндіру.
Еңбек түбі - береке
Еңбек түбі - береке
Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 2О қадам жолдауымен таныстыру, тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру. Оқушыларға бүгін де еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз үшін
Еңбек - бәрін де жеңбек
Еңбек - бәрін де жеңбек
Балаларды еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. Еңбек етуге деген қызығушылықтарын, ой - қиялын, тілдерін дамыту.
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекқорлық пен еріншектік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Достанова Рая Жеңісқызы
Адам еңбекпен шыңдалады
Адам еңбекпен шыңдалады
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің өзін - өзі тану пән мұғалімі Ерманова Сымбат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×